Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ер адам жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын айтып берді

  • Ер адам жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын айтып берді

    Ер адам жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын айтып берді

 Ақтөбе тұрғыны отбасымен бірге жын жайлаған үйден қалай қашып құтылғанын «Тілшіге» айтып берді. Қаланың іргесіндегі ауылдардың бірінде тұрған ол үнемі отбасы мүшелерінің мазасы қашып жүргенін жеткізді.


 


«Рас, тұрған үйіміз ескі болды. Біз оны жалдап тұрдық. Бізбен бірге тұратын студент құда баламыз үйге кіруден шошып, үлкендер келгенше далада күтіп отырған. Сөйтсек, үйдің ішінде оны бір елес мазалайтын болса керек. Тағы бірде, сырттағы әжетхананың жанынан кішкентай баласы бар әйел бейнесі кетпей қойды. Өз үйімізден өзіміз қорқа бастадық», — деді жасы 20-21 жас шамасындағы ақтөбелік.


Аты-жөнін көрсетпеуді өтінген ол ата-анасымен бірге ауылға көшіп кеткенін айтады. Көшеде жын кіріп кеткен адамдарды бірден байқайтынын алға тартады. Жасы біразға келген адамдар баланың тілімен сөйлейді. Немесе, дауысы гүжірейіп шығатын үлкен ер азаматтардың әйел дауысымен сандырақтайтын болса керек. «Ондай кезде «ішіне жын кірген екен ғой» деп жүре беретін халге жеттім» дейді тұрғын.


«Ақтөбенің ескі бөлігіндегі үйлердің бірінде де жындар жиі кезігеді. Өз басым студент қыздың бойынан жынды шығардым. Үнемі шыңғырып айқайлап жатады екен. Дем салып, жынын шығарамын. Қасымызда жүрген қыздар мен жігіттер біледі. Жын кірген сәтте олар басқа бөлмелерге қашып кеткен. Ең болмағанда екі-үш жігіт келіп, көмектессе дейсің ғой. Өйткені, бойында жыны бар адам әл бермейді. Анау-мынау ер адамдарды жерге атып ұрады. 4-5 еркек жабылғанда әлдері жетпей жатады», — дейді Ақтөбенің тұрғыны «Тілшіге» берген сұхбатында.


Әлгі бойжеткеннің бойынан жынын шығарып берген соң, жағдайдың қалай болғанын да сұрастырса керек.


«Қыздың айтуынша, көзі көрмей қалады, су қараңғы жерге қара киім киген жындар бірінен соң бірі кіріп, қатарымызға қосыласың деп қорқытатын сияқты. Қол-аяғынан жабылып ұстап алып, сілікпесін шығарады екен. «Әйтпесе, өлтіреміз» деп қылғындырады. Адам сол кезде жан дауысы шығып, айқайлай бастайды. Күші де еселенеді. Менің түсінігімде дем салу — құран сүрелерін оқып, жындарды қайтару. Жындар лас жерде жүреді. Үйде құран болса, оны жоғарыға алып қоюдың қажеті жоқ. Үнемі оқып жүру керек. Жындар құран оқылатын жерде аз болады немесе мүлдем болмайды», — дейді жігіт.


Бүгінде әңгімелесушіміз ауылда баспана жалдап тұрады. Әрдайым қолынан құран тастамай, сүрелер оқып жүретінін айтады.


Марат Төлепберген, «Тілші»


kejixun.com




Көрілген: 3447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31