Ескексіз қайық...

Ескексіз қайық...

Зәрям екеуміз теңіз портына түс ауа жеттік. Ас ішіп ауқаттанып алған соң, қолтықтаса портты жағалап келеміз. Шет шегі жоқ байтақ даланы алып жатқан судың арғы шеті көрінбейді. Бірін бірі қуған ессіз толқындар көз жетпейтін жерден келіп кері кетіп жатыр. Мен шеткері тұрған шағын кемені көріп, соны жалдап алатынымды айттым.

– Жоқ болмайды… Сіз кеме жалдамайсыз. –Зәрям еркелей мойныма асылды.

– Енді теңізге шықпаймыз ба?

– Шығамыз әрине.

– Онда?

– Менің кемеммен.

– Қой ары, сенде қайдағы кеме… болмаса сумкаңа жел қайық салып алыппа ең?

– Теңізге шығу туралы ұсынысты кім айтты.

– Сен.

– Онда кемені мен таңдаймын.

– Жарайды. Екеуден екеуміз ғанамыз ғой. Үлкен кеменің қажеті шамалы… Иа айтпақшы оны кім басқарады.

– Мен…

– Қой ары.

– Мен теңіздің қызымын.

– Қой, айнам… қалжыңыңа болайын… теңіздің қызы… жаңбырдан қорқама…

– Түсінбейсіз…

– Онда түсіндіре ғой айнам…

– Кеменің үстінде ғана айтамын.

– Онда кеме жалдауға кеттік.

– Менің кемеме.

– Қайда…

– Асықпаңыз кеш кірсін… қыздың сыңғыр-сыңғыр күлкісі жанымды балқытып барады. Қызды теңізге шығудан қорқып тұр деп ойладым. Тіпті теңізге шықпай-ақ қояйық деп шештім.

– Жарайды. Онда қоналқыға бір орын қарастрайық.

– Жоқ анау жағалауға барып толқын қыздарымен – сіңілілеріммен таныстрам сізді.

Мен ешнәрсе аңғарғаным жоқ. Жәй сөз реті солай болар деп Заряның жетегіне ере жөнелдім.

Теңіз жақтан соққан салқын ауаға ол құшырлана бетін тосып әлсін-әлі тұра қалады. Жақын жағалауға келіп әлсіз соғылған толқындардың сылдыры естіледі.

– Сіз судың үнін білесіз бе?

– Иә естіп келемін.

– Не деп жатыр.

– Менен қорықсаңдар үйлерңе қайт дейді…

Сіз білмейсіз… ал мен білемін… олар мені сағынып қалыпты… тез кел деп жатыр.

Біз жағалауға жете табанды күйдірген ып-ыстық құмды кешіп теңіз шетіне іліктік. Сан-мың ұсақ қиыршық құмды жағаға көшіріп қайтадан өзіне қарай тартып әкетіп жатқан толқындарды қызықтап аз-кем аялдадым.

– Келіңіз, сәлемдесіңіз.

– Кіммен.

– Менің ел-жұртыммен… қыз қиыла өтінді. Онысы маған оғаш көрінді.

– Зәри!.. – біз жолға аттанғаннан бастап осылай атай бастағам.

– Сізге бір түрлі құсап тұрған болар… –Зәри бұртиып қалды.

– Әдемі қыздың назының өзі соншалықты әдемі көрінді.

– Жарайды онда… ей су сұлулары… әдемі Зәридің сіңілілері менен сәлем сендерге… – Мен суға қойып кеттім.

Үлкен теңізді бірінші рет көріп тұрғаныммен мен туған ауыл үш бірдей үлкен өзеннің құйғанында болатын. Бір кісілік жүзетін едім. Зәриаға өзімнің қалай малтайтынымды көрсетпек болғам.

Құдай атқанда теңіздің суы басқаша болар. Қол-аяғымды біреу тас қылып матап тастағандай икемге келер емес. Бірақ батып бара жатқаным жоқ. Әлгіндегі әлсіз толқындар енді сәл үлкейіп мені бірінен біріне сырғытып ары алып бара жатыр. Мен енді қорқа бастадым.

– Зәри!… – Даусым оғаш шығып кетсе керек.

Қыз жағалауда маған қарап сақ-сақ күледі.

– Зәри мен ағып барам…

– Ағай теңізде адам ақпайды… батады.

Оның сөзінің соңын ести алмай қалдым. Кенет су астынан әлде бір жойқын күш түбіне қарай тарта жөнелді. Аузы-мұрныма су кіріп қақала-шашала тырбыңдап жатырмын. Қас қағым сәтте көз алдымнан бар дүние жарқ етіп өте қалды.

Біздің жұмыста үш жылдан бері Зәрия атты қыз істейтін. Қай ауылдың қызы екенін бір біле алмай-ақ қойғам. Сұрағандардың барлығына “Теңіздің қызымын” деп күлетінде қоятын. Әйтеуір маған бір жерден көрген таныс мүсін көз алдыма орала беретін. Бірақ қайдан қашан көргенімді бір есіме ала алмай-ақ қойғаным. Ол туралы бар білерім, жаңбырдан өлердей қорқшы еді… Қорыққанда сол жаңбырлы күні сыртқа аттап баса алмай қалатын. Содан кейінде әдейі “Теңіздің қызымын” деп айтатын шығар ойлайтынмын. Сол қыз бір күні менен.

– Сіз теңізді жақсы көресіз бе? – сұрады.

– Білмеймін ол туралы ойланып көрмеппін… әрі өмірімде бір ретте ашық теңізге шыққанда емеспін…

– Пәлі, сіз сұлулықтың не екенін әлі білмейді екенсіз ғой… – Қарсы алдымда отырған қыз осыны айтып бұртиды.

Үнемі үстіне теңіз жануарларының суреті бар көйлек киіп жүретін қыз туралы білерім шамалы еді. Бірге жұмыс істегенімізге үш жылдан асса да мен оның тек жаңбырлы күндері далаға шығудан қорқатынын ғана біледі екенмін.

Аз ғана сіркіреп барып басылып қалатын жаңбырдан өлердей қорқатын қыздың маған теңіз туралы айтқаны күлкілі көрінді. Қыз сөзін ары жалғап:

– Сіздің теңізге барғыңыз келе ме? – деп сұрады. Мен күлдім де:

– Иә, барғым келеді… Неге сұрап отырсың?!. Әлде мені де өзің сықылды судан қорқады деп ойлайсың ба?.. – Ұялып қалатын шығар деп ойлағам.

– Жоқ мен судан қорықпаймын… Мен суды сүйемін… – Оның жанары бал-бұл жанып кетті. Жанарындағы құштарлықтың оты жарық етіп барып дірілсіз тынық судай дереу мұңға бата қалды. Мен өзімнің баяғыдан бері қалай сәп салмағаныма таң қалып отырмын. Қыздың әппақ жүзінде көзге әзер көрінен бір қанша ұсақ меңін есептемегенде нағыз аппақ арудың өзі екен. Мен ұзақ қарадым.

– Ағай!, – деді ол қайталап.

– Ау, – дедім менде.

– Сонымен теңізге барғыңыз келе ме?

– Иә.

– Онда барасыз ба?

– Мені кім апарғалы жатыр екен онда.

– Мен.

– Ненің құрметіне? – Деседе ішім қылп ете қалды. Осындай әдемі қызбен өзім өмірі көрмеген теңізге бару әрине ғанибет.

– Сізге сұлулықты дәлелдегім келеді.

– Мен онсызда көріп отырмын.

– Қойыңызшы…

– Шын айтамын…

– Алдыдағы демалыста барып қайталық.

– Қай жаққа?

– Теңізге.

– Теңіздің аты бар шығар.

– Жоқ менің теңізім. Аты жоқ. Қыз қулана күлді де орнынан лып етіп тұрып есікке қарай беттеген. Одан соңда қаншама рет теңіз туралы әңгімелер болған-ды. Ақыры демалыс уақытынада жеткенбіз.

Бір күні алыс бір теңіз жағалауына баратын екі билетті алып келіп тұр Зәрия. Мен жай әңгіме үшін ғана айтып жүрген шығар дейтінмін. Күтпегем. Ойланбастан келсімімді бергенмін. Зәряның шарты бойынша ешкімге де тіс жармастан бір кеште кете барғанбыз. Енді міне ат-атақсыз су түбіне әлде бір су мақұлықтарына жем болып кетіп бара жатқаным. Аузы мұрнымнан кірген су қолқамды қауып есімнен тандырып жіберді.

