Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жерді терең тескен бұрғылаушылар тозаққа тап болған деседі...

  • © androidmafia.ru

    © androidmafia.ru

Өткен ғасырдың 80 жылдары жерді 12 шақырым тереңдікке дейін бұрғылаған КСРО геологтары тозақтың тура үстінен түскен көрінеді. Тіпті кеңестік бұрғышылар скважинаға микрофон байлап түсіріп, тозақ отында жанған миллиондаған күнәһар пенделердің қорқынышты дауыстарын жазып алған екен.


Бұл туралы КСРО ғалымы Аззаков өз естелігінде «Мен коммунист болғандықтан Библияға сенбеймін, бірақ оқымысты ғалым ретінде енді тозақтың бар екеніне шүбәм жоқ. Мен өз көзіммен көріп, өз құлағыммен есітігенімді айтып отырмын. Бұрғылау кезінде тозаққа тап болғанымызға нық сенімдімін» деп жазып қалдырған екен. Бұл оқиға жайлы 1989 жылы Финляндияда шығатын газеттердің бірінде мақала жазылған деседі. Басылымда жарық көрген мақалада атор «КСРО геологтары Батыс Сібірде бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде 14,4 шақырым тереңдікте бос кеңістікке тап болды. Олар мұндай тереңдікте бос кеңістік болады деп ойламаған. Арнайы кранмен 70 сағат ішінде ұңғымадан бұрғыны суырғанда, онымен бірге тістері ақсиған, тырнақтары ұзын, көзі шақырайған мақұлық ере шығып, көзді ашып-жұмғанша ғайып болады. Мұны көрген жұмысшылар зәресі ұшып, жан-жаққа қашқан» деп жазған.


Бұрғышылар бұл жағдайды одан әрі тереңірек зерттемек болып, литосферлі плиталардың қозғалысын жазып алуға арналған микрофонды скважинаға түсіргенде жаны қиналып, шыңғырған адамдардың дауыстарын естиді. «Біз алғашында ол дауыс бұрғылау қондырғысынан шығып жатқан болар деп ойлағанбыз. Бірақ тыңғылықты тексергенімізде, адамдардың дауысы екеніне көз жеткіздік. Бұл бір ғана адамның дауысы емес, жүздеген адамның шыңғырған үні. Бақытымызға орай, біз бұл қорқынышты дауысты магнитофон лентасына жазып алдық» дейді өз естелігінде кеңестік ғалым Аззаков.


Финляндияданың баспасөзінде жарық көрген бұл мақаланы Кеңес Үкіметінің көптеген газеті басқын. Бұл мәселеге қатысты Америка телеарналары мен өзге де шетелдік ақпарат құралдары «орыстар тозақтан малғұнды босатып жіберді» деп шуласқан. Басылымдардың бірінде бұрғылаушылардың арасында шетелдік мамандардың да болғаны айтылады.


Сол кезде бұл оқиға ресейліктерді біраз дүрліктірген. Бұл оқиғаның жан-жаққа тарап кетуін қаламаған Ресей басшылығы шетелдік мамандарды не істеу керектігін білмей дал болады. Ақыр аяғында оларды елден шығарып жіберу туралы шешім қабылдаған.


«Егер бұл оқиға Брежневтің кезінде болғанда, бізді өлтіртетініне ешқандай күмәніміз жоқ. Не болмаса бізді өмір бойы түрмеге қамар еді. Біздің бәрімізді екі күннен кейін КСРО-дан шығарып жіберді. Орыстар «егер бұл туралы ауыздарыңды ашсаңдар көздеріңді құртамыз» деп қорқытты» дейді БАҚ құралдарына сұхбат берген шетел азаматының бірі.


Базбір деректерге қарағанда мұндай терең бұрғылау Батыс Сібірде емес, Мурманск облысындағы Кольская ұңғымасында жүргізілген. 1983 жылы бұрғылаушылар 12 шақырым тереңдікке жеткен. Ал 262 метрді жеті жылда әрең дегенде қазыпты. Шетелдік басылымдарда айтылғандай, 14 шақырым емес, бұрғылаушылар 12 262 шақырым тереңдікке жеткен екен. Гиннестің Рекордтар кітабына енген осы ұңғыма «тозаққа апаратын жол» деп атанып кеткен. Себебі әрбір бұрғыланған жаңа шақырым кезінде КСРО-да бақытсыздық болып отырған. Оның үстіне бұрғылау жұмыстары кезінде түсініксіз апаттар көбейіп, беймәлім күштер бұрғылау жұмыстарына кедергі келтіріп отырыпты. Бұрғышылар тура 13 мың шақырым тереңдікке жеткенде КСРО тарқаған. Сөйтіп, қаржы жетіспеушілігіне байланысты бұрғылау жұмыстары біржола тоқтатылған екен.


Алайда, көптеген халықаралық қорлар бұл жобаға қаржы салуға дайын екендіктерін мәлімдеген. Десе де 200 градус ыстық температурада микрофонға шыңғырған адамдардың дауысы жазылып қалған әлгі тылсым құбылыстан тайсалды ма екен ресейлік ғалымдар мен бұрғылаушылар ол жерде жұмысты жалғастырудан бас тартқан.


Ал жұмыс біржола тоқтаған соң академик Давид Губерман жер астынан жазылып алынған дауыс туралы ғылыми конгресте өзіне қойылған сұраққа «жер асты әлемінің құпиясы бізге әлі беймәлім» деп жауап берген.


Автор: Қалдар Көмекбаев

alashainasy.kz 




Көрілген: 3712    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 28.09.2017, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Ақпан, 23:50
    Өлінің астынан өту
    29 Қаңтар, 11:30
    Оқ дарымайтын адам...
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28