Емші деп жүргеніміз алаяқ болып шықты...

Емші деп жүргеніміз алаяқ болып шықты...

1998 жылы Семейге емші келді. Шыққан жағы Оңтүстік Қазақстан облысынан болса керек. Саудың жолын ашады, жатқанды тұрғызады, жүрмейтінді жүргізеді дейтін жарнамасы шығыстың әр ауылына тарап жатты. Біздің ауылдағы денсаулығының ақауы бар, ем қонбай жүргендердің бірлі-жарымы оған барып қайтуға тәуекел етті.

Ол кезде мектепте оқимын. Нағашым белінің шойрылмасы ұстап, көбіне төсектен тұра алмай, таяқпен жүруші еді. Ем қонса деген ниетпен ол да Жармадан Семейге аттанды. Емшіге деп бір қойды көліктің жүксалғышына жайғастырды.

Сол жолы емшіге барғанымен қабылдауына келген адам көп болыпты. Содан нағашым кезегі келгенше күтеді. Емшінің арнайы қонақтар үшін бөлмесі бар екен. Сонда жатып, апарған қойын емшіге алдын ала беріп тастайды. Өкініштісі сол кезегі келгенде емші дереу қарап, ұшықтап кейін қайтарыпты. Келесі сеанс пәлен уақытта деген соң, берген дәрі шөбін сатып алып, ауылға келген соң қайнатып ішіп жүрді. Алайда одан оңалып кеткен нағашым болмады. Екінші барғанында емші сиыр сұраған екен. Денімнің саулығы үшін барым садағам деп нағашы жұрт салмағы кір сындыратын өгізшені алып барды. Өгізге сай ем жасайды деген емшіміз әлгі туысымыздың арқасына қаздың майын жағын ұшықтаған болып, белін уқалапты. Содан кейін алдараспанмен аластап, он күнде тік жүріп кетесің деп тағы да дәрі шөпті ұстатып кері қайтарыпты. Ағам ем қонады деп мәз болып оралғаны есімде. Бірақ әлгі емшіге барған жұрттың ішінен сауығып кеткендерін көрмедік. Нағашы ағайым шөпті қайнатып ішіп, арқасына қаздың майын сылап жаққанымен еңкейген күйі таяғын тастаған жоқ. Ем үшін берілген қой мен өгіздің дауасы қонатын күн алыс емес деп өзін жұбатып жүрді. Дорба толы шөпті қанша ішкенімен қапшықтың түбі көрінетін емес.

Мәселенің мәнісі кейін белгілі болды. Семейде медициналық университетте оқитын бөлем жазғы каникулда ауылға оралған. Көрші-қолаң, жақын-жұрағаттан ауырғандары біреу болса бөле әпкем Айсұлуға келіп, кеңес сұрайды. Екпе салдыратындары бар. Айсұлу ауылға келісімен көп ұзамай міндетіне кірісіп кетті. Нағашымның ауырғанынан хабардар болғанымен, не істеп жүргенін білмейтін. Ішіп жүрген дәрісін көріп, күлкіден өлермен болғаны жадымда сақталып сақталып қалыпты. Сөйтсек, нағашыма дәрі деп берген шөбі өзіміздің ауылда өсетін қарапайым зиянсыз шөптер екен. Оны қайнатып ішіп жүрген ағамның сондағы қиялданғанын көрсеңіз... Бүйткенін білгенімде сол жерде өлтіретін едім деп кіжініп қояды.

Емшінің құпиясы кейін белгілі болды. Аңқау елге арамза молда демекші, ел арасында осылай емдеген болып, қалтасын қағып, барын алып жүрген алаяқ екен. Сол кезде Семейдің маңындағы бірақ кісі әлгі емшісымаққа алданып, сан соғып қалған екен. Онысын емші аттанған соң білген. Арада біраз уақыт өткенде телеарнадан халықты алдап, алаяқтық жолмен ақша тауып жүрген адам жайлы көрсеткен еді. Соны көріп отырған әлгі туысымыз оны бірден танып, өзін емдеген емші екенін айтты. Сөйтсек, ол тек Семей жағында емес, Алматы облысы аумағында да біраз адамның аузын аңқитып кетіпті.

Белі шойрылған нағашым кейін дәрігердің көмегімен жазылып кетті. Көпке дейін емшіге алданып, аузы күйгенін жақындарымыз арасында еске алып, әзілдеп жүрді.

Марғабыл ӘКІМБЕКҰЛЫ,Семей қаласы
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста