Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Есік қоңырауын басқан елес қыз

  • © pinterest.com

    © pinterest.com

Құрметті «Алаш айнасы» оқырмандары. Мен де өз басымнан өткен, адам сенгісіз оқиғаны жазып отырмын. Алғашында біреу бізді қорқытпақ болып қалжыңдасты ма деп ойлағам. Бірақ елес қыздың бейнесін анық көрдім. Жалғыз мен емес, құрбым да көрген еді. Сол кезде мен институтқа түскен соң Қарағанда қаласының «Майқұдық» мөлтек ауданана көшіп келгенбіз.


Институттың бірінші курсында оқып жүргенде туған күнімді үйде құрбыларыммен атап өтпекші болдым. Туған күнім бейсенбіге тура келді де сол күні туған туыстармен бірге тойладық. Ал құрбылармен сенбі күні кешке бас қосатын болдық. Менің өтінішім бойынша, сенбі күні ата-анам інімді ертіп бір туысымыздың үйіне кетті. Кешке құрбылармен оңаша қалдық. Кеш көңілді өтті. Түнгі 11-лер шамасында құрбыларым үйлеріне қайтты. Ал ең жақын құрбым Айман менің қасымда қалды.


Жолдастарымыз кеткен соң ыдыс-аяқты жуып, үйді тазаладық. Сонан соң біраз теледидар қарап, әңгімелесіп отырдық та, сәлден соң жаттып қалдық. Есік қоңырауының шылдырынан ояндым. Түн ортасы екен. Мұндай уақытта үйге кім келуі мүмкін? Таныс біреулер болса, атымды атап шақырар деп тың тыңдадым. Дауыс есітілмейді. Сәлден соң есіктің қоңырауы қайта шырылдады. Бұл жолы Айман да оянып кетті. Көзін ашар-ашпас Айман «кім ол» деп орнынан тұрып есікке қарай беттеді. Мен айманнан есікті ашпайын сұрадым. Бірақ Айман анау-мынаудан қорқа бермейтін батыл қыз еді. Сол мінезіне салып, сығалап қарамай-ақ есікті ашты. Мен қорқып, төсектен тұрмай жатырмын. Есік ашылған соң тым-тырыс болып қалды. Мен онан сайын қорқып жатырмын. «Айман» дедім. Одан жауап болмады. Енді тіпті үрейлене бастадым. Сәлден соң есіктің сарт етіп жабылғаны естілді. Жалма-жан, реңі ағарып кеткен Айман бөлмеге жүгіріп кірді. «Не болды» деген сұрағыма, дір-дір етіп, тұтығып, дұрыс жауап бере алмады. Ас бөмеден су әкеліп ішкізген соң зорға аптығын басты. Сол кезде есіктің қоңырауы тағы шырылдады.


Бағанадан қорқып отырған менде аяқ асты қандай да бір батылдық пайда болды. «Кім ол?» деп сырт есікке қарай жүрдім. Айман дір-дір етіп, тұтығып «ашпа» дегенге зорға тілі келді. Бірақ мені қандай да бір күш алға жетеледі. Айманға бұрылғам да жоқ. Есіктің көзінен сығаладым. Ешкім көрінбейді. «Кім ол?» деп қайта сұрадым. Тым-тырыс. Есікті аштым. Баспалдақтың алаңқайында 12-13 жасар ақ көйлек киген қыз қырын қарап тұр. Беті көрінбейді. «Сен кімсің? Кім керек?» деп сұрадым. Қыз жауап бермеді. Иығынан тартып өзіме қарай бұрдым. Қыздың беті қаннан көрінбейді. Айқайлайын десем дауысым шықпай, қашайын десем аяғымнан жан кетіп, қозғала алмай, сол орнымда қатып қалдым. Қыз маған қолын созғанда, құлап түстім. Қанша уақыт өткенін білмеймін. Айман келіп көтеріп тұрғызғанда барып есімді жидым. Екеуміз жетектесіп үйге кіріп, есікті тарс жауып алдық. Екеуміз таң атқанша құшақтасып жылаумен болдық. Таң ағарғанда барып ұйықтадық.


Есік қоңырауның шылдырынан ояндым. Сағат 10-нан өткен екен. «Маржан» деген көрші орыс апаның дауысын таныдым. Барып есік аштым. Вера апай екен. «Бәрі дұрыс па? Түн ортасында есіктерің екі рет қатты сартылдап жабылды ғой. Біреу келді ме?» деп сұрады. Біз Вера апайға болған жайды баяндап бердік. Вера апай «е, сендерге де келген екен ғой» деді. Біздің ештең түсінбей отырғанымызды көріп, «сендер көшіп келерден бір жыл бұрын осы үйдің жертөлесінде 12 жасар қызды зорлап, өлтіріп кеткен еді. Қанішер қыздың бетін адам танымастай етіп тілгілеп тастағапты. Шешесінің өзі әрең таныды. Сол қыздың елесі түн ортасында есіктің қоңырауын басады. Алғаш көргенде мен де қатты қорыққам. Көршілерге айтқанымда ешқайсысы сенбеді. Одан кеін де ол қыздың елесі талай келді. Кейін келгенінде есіктен сығалап, «бар жата ғой, менің мазамды алма» деп сөйлесетін болдым. Ол жауап қатпағанмен, түсінген кісіше кетіп қалатын. Сендерге үй сатқан кісілер де содан сескеніп көшіп кетіп еді» деді.


Түске қарай ата-анам келген соң болған жағдайды да, Вера апайдың әңгімесін де толық айтып бердім. Әкем, «ондай болады. Ол елес. Оның адамға зияны жоқ. Одан қорықпа. Ойыңа алма. Ұмытуға тырыс» деді. Көп ұзамай ол үйді сатып қаланың орталығына көшіп кеттік.




Назым, Қарағанды

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1592    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.09.2018, 11:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Желтоқсан, 10:54
    Тірідей жерленген кейуана
    3 Желтоқсан, 10:56
    Сайтан қабір
    29 Қараша, 10:53
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31