Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Елсіз далады атама дастархан жайған "келіншек"...

  • © azbyka.kz

    © azbyka.kz

Атамыз Шәуен 1991 жылы қой бағып жүріп қайтыс болды. Жауын-шашынды күні жай түсіп, ол кісі тіл тартпай кеткені есімізде.


Өмір бойы жылқы баққан атам өмірінің соңғы жылдары қарап отырмады. Айына бір келетін қойдың кезегін өзі атқарып келетін. Біз барайықшы десек те ертпейтіні жадымда жақсы сақталыпты. Шәуата (бәріміз ол кісіні солай атайтынбыз) соғыстан кейін жылқы бағуға кіріскен екен. Жаз демей, қыс демей аттың үстінде колхоздың жылқысын бағып өтті.


Бірде жаздың күні жылқы Семейдің Курчатов қаласы жағына қарай ұзап кетеді. Нақты қай жерде жүргенін білмей атам біраз дала кезіп, ойға да қырға да шауып әбігерге түседі. Шамамен, алпысыншы жылдардың басы болса керек. Павлодардың Май ауданы аумағын атпен шолып, 2-3 күн бойы далада болады. Әбден шаршап, қарны ашып ауылға қарай түнделетіп келе жатса Баянауылдан 80 шақырым жердегі Ақшиман аулына таман өзен жағасында тігілген жалғыз ақ шаңқай киіз үйді көзі шалады. Алдында от жағылып, қазан көтеріліп жатады. Қазан-ошақ маңында ас қамдап жүрген әлдекімнің бейнесі көзге шалыныпты. Бұлар кім болды екен, қойшылар жайлауы алыста еді ғой деп, не болса соға кетуді жөн көреді. Таяп келсе, ақ құба келіншек шай қамдап жүріпті. Атамды көзі шалып, аттан түсіп, төрге шығуын сұрап, ілтипат көрсетеді. Әбден шаршап келе жатқан аттан түскен атам киіз үйге кіріп, малдас құрып отыра кетеді.


Шаймен бірге бауырсақ әкелген келіншек сондай кішіпейіл екен. Атам шай ішпес бұрын, «бисмиллах» деп бауырсақты екіге айырып жібергенде, о, тоба... Бауырсақ көз алдында құмалаққа айналып шыға келіпті. Көзін ашып, айналасына анықтап қараса, өзен жағасында өзі жалғыз күбірлеп отыр дейді. Киіз үй, ас қамдап жүрген келіншек зым-зия жоғалған. Аты маңында оттап жүр. Тілін кәлимаға келтіріп үлгерген Шәуата атына міне салып, ауыл қайдасың деп тартып отырыпты.


Біразға дейін тіс жармай жүрсе керек. Кейін Самарқанда білім алған Бақыр молда ауылға келгенде бәрін баяндап беріпті. Сонда ол кісі: «Бауырсақты жемегенін дұрыс болған. Ол көзіңе көрінген шайтан» депті. Атам да анау-мынауға қорқа қоймайтын кісі. Оның айтқанына сенгенімен, үнсіз қоя салады...


Автор: Ағнұр ШӘУЕНТЕГІ, Екібастұз қаласы

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 2423    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.08.2017, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30