Алаш баласы, айнаңа қара!

дүйсенбі, 24.04.2017



Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жатақханада болған тылсым жағдайлар

  • © www.youtube.com

    © www.youtube.com

Мен жастайымнан мистикалық оқиғаларға қатты қызығатынмын. Мистикалық әңгімелерді де көп оқыдым. Адамдардың айтқандарын да қағазға түсіріп, жинақтап жүрдім. Бір жерде тылсым оқиға болғанын естісем, барып көруге асығып тұратынмын. Колледжге оқуға түскенде, менің сондай қызығушылығымды білген жоғарғы курста оқитын Асхат біздің жатақханадағы тылсым жағдай туралы айтты.


Мен алғашқы күннен Асхатпен (ол кезде ол үшінші курста оқитын) жақын араластым. Өйткені екеуміз бір аймақтан едік. Оның бөлмесі үшінші қабатта, менің бөлмем екінші қабатта болды. Ал жатақхананың төртінші қабаты жабық тұратын. Асхаттың айтуынша екі жыл бұрын жүкті болып қалған қыз төртінші қабатта, өз бөлмесінде асылып қалған. Сол жағдайдан кейін төртінші қабатты «күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі» деп жауып тастаған екен. Содан бері жатақханада түрлі түсініксіз жағдайлар болып тұратын көрінеді. Төртінші қабаттағы қыз асылып қалған бөлменің дәл астында орналасқа үшінші қабаттағы бөлмеде жататын қыздардың бірі түнде құлағына жылаған дауыс келетінін айтса, екіншсі түнде біреудің түртіп оятатынын айтады. Сондай-ақ кейде бөлмедегі заттар өздігінен орын ауыстырады екен.


Алайда, өз көзіммен көріп, өз құлағыммен естімеген соң жатақхана студенттерінің айтқандарына, алғашында онша сене қоймадым. Жатақханадағылардың айтуынша, тылсым жағдайлар түнде орын алады екен. Сондықтан Асхатқа «түнде төртінші қабатқа көтеріліп көрейік» деп ұсыныс жасадым. Бірақ Асхат тек күндіз кіруге келісті. Түнде кіруге қорқатынын айтты (шынымды айтсам, мен де түнде кіруден қорықтым).


Сенбі күні түстен кейін комендант ерте қайтып кететін. Комендант кеткен соң, құлыпты бұзып, Асхат екеуміз төртінші қабатқа көтерілдік. Көтерілген бойда, дәлізде, анадай жерде тұрған шаң басқан ескі шкафқа көзім түсті. Маған шкафтың есігі қозғалғандай көрінді. Көргенімді Асхатқа айттым. Ол тіпті «шкафтан біреудің қолы шыққанын байқадым» деп мені одан сайын шошытты. Одан әрі жүруге екеуміз де жүрексіндік. Сөйтіп тұрғанымызда, шкафтың есігі қайта ашылып жабылды. Біз шкафтан көз алмай тұрғанымызда бір бөлменің есігі ашылып, сарт етіп қайта жабылды. Маған біреу жүгіріп барып бөлмеге кірген секілді көрінді. Бойды қорқыныш биледі. Жылдам басып үшінші қабатқа түстік. Асхат екеуміздің сол күнгі әңгімеміз «шкаф пен бөлменің есігін кім ашып жапты?» деген сауал төңірегінде болды. Бірақ ол сұраққа екеумізде де нақты жауап жоқ еді. Өйткені екеуміз де есіктің ашып-жабылғанын көргенмен, кімнің ашып-жапқанын көрген жоқпыз. Егер ол асылып өлген қыздың елесі болса, елес есікті ашып-жабуы мүмкін бе?


Кешкі астан кейін Асхат екеуміз киноға барып, біраз көше қыдырып, кеш қайттық. Жатақханаға келген соң үшінші қабаттағы бытовкаға барып, әңгімелесіп отырғанбыз. Кенет үстінгі қабатта біреу жүрген сияқты болды. Біз әңгімемізді доғарып тына қалдық. Сәлден соң үстінгі қабатта біреудің суды ағызғаны естілді. Бұл жағдай екі-үш минутқа созылды. Содан соң бірден сап тыйылды. Біз тың тыңдап тағы біраз тұрдық. Бірақ одан кейін ешқандай бөгде дауыстар есітілмеді.


Тағы бірде (онда үшінші курста оқып жүргем) түнде, жатар алдында дәліздің соңғы жағында орналасқан әжетханаға барып келе жатқам. Бір бөлменің тұсынан өте бергенде құлағыма біреудің қысылып жылаған дауысы келді. Тоқтай қалдым. Дауыс бөлмеден емес, екі бөлмені бөліп тұрған ортадағы қабырғадан шығып тұр. Таң қалдым, екінші жағынан бойымды қорқыныш биледі. Өз бөлмеме барып, қасымда бірге тұратын жігітті ертіп келіп, екеуміз бірге тыңдадық. Қыздың жылаған дауысы үзіліп-үзіліп есітіледі. Біздің дабырымызға бөлмедегі жігіттер де шықты. Жігіттер де қабырғадан шығып тұрған дауысты естігендерін айтты.


Содан кейін екі айдай асылып қайтыс болған қыз түсімнен кетпей қойды. Оқуды бітіріп, жатақханадан кеткен соң ғана қыз түсіме кіруін қойды.


Ғазиз, Ақмола облысы 




Көрілген: 842    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

бейсенбі, 19.01.2017, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз
    24 Ақпан, 09:14
    Сайтан қабір
    23 Ақпан, 09:20
    Жұмбақ ауыл
    17 Ақпан, 09:57
    Үш жасар көріпкел
    13 Ақпан, 09:53
    Мәйітханадағы түн
    17 Қаңтар, 09:39
    Балшы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30