Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жол бойында бейуақыт кез болған қыз

  • © sport-xl.org

    © sport-xl.org

Сол күні мен ауылдан қалаға өз көлігіммен жолға шыққан болатынмын. Ауылға інімнің туған күнінен тойлауға барғам. Қонамын деп жоспарлаған болатынмын, бірақ басқа жағдайға байланысты түнгі сағат 12 де жолға шығуға тура келді.


Ауыл мен қаланың ортасы жапан даламен жүретін үш сағаттық жол болатын. Жолда ұйқым келіп, әлсін-әлсін көзім жұмыла берді. Сондықтан радио қосып, сергек болу үшін аузыма 1-2 кофейный конфет салдым. Біраз жол жүргенде жол бойында кетіп бара жатқан әйелді байқадым. Бет-жүзін көре алмадым. Қасынан жаймен өте шығып кете бергім келді, бірақ кім білсін қыз бала, қандай да бір жағдай болған шығар, ала кетейін, әрі жолда әңгіме айтатып барамыз деп ойлап, 5-6 метр өтіп барып тоқтадым. Мен тоқтаған бойда қызда жүрісін тоқтатты. Артқы айнаға қарадым. Қыздың киінгені біртүрлі көрінді, ұзын ақ көйлек, басында орамал. Неге тоқтап қалғанын түсінбедім. Оған ешқандай қатер төнбейтінін айтқым келіп машинадан түстім. Сосын дауыстап: «Қайда барасыз? Жеткізіп салайын ба?» деп сұрадым, бір жағынан бет жүзін көргім келді, бірақ қараңғыда дұрыс көрінбеді. Ол үндемеді. Сол мезетте ойыма «түн ортасында айдалада жүрген бұл кім болуы мүмкін» деген ой келіп, бойыма қорқыныш ұялады. Мен жаймен қайта машинаға отырдым, есікті жауып жатып «мен кеттім, сізге шынымен көмек керек емес пе?» дедім. Сол сәтте қыз алға қарай жүрді. Ол тез-тез қадаммен жақындай түсті, бет жүзін орамалымен тұмшалап алған. Көліктің артқы шамынан оның қолдарын көрдім, қолы ап-арық, тіпті сүйек дерсің, түсі боп-боз, тырнағы ұзын әрі лас еді. Менің бойымды қорқыныш биледі. Көлікке отыра сала мен барлық есіктерді құлыптап алдым, жүрегім кеудемнен шығып кетердей, қолдарым дірілдеп, оң жаққа басымды бұрудан қорықтым, себебі оң жақ есік алдында сол бір мақұлық тұр еді. Тез жүріп кетейін деп ойлағам, қас қылғанда көлік оталмай қалды.


"ТУК - ТУК - ТУК" ол терезені соға бастады. Қорқыныштан отырған күйі қатып қалдым. Оң жаққа көз қиығымды салып едім, бағанадан қыз деп ойлағаным жігітке ұқсап кетті, тіпті кім екенін айыру мүмкін емес. Ол қап-қара көздерімен маған тура қарап тұрды, ақсиған тістерін көргенде зәрем кетті. Ол адамнан гөрі мақұлыққа ұқсайтын еді.


Мен қолым дірілдеп кілтті қайта бұрып көлікті оталдырдым. ТУК - ТУК –ТУК, ол есіктің терезесін тағы соққылады. Мен газды ышқынта басып жүріп кеттім. 2-3 минуттан кейін жылдамдық жүзден асты. Газды онан сайын баса түстім. Әлгі мақұлық ілесе алмай артта қалған секілді. Сәлде болсын өз өзіме келдім. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Басымды бұрғаным сол, оң жақ есіктің терезесінен біреудің маған тесіле қарап тұрғанын көрдім. Жылдамдықты одан сайын арттыра түстім. Бірақ ол қапталдасып машинадан қалмай, жүгіріп келеді. Енді бір сәтте мақұлық терезеден секіріп кіріп мені өлтіріп тастайтындай көрінді. Оған қайта қарауға батылым жетпеді. Осылай қанша жүргенімді білмеймін, әйтеур қалаға жақындап, айналамда көліктер пайда болғанда ғана әлгі мақұлық көрінбей қалды. Бірақ бойдағы қорқыныш әлі сейіле қоймады. Үйге жеткен соң, көлігімді тұраққа қойдым. Бірақ біршама уақыт көліктен шықпай, айналама қарап отырдым. Бөтен ештеңе байқалмайды. Тұрақ маңында жүрген бір топ жастарды көрген соң, көңілім жайланып, көліктен шықтым. Ол кезде жалғыз тұратынмын. Үйге кірген соң, «ух» деп төсегіме құлай кеттім. Ұйықтап кетіппін.


Көлігімнің дабылынан оянып кеттім. Жаңағы жастар шығар деп кілтті алып терезеге жақындағаным сол еді, қорыққаннан қолымдағы кілт жерге түсіп кетті. Көліктің жанында бағанағы мақұлық тұр. Ол менің тереземе қарап тұрған секілді көрінді. Арамыз қашық болғандықтан тез есімді жидым. Келесі бөлмеден фотоаппарат алып оны суретке түсіріп алдым. Ол орнынан қозғалмай, менің үйімнің тересі жаққа қарап тұрды. Бойымды сергітейінші деп ойлап, жуынатын бөлмеге қарай беттедім. Бірақ жуынатын бөлмеге жетпей жатып, сырт есікті біреу тырналағандай дыбыс есітілді. Тоқтай қалдым. Бір кезде бағанағы таныс дауыс қайта есітілді - "ТУК ТУК ТУК"


Сол түні ұйықтай алмадым. Сол бір оқиғадан кейін түнде терезеге қарауға қорқатан болдым. Үнемі маған ол терезенің арғы жағынан қарап тұрған секілденеді.


vk.com 




Көрілген: 1969    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.02.2017, 09:28

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30