Мен есімді жиғанмда әлдеқашан кеш батып кеткен екен. Айсыз қараңғы түн айналадан ешнәрсені көрсетпейді. Құлағыма судың гүрілі келді. Денем мұздап қалтырап жатыр екен. Жалма-жан орнамнан атып тұрып қайта құладым. Мен тұрған жер теңселіп тұр екен. Аяғымнан тік тұра алар емеспін. Осы кезде барып.

– Ағай! Есіңізді жидыңызба? – Құлақ түбімнен Зәряның үні естілді.

– Зәрия! Айнам! Мен қайдамын… Мені кім алып шықты судан… – Мен аптыға сөйлеп жатырмын.

– Мен алып шықтым… Менің кемемде…

– Қалай…

– Мен кемеде айтамын дегенімді ұмытпаған шығарсыз…

– Қайдасың… Неге шырақ жақпадың…

– Шырақ жағуға жете алмай жатырмын.

– Не болды айнам сен жараланып қалғансың ба?

– Жоқ аманмын…

– Онда…

– Дұрысы шырақ жақпай-ақ қояйықшы.

– Неге?

– Сіз қорқып кетесіз…

– Неге?

– Менен…

– Түсінбедім… Айнам…

– Онда алдымен сіз тыңдаңыз… Сосын қаласаңыз шырақ жағасыз… Болмаса…

– Айта ғой айнам…

– Әуелі сізден бір нәрселерді сұрасам? Шыныңызда айтасыз ба?

– Сұрай бер.

– Мойныңыздағы тұмар кімдікі.

– Өзімдікі.

– Өтірік! – Оның даусы зілді шықты.

– Неге өтірік?! Мен бұны ес білгелі тағып келемін…

– Қайдан алдыңыз?

– Білмеймін…

– Шыныңызды айтыңызшы…

– Шынымен білмеймін… Тек апамның айтуы бойынша… Мен ес білмейтін кезде… Үш жас па әлде төрт жас шамасында ойнап жүріп жардан құлап суға кетіп қалыппын… Содан ел-жұрт болып неше күн іздеп таба алмай қойған екен. Төртінші күні біреулер “Жалпақ өткел” деген жерден тірі тауып алған екен… Содан үйге алып келіпті… Апам айтатын тақ осы мойныңдағы тұмар сені ажалдан алып қалған болар… Бұрын тұмар болмаған… Ана кісілер алып келгенде мойныңда жүр екен. Енді ешқашан шешпе… Су перісі деген болады… Соның шарапаты тиген болар… деп. Одан басқа ешнәрсе білмейді екенмін.

– Иә, ол менікі болатын.

– Қалайша?

– Тұмарды ашып көріп пе едіңіз.

– Иә көргенмін.

– Сондағы жазулардың бас жағындағы сурет есіңізде ме?

Осы кезде барып...

– Мен теңіздің қызымын дегенде сенбейтін едіңіз.

– Иә.

– Енді сенетін боласыз.

– Айнам не айтып кеттің шырақ қайда?

– Асықпаңыз, мен сіз көре қалатындай қалде емеспін.

– Қалайша?

– Мен өз бейнеме қайтқанмын.

Сәл тіксінсемде жүрегімды орнына түсіріп:

– Онда сен кімсің? – деп сұрадым.

– Мен су перісімін.

– Адамдардың арасында неқылып жүрсің?

– Тұмарымды алуға келгем.

– Баяғыда-ақ сұрамадың ба? Қайтарып берер ем.

– Сізден айырып қалудан қорықтым.

– Неге?

– Сол кезде жардан қалай құлап кеткеніңіз есіңізде ме?

– Жоқ.

