Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жетісі өткен соң үйіне келген Айдархан атаның аруағы

  • © matritca.kz

    © matritca.kz

Түскі асты енді алдымызға ала бергеніміз сол еді, көрші үй жақтан шу шықты.


«Тағы не болып қалды?» деп елеңдесіп қалдық. Өйткені, осыдан бір апта бұрын ғана сол үйде тұратын Айдархан ата қайтыс болған. Жетісін кеше өткізген-ді. Ауланың қақпасы сарт етіп ашылып сол үйдің үлкен қызы жүгіріп кірді.


— «Атам, атам қайтып келді!».


Түрінен көрініп тұр, есі шығып кеткен. Дауысы үрейлі. Дастархан басында отырған бәріміз жапырлап, көрші үйге жүгірдік. Үйдің артындағы қора алдында тұрған арбаның дәртесіне ойланып төмен қарап отырған Айдархан атаны көргенде бәріміздің есіміз шығып кетті.


Жасамысы бар, жасы бар, ешкімнің оған жақындауға дәті шыдамады.


Алыстан анталай қарап тұрмыз. Айдархан атаның үстінде дүниеден өтерде киіп жүрген көнетоздау киім-кешегі . Теріс қарап ойланып отырған ақсақал кенет басын көтеріп, орынан тұрды. Сосын арбаға сүйеулі тұрған ашаны ұстаған күйі, ашық тұрған қораға кіріп кетті. Бұл кезде айналадағы бүкіл көршілер жиналып қалған. Қораға кіруге ешкімнің жүрегі дауаламады.


Жұрт молданы шақыртты. Жиылған жұртқа молда: – «Жарықтық, Айдархан құрбым о дүниеден дұрыс орын таппай жүр-ау. Көз жұмарынан біраз бұрын мына жаман арбаны жөндей алмадым-ау. Балалар малға шөпті дұрыс жинай аларма екен, деп қатты қиналып еді. Бұл арба ежелден келе жатқан серігі ғой, осыны қимай қайтып келіп жұр-ау шамасы. Иншалла, түк емес, бірер рет келер, сосын қояр», – деп басу айтты.




Құран оқылды. Жиылған жұрт бір-бір кесе шай ішіп, тарасқан.


Одан кейін де сол үйдің адамдары «атамызды таңертен арбаның жаныннан, қораның алдынан көрдік», деп біраз уақыт айтып жүрді де кейіннен қойып кетті.


Шамасы, Айдархан ата о дүниеден бұ дүниеге сапарлап келуді тоқтатса керек.


Дегенмен бәріміздің көкейімізде «өлген адам да жарық дүниені қимай келіп-кетіп жүреді екен-ау», деген түсінік қалып қойды.


Сонда бұл не тылсым?


Жомарт Бекмырза

kaz.365info.kz 




Көрілген: 3186    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 14.08.2017, 10:09

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
18 Қараша, 16:43
КІСІКИІК
9 Қараша, 10:06
Түннің құпиясы
29 Қыркүйек, 11:03
Түс жору
26 Қыркүйек, 10:34
Мәңгілік өмір мекені
15 Тамыз, 10:05
Малғұндар мекені

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30