Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жазираның кейпінде келген әзірейіл әйел

  • Жазираның кейпінде келген әзірейіл әйел

    Жазираның кейпінде келген әзірейіл әйел

 Жазираның мысықтан да, иттен де қатты қорқатынын білетінмін. Тышқан көрсе тіптен шыңғырып жіберуге даяр.

Жуырда олардың жаңа үйге қоныс­танғанын естіп бардым. Барсам, есік алдында ит тұр. Өзі арсылдап үріп, үй алдына жан жуытар емес.

Ұялы телефонына хабарласып құрбымды шақырып едім, сыртқа тез шықты. Әлгінде ауыз жаппай арпылдап тұрған ит Жазираны көргенде жым болды. Құйрығын қысып қыңсылап, ұясына кіріп бара жатты. Аң-таң күйде итке бір, Жазираға бір қараймын.

– Не болды? – деді ол күліп. – Жайшылық па?

– Жоқ ә, қайдағы жайшылық, сенің иттен қорқатыныңды­ білетінмін. Қазір батыр болып кеткенсің бе? – деймін ғой баяғы. Сөйтсем, ол тырқылдай күліп:

– Біздің үйде мысық та бар, – дейді.

– Ойпыр-ай, не дейді?! – деймін одан бетер таңырқап.­

Шынында да үйінде мысықтың марғауы жүр. Адамның аяғына жабысып ойнағысы келеді. Ал, Жазираға жақындамайды. Иті анау, мысығы мынау, Жазира оларға әзірейілдей көрінер ме екен деп қоямын іштей.

Дастархан басында арқа-жарқа әңгіме айттық. Әлден соң ішімді қажаған ойды жасырмай, сұрай салдым.

– Жазира, итің мен мысығың саған сондай суық. Оларға не жазып қалдың? – деймін ғой.

– Олардан қорқып біттім, енді менен қорықсын, – деді ол. Содан соң, қалжыңды қойып, әңгімесіне көшті.

– Беймезгіл уақытта ұрылар келіп мазаламауы үшін ит ұстамасақ болмайды деп күйеуім айтқанда азарда-безер болғанмын. Сөйтіп жүргенде, үйімізге бір күні шынымен де ұры түсіп, барымызды үптеп кетті. Осыдан соң күйеуім менің ығыма жығылуды қойып, бірден күшік тауып әкелді. Жұмысқа барып, келуім мұң болды өзіме. Үйден шыға алмаймын, шықсам кіре алмаймын. Соның салдарынан отбасында ұрыс-керіс көбейді.

Бір күні кешқұрым мезгіл еді. Төңірек көз байланарлық­тай болып қалған. Бір кезде терезеден сыртқа көзім түсіп кетті, өзімнен аумайтын бір әйел, тіпті үстіндегі халаты да менікіндей, құдды егіздің сыңарындай болған күйі күшіктің жанына барып онымен ойнай бастады. Бір мезгілде оны аспанға қарай әуелете лақтырды да қайтадан қағып алды. Осылайша қақпақылдап біраз тұрды да кетіп қалды. Қатты қорыққаннан тілім байланып­ қалғандай бір орында тұра беріппін. Жанымдағы кереуетте­ жат­қан күйеуіме бір, сыртқа бір қараймын. Ол қаннен-қаперсіз жатыр. Бөлмедегі жарық шамның сәулесінен өзімді, яғни сыңарымды анық көрдім. Сонда ол кім бол­ғаны? Күйеуіме айтсам сенбейтінін білдім. «Жындандың­ ба?» деп келекелейтіні белгілі. Неде болса ертеңгі кешті күттім.

Ертеңінде дәл сол мезгілде терезенің алдында аңдып тұрдым. Дәл кешегі уақытта әйел келді. Тағы да орным­нан тырп ете алмай қалдым. Аузымды ашып айта алмаймын. Жаным кеудемнен шығып кетіп, құр сүлдерім тұрғандай. Үшінші күні де осы жәйт қайталанды.

Төртінші күні таңертең күйеуіме көргенімді айтып бердім. «Сенбесең өзің біл, бірақ кешке менімен бірге терезеден қара» дедім оған. Ол маған бір түрлі қарады да, үнсіз басын изеп келісті.

Кеш болды. Күйеуім жаныма тұрып, ауланы бақылай бастадық. Айтқанымдай, менің бейнемдегі әйел келді. Келе күшікті тағы да қақпақылдап ұшырып, зәресін алып бітті. Күйеуім ешнәрсе айта алмай меңірейіп тұр. Құдды өңі ме, түсі ме, ажырата алмай қалған сияқты. Ал мен оның көзін жеткізгеніме мәзбін. Бәрін біліп, көріп тұрғаныңмен қол-аяғыңды қоз­ғай алмайтының, аузыңды ашып тілге келе алмайтының жаман екен. Әйел көзден ғайып болған соң ғана өз-өзіне келген күйеуім мені құшақтай алды. «Анау сен бе, жоқ мынау сен бе? Шыныңды айт. Менің әйелім қайсың?» дегенде оны жынданып кетті ме деп шошып қалдым. «Оны да ала сал, екеу болайық» дедім күліп. Енді байқадым, оның денесі дірілдеп-қалшлдап тұр екен. Қатты қорқып кеткені анық. Ал, мен үш күннен бері көріп, етім үйреніп кеткен.

Бір қызығы, сол күндерден бастап, күшік маған жола­майтын болды. содан бері мені көрсе қорқады. Дүние кезек деген осы емес пе? Қазір күшігіміз өсіп ит болды. әлі күнге маған жуымайды. Ыдысына тамақ құй­сам да ішпейді. Жуырда мынау мысықтың баласын асырап алдық. Бастапқыда қорқып едім, сөйтсем, неліктен екенін қайдам, ол менен жын көргендей қашады. Әлде мен адам емес, жын шығармын ә, – деп әзілдей аяқтады әңгімесін Жазира.

– Мүмкін ана әйелмен ауысып кеткен шығарсың? – дедім мен де қалыспай.

– Солай да шығар, кім білсін. Кейде күйеуіме байқаусызда тілім тиіп кетсе, бетіме бақырайып қарап: «Осы сен бе, сен емес пе? Құдай біледі деймін, сен емессің» дейтіні бар. Сондайда жым боламын. Сен емессің деп үйден қуып шықса қайда барамын? – деп Жазира әдетінше тар­қылдай күлді. Оны тек күлкісінен тануға болады. Сол баяғы күлкісі.

Кейінірек күйеуін көшеде кездес­тіргенде де:

– Қалай, күйеу бала, әйелің ауысып кеткен жоқ па? – деп қалжыңдайтын болдым.

– Жоқ ә, – деп қызарақтайды.

– Жазираны күлкісінен тануға болады, осы есіңде болсын, – дедім тағы да нығырлай. Ол үнсіз басын изеді.

Әзіл-қалжың жақсы-ау, бірақ Жазираның кейпінде келген әзірейіл әйел кім болды екен? Бұл да бір тылсым құбылыс. Мені таңдандыратыны, бұл туралы Жазира мен күйеуі бас қатырып жатқан да жоқ, ал маған не жоқ дейсіз? Соны ойладым да бұл оқиғаны жылы жауып қоя салдым. Өздері бастарын қатырсын дегенім ғой...


Б. БАНУ.


zamana.kz




Көрілген: 1651    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 18.02.2017, 18:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қараша, 10:48
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша, 16:43
    КІСІКИІК
    9 Қараша, 10:06
    Түннің құпиясы
    29 Қыркүйек, 11:03
    Түс жору
    26 Қыркүйек, 10:34
    Мәңгілік өмір мекені

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30