– Онда тыңдаңыз. Мен су перісі патшасының жалғыз қызымын. Әдетте су перілеріне адамдар жүрген жерге баруға тиым салынады. Бұл қағида еді… Мен сол қағиданы бұзғам. Ол кезде менде тым кішкене болғанмын. Сіздің есіңізде болмағанымен менің көкейімде барлығы сарнап тұр. Су асты әлемінің барлығы әкеме бағынар еді. Содан болар менің барлық әрекетіме ешкімде шектеме қоймайтын. Мен алыс-алыс өзен суларды, бұлақтарды кезетінмін. Менің жақсы көретін кіп-кішкентай көп балықтарым болды. Олармен ойнайтын едім. Сол жардың түбінде қарғыс атқан бір балалар ау салатын еді. Ессіз балықтар соған түсіп қалатын. Әр кез сіз сол балықтарды балалардан қолыңдағы асық-сақаларыңа ауыстырып алып суға қайта жіберіп отыратынсыз. Бірде ауға түсіп қалған шабақтарымды босатып аламын деп өзім шырмалып қалдым. Айналада көмекке келе қояр ешкім жоқ. Жанталасып әр бір жібін тісіммен қия бастағам. Сол кезде балықшы балалар келіп ауларын шығармақ болды. Мен суға олар жағаға тартып арпалысқа түстік. Содан сіз балалармен таласып аудың жібін қолдарынан жұлып алдыңыз. Ашуланған біреуі сізді жарға итеріп жіберді. Сіз шыңғырған қалпы суға құлап түстіңіз. Осы кезде менде аудан босанған едім. Сіз суға түсе есіңізден айырылып қалдыңыз. Мен сізді алып әкемнің сарайына жеттім. Болған уақиғаның барлығын айтып беріп ем. Әкем сізге қайрымдылық жасап қайта жер бетіне жібірмек болды… Ол кездегі балалық сана болар… “Мен еш қайда жібермеймін” деп зар еңіредім. Ақыры әкем маған “бұл басқа жаратылыс… су әлемінде күн кеше алмайды… әрі әлі жас… өскеннен соң тауып алсың” - деп көндірді. Содан менің мойнымдағы тұмарды тағып жағалауға шығарып салған. Содан бастап жер бетіне шығып сізді іздеумен өттім. Ақыры тауып сізбен бірге қызымет істедім. Мені бір күні таныр деп үміттендім.

Бірақ сіз тани алмадыңыз. Ақыры сізді осында алып келуге мәжбүр болдым. Себебі мен тұмарымды сусыз жерде пайдалана алмас едім. Менің денем тек белден жоғары ғана адам сипатты да одан төмен балық тәнді едім. Жаңбырдан қорқатынымда содан. Суға тап болсам әуелгі бейнеме қайтып кетемін содан сақтанатынмын. Енді міне мен тұмарымды алдым…

– Шырақ жағайыншы. – Мен қыздан өтіндім.

– Жарайды жағыңыз. Мен қауызда жатырмын тек қауыздың ішіне қараушы болмаңыз.

Бей-берекет теңселген кеменнің ішінде анда бір мында бір соғылып жүріп Зәридың нұсқауымен оттық пен көне тоз шырағданды тауып жақтым. Аядай ғана каютаның ішін шырағдан күндізгідей жарқыратып жіберді.

Ортадағы үлкен қауыздың ішінде ернеуіне асылып Зәри жатыр маған тесіле қарап. Мен аяғымды аңди басып таяп келем. Қауыздағы су кемемен бірге шайқалып шып-шып етіп еденге шашырап жатыр.

– Жақындамаңызшы… – деген Зәридің жалынышын елемей таяп келемін. Қауыздың ішінен алтын балық түстес жалтылдаған құйрығы суды әлсіз сабалап бұлғаң қағады. Сырттан ауыр ыңырсып кеменің бүйірін соққан толқын үнімен жарысып сан мың қыздың күміс сыңғырлы күлкі үні естіледі. Мен жарты денесі суда жатқан Зәридың жанына келіп жүрелеп отыра кеттім. Зәри тіпті ажарланып кетіпті. Жарқ ете қалған жанарының өзі жүрегіме ынтызарлықтың тылсым күшін нығарлап тығып жатқандай. Тарқатылған бұрымы тамағыма оратылып қытақтайды. Бүкіл денемді бір ыстық, бір суық ағын бойлай қуалап Зәри қызды құшып үнсіз отырмын.

– Ағай мен сізді енді жерге жібергім келмейді… – Үнсіздікті Зәри бұзды.

