Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Екі рет туған егіз қыз

  • © novorozhdennyj.ru

    © novorozhdennyj.ru

Бұл оқиға Америка штаттарының бірінде болған екен. Отбасын құрған жас жұбайлар үш жылдай перзент сүйе алмай жүреді. Дәрігерлер олардың екуінің де денсаулықтарында кінәрат жоқ екенін айтады.


Алайда жас келіншек бала көтере алмайды. Содан ерлі-зайыптылар шіркеуге барып, Құдайдан тілейді. Бұл олардың шіркеуге алғаш келуі еді. Жас жұбайлардың сиынып жатқанын сырттай бақылап тұрған шіркеу қызметкері олардың қасына келіп, жағдай сұрасады. Мән жайды білген соң шіркеу қызметкері оларға қалай сиыну керектігін көрсетіп, олармен қатар тұрып, жас жұбайларға перзент беруді ол да Құдайдан тілейді.


Араға көп уақыт салмай-ақ келіншек жүкті болады. Сөйтіп жас жұбайлар төрт жыл дегенде перзентті болады. Келіншек дүниеге егіз қыз әкеледі. Құдайдан тілеп алған соң, жас келіншек бар уақытын соларға арнайды. Егіз қыздар ширақ болып өседі. Қыздары мектеп жасына келгенше анасы жұмыс істемей, соларда бағып-күтуді ұйғарады. Егіз қыз дүниеге келген соң шаңырақта үнемі шат күлкі есітілетін. Жас жұбайлар егіз қыздарымен балаша ойнайтын. Бар бос уақыттарын соларға арнайды. Күйеуі жұмыста болғанда, анасы олардың қасынан бір елі ұзап шықпайды. Бір шаруамен дүкенге барса да, оларды қасынан тастамай ертіп жүреді.


Солай уақыт жылжып жатады. Егіз қыз төрт жасқа толады. Анасы оларға туған күніне сыйлық сатып алу үшін дүкенге бармақ болады. Бұған дейін анасымен дүкенге баруды ұнататын қыздар бұл жолы барғылары келмейді. Анасына «бармай-ақ қояйықшы» деп қиылады. Бірақ анасы оларды туған күнінде сыйлықсыз қалдыра алмайтынын айтып, дүкенге баруға көндіреді.


Көлік дүкеннің қарсы бетіне тоқтайды. Әдетте анасы екеуін екі жағында ұстайтын. Бұл жолы үшеуі бір-бірінің қолынан ұстап, тізбектеліп жүреді. Жолды қиып өте бергенде қыздардың бірі қолындағы затын жол үстіне түсіріп алып, бөгеледі. Сыңары соны күтіп тоқтап қалады. Сол сәтте мас жүргізуші екі қызды көлігімен қағып кетеді. Егіз қыз оқиға орнында мерт болады.


Сол оқиғадан кейін әйел қатты күйзеліске түседі. Алты ай емханада жатып, емделіп шығады. Бірақ қыздарын бір сәтке есінін шығара алмаған ананың денсаулығы сыр беріп, жиі-жиі ауруханаға жатып қала береді. Бірде күйеуі әйеліне «шіркеуге барып Құдайдан тілек тілейік» дейді. Әйелі күйеуінің бұл сөзін құп алады. Сиынып жылап тұрған келіншектің қасына шіркеу қызметкері келіп, басу айтып, екі жылға жетпей Жаратушы дәл сондай егіз қыз беретінін айтады. Ерлі зайыптылар оның айтқанын көңіл жұбату үшін айтылған сөз ғой деп қабыдайды. Алайда арада жыл өткенде әйел аяғы ауыр екенін сезеді. Сонда барып шіркеу қызметкері сөзінің тек емес екеніне көздері жетеді.


Құдайдың құдіретімен келіншектің құрсағында тағы да егіз қыз пайда болады. Алғашқы егіз қыз қайтыс болған соң арада дәл төрт жыл өткенде, дүниеге тағы егіз қыз келеді. Ерлі-зайыптылардың қуанышында шек болмайды. Оларды да қасынан бір елі шығармай, мәпелеп өсіреді. Қыздар төрт жасқа толғанда, анасы оларды дүкенге ертіп апарып, туған күндеріне сыйлық әпермек болады. Үйіне такси шақыртып, үшеуі дүкенге аттанады. Такси дүкенге қарама-қарсы тоқтайды. Жолда ешқандай көлік көрінбеген соң, анасы екі қызын екі жағына ұстап, жолдан кесіп өтпек болады. Анасының аяғы жол жиегіне тигенде, екі қыз екі қолынан кейін тартып, «анашым, біз тағы да өлгіміз келмейді» деп айғайлайды. Мына сөздерді естігенде анасы тұрған орнында қатып қалады. Сол сәтте жолдан үлкен жылдамдықпен жүк көлігі зу етіп өте шығады.


(Мақала орыс тілінен аударылған)

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2075    Пікірлер: 0

жұма, 03.08.2018, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31