Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Ескі ғимараттағы естен кетпес оқиға

  • © newgameszon.narod.ru

    © newgameszon.narod.ru

Жас кезімде, жылда жазғы демалыста ата-анам мені ауылға, әжемнің үйіне апарып тастайтын. Соңғы жылда көрші үйдегі Дариямен де дос болып қалғанбыз. Мен барғанда ол қатты қуанып, балаларға «қаладан досым келді» деп мақтанады. Оған мен де марқайып қалатынмын. Екеуміз таңнан кешке дейін қыдырамыз. Суға шомыламыз. Одан қалды ауыл балаларымен жасырынып ойнаймыз. 90-жылдардың басында ауылда бұзылған үйлер мен мекемелердің ғимараттары көп болатын. Көбіне сол ғимараттардың ішіне тығылатынбыз.


Бірде балалармен жасырынып ойнағанда, Дария екеуміз жартылай бұзылған екі қабатты ғимаратқа тығылмақ болдық. Өйткені оның ішіне балалардың біразы кіруге қорқатын. Яғни бізді таба алмайды. Таба алмаса, біз жеңеміз. Алдымен біздің команда тығылатын болды. Біз Дария екеуміз бұзылған ғимаратты бетке алдық. Барсақ есігінде құлып тұр екен. Бірақ ескі құлып бұзылған, құлыптанбайтын болып шықты. Дария құлыпты ашты да екеуміз ішке кірдік. Бірінші қабатта қоқыстан аяқ алып жүру қиын болды. Қоқыстарды шеттеп айналып өтіп екінші қабатқа көтерілетін баспалдаққа бардық. Баспалдақпен көтеріле бергенде ту сыртымыздан біреудің «ей, тоқтаңдар. Қайда барасыңдар?» деген дауысы есітілді. Күзетші шығар деп ойладық. Жан-жағымызға қарадық, бірақ ешкім көрінбеді. Қайтадан баспалдақпен екінші қабатқа көтеріле бергенде «кетіп барасыңдар ма, тоқтаңдар» деген дауыс қайта шықты. Біреудің қарайған көлеңкесі көрінді. Жүрген аяқ дауысы есітілді. Біз жоғары қарай қаша жөнелдік. Екінші қабатқа көтерілгенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адамның көлеңкесі көрінді. Екеуміз қол ұстасып қашып келеміз. Беймәлім бейне соңымыздан қалмай еріп келеді. Бір тұсқа келгенде ашық тұрған есікке кіріп, есікті жауып алдық. Абырой болғанда есікте іштен ілетін ілгек бар екен. Дария тез есіктің ілгегін ілді. Беймәлім адам біз кірген бөлменің тұсына келіп тоқтады. «Мен сендерге тиіспеймін. Еш жамандақ жасамаймын. Қорықпаңдар. Есікті ашыңдар» деген дауысты естігенде одан сайын зәреміз кетті. Біз демімізді ішке жұтып, дыбысымызды шығармай, үнсіз тұра бердік. Сәлден соң байтаныс адам есікті қаға бастады. Ол 5-6 минутқа жалғасты. Бір кезде «жарайды, бүгін сендердің жолдарың болды» деді де, кете барды. Жүрген дыбыс алыстап кеткенге дейін біз демімізді ішке тартып, қозғалмай тұрдық. Әлден уақытта барып ес жиғанда, бөлменің төргі бұрышында отырған 7-8 жасар қызды байқадық. Тоңып отырған кісіше бүрісіп алыпты. Дария ақырын есіктің ілгегін ашты. Мен қыздан «тоңып қалған шығарсың, мында қайдан жүрсің?» деп сұрадым. Ол, салқын үнмен «мен суықты сезбеймін» деді. «Суықты сезбегені қалай, қашаннан бері солай болып жүр» деп сөзге тарттым. Ол «өлгелі бері» дегенде естен тана жаздадым. Қыз сөзін жалғап, «қашыңдар, әйтпесе анау сендерді де өлтіреді» дегенде Дария шыңғырып жіберді. «Қаштық» деп айғайлады да мені бөлмеден дедектетіп сүйреп алып шықты. Екеуміз сол қашқанан алды-артымызға қарамай, үйден бірақ шықтық. Бірге ойын ойнап жүрген балаларды да ұмытып кетіппіз. Әжемді көргенде жылап жібердім. Әжем байғұс «кім тиді?» деп асыты-үстіме түсіп жатыр. Мен өксігімді баса алар емеспін. Әлден уақытта барып өксігімді басып, болған жағдайды айтып бердім.


Әжемнің айтуынша, көктемде сол бұзылған ғимарат ішінде 7-8 жасар қызды белгісіз біреу өлтіріп кеткен екен. Содан кейін базбіреулер сол бұзылған ғимараттан жас баланың жылаған дауысын есітігендерін айтыпты. Кеш болса, ол маңға ешкім жақын бармайды екен. Әжем маған «ол жерге барма» деп ескертуді ұмытыпты. Қайран әжем, көпке дейін ескертпегеніне өзін кінәлі сезініп жүрді. Одан кейін бұзылған үйлерді маңайламайтын болған едік.


Кәмшат, Шығыс Қазақстан облысы  


alashainasy.kz




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.01.2017, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Мамыр, 10:07
    Құбыжық адам (видео)
    24 Мамыр, 08:44
    Айкезбе
    21 Мамыр, 11:07
    Гипноздың құдіреті
    5 Мамыр, 08:49
    Құбыжық бала
    27 Сәуір, 08:45
    Бала жылаған үй
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30