– Айнам менің… Енді не істейміз… Мен шынымен сұрап отырмын. Меніңде Зәриды қалдырып кетуге жүрегімдегі тулаған ынтызарлығым жіберер емес.

– Мен сізді су астына алып кетер-ақ едім.

– Сенімен қайда болсада баруға әзірмін айнам.

– Жоқ сізді су әлемі қабыл алмайды екен.

– Неге?

– Сіз су қағидасын бұзғансыз.

– Қалай?

– Балық жегенсіз…

– Несі бар жер бетіндегілердің барлығы жейді.

– Сол үшінде жер бетіндегілердің барлығы суда тіршілік ете алмайды.

– Не істейміз онда?

– Осы кемеде өмір бойы менімен қала аласыз ба?

– Қаламын! – Мен еш ойланбастан жауап қайтардым.

– Дауыл тұрайын деді.

– Не істейміз?

– Палубаға шығыңыз. Оң жақтағы жақтаудың қасында айналмалы шығырық тұр. Соны ақырын босатыңыз. Сосын арқанды саумалап жіберіп отырсаңыз желкен түседі.

Мен тепкішекпен өрмелеп палубаға шықтым. Арлы-берлі шайқалақтап жүріп желкенді әзер түсірдім. Біз ұшы қиыры жоқ алып теңіздің ортасында кетіп бара жатқан сықылдымыз. Бірін бірі сабалап буырқана атқақтаған толқындар үйдей-үйдей болып келіп кемені бірінен соң бірі соққылайды. Бірі тұмсығынан іліп алғандай кемені шалқалатып алып бара жатса енді бірі құйрығынан салақтатқандай қылып кеменің тұмсығын теңіздің түбіне бағыттап тастап кеп жібереді. Толқыннан толқынға лақтырылып қалқақтап келе жатырмыз. Сыртта тура беруге дәтім жетпей асығыс каютаға түстім. Зәри жатқан қауыздың ернеуіне келіп әлде бір көне тоз матрасты астыма төсеп жантайып жаттым. Жантайып жатып ұйықтап кетіппін.

Мен оянғанда әлдеқашан күн шығып кеткен екен. Жалма-жан қауызға қарадым. Зәри жоқ. Менің Зәриям… Менің аяулым… Менің жаным… Айнам… Жүрегім дір ете қалды… Кешегіден бергінің барлығы түс емеспе деп ойландым. Жоқ сол каютаның іші. Асығыс палубаға шықтым.

Жоқ менің түнімен кеме деп жүргенім шағын каюталы ескі желкенді қайық екен. Тұмсық жағында Зәри теңіз бетінің ащы күніне қыздырынып жатыр екен. Кідімгі адам бейнесінде аяқтары да орнында, баз-баяғыдай. Мен тосылып қалдым.

– Ағай келсеңізші… Мен жайлап басып оған таяй бердім.

– Өз көзіңізге өзіңіз сенбей тұрсыз ба?

– Түс көрдім ба деп тұрмын.

– Жоқ өңіңіз. Мен тек түнде ғана өз бейнеме қайтамында күн шыққанда адам кейпіне ене аламын… – Мен оның сөзінің соңын күтпей бас салып құшырлана өптім. Қайықтың бүйірін соққылаған толқындардың сартылы маған ең жағымды музыкаға айналып кеткендей болды. Түс әлетінде Зәри тамақтануға шақырды. Мен өмірі татып көрмеген әлдеқандай бір тағамдармен тамақтанды.

– Біз қайда бара жатырмыз?, – деп сұрадым Зәридан.

– Таусылмайтын сапарға…

Одан ары қузамадым. Зәридің айдай жамалына мастанып қараған сайын көз алмай қарай бергім келеді.

Кеште жартылай балық, ал күндіз адам бейнелі Зәри мен үшін әлемдегі ең қымбатты ынтызарым екенін ұқтым. Түнімен асау толқындармен арпалысып каютаға толып кеткен суды шелектеп сырқа шығарып, күндіз Зәриімнің құшағында махаббатың бал шарбатына мастанып ұйқыға кетемін.

Біздің ескі қайықты толқындар бірінен біріне жалғап таусылмайтын алыс сапарға қарай өздері алып бара жатыр.

 

Қойшыбек МҮБАРАК 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста