Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ешкі кейпінде келген шайтан

  • © pravdoiskanie.livejournal.com

    © pravdoiskanie.livejournal.com

Бала кезімізде ауылдың ұсақ малын әр үй кезектесіп өріске айдайтын. Кешке өрістен қайтқанда, кейде бір үйдің малы басқа үйге адасып кетіп қалып жатады. Ондайда иесі іздеп келмесе, мал сол үйде қалады. Ертесінде ауылдың малы қайта қосылғанда өз үйірін тауып жататын. Сондықтан оған қалыпты жағдай ретінде қарайтынбыз. Бірақ бірде біздің үйге адасып келген көк ешкі естен тандыра жаздады. Сол бір оқиғаны баяндап берейін.


Күндегідей кешкі мезгілде мал өрістен келді. Бірақ сол күні біздің үйдің малына бір көк ешкі ере келіпті. Біздің үйде ешкі малы жоқ болатын. Өйткені әкем «кебенек келгір» деп ешкіні ұнатпайтын. Расымен де ешкінің жағымсыз қылығы көп-ақ. Кішкене ғана тесік болса, қорадан шығып кетіп ауладағы ағашты кеміріп тастайды немесе жем қораның есігін ашып кіріп кетеді де жемді шашады. Астаудың ішіне түсіп алады. Шөпті маяның үстіне шығып алып жейді. Жегенінен шашқаны көп. Бір жерге мүйізі қыстырылап қалса, байбалам салып, мазаңды алады. Оған қоса, буаз қойды сүзіп тастауы да мүмкін. Сол қылықтарымен жазықты болған ешкіге біздің қорада орын жоқ еді.


Адасып келген ешкінің де өзге ешкілерден айырмасы жоқ екені белгілі. Ешкі малын ұната бермейтін әкем «иесі табылса алып кетсін» деп, бізді жақын маңдағы көршілерге жүгіртті. Бірақ ешкі жақын маңдағы көршілердікі болмай шықты. Амалсыздан ешкіні сол түні қорада қалдырдық. Кешкі ас ішіп отырғанда бағанағы адасып келген көк ешкінің жағы сенбей қойды. Маңырап, мазамызды алды. «Ана кебенек келгірдің мүйізі қыстырылап қалды-ау, барып босатып келіңдер» деп әкем інім екеумізді жұмсады. Айдың жарығымен қора іші анық көрініп тұр. Қойлар қораның бір бұрышына қарай үйіріліп қалыпты. Біз қораға жақындағанда ешкінің даусы сап тыйылды. Шамасы қойлар бір нәрседен үріккен-ау. Інім қораның үй жақ бетінде қалды да, мен ешкінің қай жерде екенін байқай алмай қораның арғы бетіне қарай, қойлар үйірілген тұсқа бардым. Қойлар неден үрікті екен деп қораға жақын барғанда шошып кеттім. Қораның ішінде адамға ұқсайтын бір түсініксіз құбыжық тұр. Аяқ қолы адам секілді, бірақ басы ешкі. Қорыққаннан айғайлап жылап үйге қарай қаштым. Менің жан дауысым шыққанда-ақ інім үйге жетіп үлгерген екен.


Үйге жеткенімде алдымнан әкем шықты. Қорқыныш пен өксік араласып біраз уақытқа дейін сөйлей алмай отырдым. Өксік басылған соң құбыжық көргенімді айттым. Әкем менің сөзіме сене қойған жоқ. «Қорыққансың ғой. Қорыққанда адамның көзіне әрнәрсе елестейді» деді де, тысқа шығып кетті. Қайтып келген соң көк ешкінің қойлармен бірге қорада тұрғанын айтты. Содан соң «расымен де, қорыққан соң менің көзіме солай көрінген екен ғой» деп ойладым.


Ертесіне әкем екеуміз күндегідей таңертең қойларды ауыл маңындағы кезеккке қосатын жерге айдап бармақ болып шықтық. Қораға барсақ кешегі адасып келген көк ешкі жоқ. Әкемнің де жүзінен таң қалғанын байқап тұрмын. Әкем қораны екі рет айналып шықты. Шамасы қорада тесік бар ма екен деп қарап жүр-ау. «Мына кебенек келгірді жер жұтып кеткен бе?» деп әкем өз-өзімен күбірлеп сөйлеп келеді. «Қойлардың үстіне шығып, қорадан секіріп шығып кеткен шығар» деген ойын дауыстап айтты да қойдың соңынан ерді. Мал қосатын жерге ауыл адамдары бірінен соң бірі келе бастады. Әкем олардың бәрінен «көк ешкі жоғалтқан жоқсыңдар ма?» деп сұрап жатты. Бірақ ешкім ешкі жоғалтпаған болып шықты. Сонда кеше қоймен еріп, біздің үйге келген ешкі кімдікі?


Үйге келген соң әкем шәй үстінде кешегі көк ешкінің таңертең қорада болмай шыққанын, кезекке мал қосатындардың ешқайсысы да ешкі жоғалтпағанын, мұның тек емес екенін айтты. Сонан соң анама мені молдаға апарып дем салдырып келуді тапсырды. Шәй ішіп болған соң анам мені молдаға апарды. Болған жайды айтты. Молда бір ескі кітапты алып ұзақ қарады. Сонан соң «ертең таңертең қорадан мал шығарғанда бір қой бөлектеніп қорада қалып қояды сол қойды құрбандыққа шалыңдар. Етін жеті үйге таратыңдар. Ішек- қарнын ит қазып алмайтындай етіп тереңге көміп тастаңдар» деді. Сонан соң маған дем салып, жарты сағаттай оқыды. Молданың айтуынша, ол ешкі емес, ешкі кейпіне еніп келген шайтан болған.


Расымен де ертеңінде таңертең бір қой бөлініп қорадан шықпай қалды. Молда айтқандай сол қойды сойып, етін жеті үйге тараттық. Терең шұңқыр қазып, ішек-қарынын көміп тастадық. Сол күні түнде түсіме ешкі басты құбыжық кірді. Түсімде: Құбыжық мені сүзбек болады. Сол кезде молда келіп қалды. Ол кітабын алып оқи бастады. Молда дұға оқыған кезде жан даусы шыққан құбыжық алды-артына қарамай қаша жөнелді. Сол дауыстан шошып ояндым. Таң атып қалған екен. Оянған соң түсімді анама айттым. Анам «дер кезінде молдаға оқытқанымыз жақсы болған екен» деді.


Одан кейін ондай жағдайға тап болған емеспін. Бірақ, содан бері жаман түс көрсем де, сол күні молдаға барып оқытып, дем салдырам.


Мұрат Есенбаев, Мақтарал 


alashainasy.kz/




Көрілген: 1527    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31