Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Елес қонақ...

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Әжеміз арқасы бар кісі еді. Басқаларға көрінбейтін «параллель әлем» оны еш таңғалдырмайтын. «Кеше анау бәлені (өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыз не жайлы екенін) көрдім» деп міз бақпай айтып отыратын. Бізге де бәрі қызық қой. Жанын қоймай қорықсақ та елестер, жын-пері жайлы көргенін, естігенін айтуын сұрайтынбыз. Ақыры көндіреміз-ау, шуылдап жатып. Сөйтіп әжеміз әңгімесін бастап кететін, әңгімелерінің эффектісі жақсы болсын деп шамдарды өшіріп тастайтынымыз да бар:


«Жас кезім еді. Қойлы ауылдың қыстағында тұрып жаттық. Қақаған қара суық өң бойыңнан өтеді. Киіз үйдің керегелерін қалыңдап жауып, тамақ ішуге отырған кезімізде, сырттан бір дыбысты естідік. Әкем қомыт-қомыт киімін киіп, аяңдап далаға бет алды. Тысқа шықса, қақаған қыстың суығында үстінде жұп-жұқа киім киген бір кісі тұр екен. Әкем оны қатты аяп кетті, жүгіріп үйге кіргізді. Бірақ бір қызығы ол кісінің жүзі жаураған адамға ұқсамайды. Жайбарақат төрге шықты да, отыра кетті. Шешеміз әуреге түсіп, қонақтың қамын жасап, отты лапылдатып жағып жатыр. Әкем үстіндегі шапанын қонақтың үстіне жауып әлек. Әлгі кісі көп сөйлемейді екен. Астында не аты жоқ, киімі болса жұп-жұқа, қайдан келе жатқанын, қайда жол тартқанын да айтпады. Бір-екі шыны шайдан ішіп алып, отырған жерінде қисайып ұйқыға кетті. Шаршаған екен деген оймен, төсек салып мазасын алмай, үстіне көрпе жаба салды шешем.


Түнімен жауған қар тізеден басып қалыпты. Бұл биылдыққа жауған алғашқы қар еді. Киіз үйдің есігін жауып қалғандықтан, есігін әкем әзер ашты. Түндегі қонағымыз ұйқысынан тұрып, үй иелеріне ризалығын білдірді де, шайға қарамастан кетуге жиналды. Қоштаспастан сыртқа атып шығып кетті. Шешем үлкен сандығында әкемнің киілмеген бір қалың шапаны бар еді. Соны кісіге кигізіп жібермек болып, сандықтың үстіндегі көрпелерді әкеме түсіртіп жатқан.Сыртқа шығып қарасам жаңағы кісі жоқ, жердің астына кіріп кеткендей. Өздерінше әуреге түсіп жытқан әкеме барып қонақтың кетіп қалғанын айттым. Айналада бір де бір үй, бір де бір тал-терек жоқ еді. 2-3 минуттың ішінде көзден ғайып болған қонақтың артынан шықсақ, есіктің алдында 5-6 метр жерге дейін із бар, ары қарай теп-тегіс қар, із басылмаған. Бұны көрген біз жағамызды ұстадық. «Пері кезіп жүреді» деген осы шығар деді сонда әкем.


Дәл осы жеріне келгенде өңкей шөбере бір-бірімізге тақалысып, көзіміз бақырайып отырушы едік


(Тақырыбы өзгертілген. Өз тақырыбы - «Пері»)


massaget.kz 




Көрілген: 1705    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.05.2018, 10:41

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
20 Мамыр, 17:01
Күн мінажатханасы
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31