Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жатпланетарлықтар Аралға қонған ба?

  • Жатпланетарлықтар Аралға қонған ба?

    Жатпланетарлықтар Аралға қонған ба?

Осыдан біраз жыл бұрын Арал теңізінің түбін зерттеген ғалымдар ол жерден беглісіз құпия белгілер тапқан болатын. Гидролог Борис Смердов түсірген аэрофотосуретте жатпланеталық келімсектердің қалдырған «сәлемдемесі» анық көрінген.


Ол суретте Арал теңізінің жағалауы мен теңіз түбіндегі таңғажайып алып денелердің сұлбасы анық көрініп тұр. Оның бірі белдеулерге, енді бірі зымыранға немесе алып суасты кемесінің ізіне ұқсайды. Белгілердің ені 2-ден 50 метрге дейін, ұзындығы бірнеше километрге созылып жатыр. Көбісі геометриялық кескіндерге ұқсас. Смердовтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мұндай көркем туынды не табиғаттың, не адамзаттың қолынан келмейтіні белгілі болып отыр. Демек, оны тек өзге планетадан келген келімсектер ғана жасай алады.


 


Аралға жақын маңдағы ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда, ертеректе кеме командирлері күрделі белгілері бар осындай жерлерден айналып өтетін болған. Ал олар 15 метр тереңдікте жатыр.


Содан бері Арал теңізіне қосымша зерттеу жүргізілмеген екен. «Өкінішке орай, өткен уақытты кері қайтара алмайсың. Бар мәселе әлгі белгілердің біразы су астында алғашқы қалпын әрең сақтап тұрғандығында болып тұр. Бұл күндері теңіз деңгейінің төмендеуі, теңіз дауылы мен толқындар, ондағы өскіндер белгісіз белдеулердің жойылуына ықпал етеді», – дейді ғалым.


Уфологтар ұшатын табақшаның қон­ған жерінде күрделі процестер болатынын айтады. Олардан келер қауіп – тірі организмнің жойылуында.


Бір айта кетерлігі, әлгіндей белгілер Каспий теңізінен де байқалған. Ондай белгілерді жатпланеталықтардың қалдыр­ғанына ғалымдар жүз пайыз сенім­ді. Ондай информативтік белгілер бас­қа жерлерде де болуы мүмкін дейді олар.


Дайындаған – К. СЕРІБАЕВА  




Көрілген: 1931    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.03.2017, 09:20

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30