Жер сілкінісі болатынын алдын ала сезетін адам

Жер сілкінісі болатынын алдын ала сезетін адам

Сәлеметсіздер ме? Мен Алматы облысы Қапшағай қаласынанмын. Біздің мекенде жер сілкінісінің жиі болатыны жайында хабардар боларсыздар? Соның салдарынан қаншама үйлер қирап, күтпеген жерден адамдар да зиян шеккен. Табиғаттың апаты болғандықтан ешкімнің қолынан ештеңе келмейді. Біреуге кінә тағудың өзі артық. Ал, біздің үйден екі көше жоғары тұратын қос қабатты үйдің тұрғыны Жәмилә бұл құбылысты алдын-ала сезетін күшке ие. Басынан баяндайын...

Ертеректе, осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын Сердалиндер әулетінде болған оқиғаны біреу білсе, біреу білмес. Тек қана Жәмиләнің қазіргі кейіпіне қарап, мәнісін ұғынғысы келетіндер бар. Оның ата-анасының көзін көргендер болған оқиғадан ептеп хабардар.

Қазіргі күні Жәмиләнің жасы жиырма жетіге келген. Қаладағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Бала күнінде көкке шығып саяхаттағанды ұнатады екен. Жаздың керемет бір күнінде туған күнін атап өтпекші болып, ата-анасы, бауырларымен қала сыртына шығады. Кенет ол жер сілкінісі болғалы жатқандығын сезеді, алайда бұл құбылыстан бейхабар қасындағы туыстары еш алаңсыз жүреді. Судың арғы бетінде суретке түсіп жүргенін бауырларына болғалы жатқан қауіпті ескертем дегенінше, жер сілкініп, інісі менен сіңілісін таудан құлаған ағаш басып қалады. Аяқ астынан дел-сал болған ата-ана не істерін білмей дал болыпты. Ал, Жәмилә болса, есінен танып құлап қалған деседі. Содан бері жиырма жыл өтіпті. Әкесі дүние салды, 8 жылдан бері анасы екеуі ғана тұрып келеді. Бір қызығы Жәмиләнің денсаулығында ешқандай кінарат жоқ, алайда, ол біздің облысқа жер сілкіну қауіпі төнерден бір күн бұрын жұмысқа бармай орман аралап, дала кезіп кетеді. Тура жер сілкінетін уақыт келіп жеткенде үйіне келіп жата қалады. Ондай кездерде Жәмилә ешкімге ешқандай залалын тигізбейді, өзімен өзі жан адаммен тіл қатыспай үндемей жүреді. Ал, жер сілкінісі орын алып, өтіп кеткеннен соң, кәдімгі адамдарша сөйлесіп, жарқылдап, жұмысына барып-келіп жүреді. Ертеңіне не болғанын, не ойлайтынын сұрасақ ешкімге тіс жарып, дәнеңе демейтін. Бар айтатыны - қос бауырын сағынады екен. Бұл құбылыстың сырын анасы да білмейді. Дәрігерлер де анықтай алмай келеді.

Қазіргі күні Жәмиләнің бұл қылықтары бізге жат емес. Біздің көшенің, маңайдағы тұрғындардың барлығының еті үйренген. (Ал, сырттан келген, жаңадан көшіп келген адамдар алғашында таң қалары анық). Жер сілкінерден бір күн бұрын Жәмиләнің қылықтарына қарап, қамданып, сақтық шараларын жасап отырамыз.

Жәмиләнің ақыл-есі бүтін, алғаш көрген адам да солай ойлайды. Шынымен де солай. Алайда ауа райының келеңсіз уақыты таянғанда көрген адам ақылынан алжасты деуі әбден мүмкін. Тек қана алдын ала сезетін бір тылсым күшке ие екендігі айқын.

Ақбота Болатова, Алматы облысы.
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста