Жолайрық

Жолайрық

Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырды жияр-жимас көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге сынған сүйектер мүмкіндік берер емес.

Өзенді бойлап барып айналып айналып өтетін жаттанды жолмен жүрмей, тіке төбе басындағы зират жанынан өтетін сүрлеумен тартты. Атына қамшы үстіне қамшы басып шапқылап келеді. Зираттың орта тұсына жеткенде барып аттың тізгінін тартқысы келді. Бірақ тартпады. Тек «Дәрігер, үйінде болса екен» деп тіледі.

Зираттың тұсынан өте бергенде үлкендердің «Аруақтарды шулатпаңдар!.. Өздері асығып жатқанда зираттың қасынан жайлап өтіңдер!.. Әрі Қиямет қайым жақын деп айтыңдар!.. Бәрі Қарасат майданын, Алланың нұрлы жүзін көруге асығып қияметқайымды күтіп жатады…» дейтіні есіне түсті. Тым құрыса жаңа ғана марқұм әкесінің зиратының жанынан өткенде де, айтпапты-ау. Онан ары ойлауға мұрсасы жетпеді.

«Жаным, менің, мен дәрігер алып келгенше өліп қалмашы…» сол уайымның жетегімен атқа қамшы басуды жиілетті. Кенет тура арт жағынан біреудің еріп келе жатқанын сезді. Жалт қарады. Марқұм әкесі. Ол енді атты шаужайлады. Шапқан атпен жарысып әкесі қатарлас келеді. Әдетте аруақ туралы сөздің өзінен сонша қорқатын жігіт бұл жолы қобалжыған да жоқ.

– Кеп қалды ма?

– Нені айтасың әке?

– Қиямет қайым.

– Қайдағы, дәрігерге асығып барам.

– Ой, тәуба! Неге жалғанға жар сап жүрсің!.. Қарашы артыңа!..

Жігіт бұрылып артына қарап еді. Зиратта жатқандардың аруақтарының барлығы арттарынан шұбап келеді.

– Қайда барасыңдар?

– Иә, қайда бара аламыз. Біз бұл пәниден емеспіз ғой, қайтар жолды таба алмаймыз, бізді енді жер мекенімізге апарып тастарсың…

Жігіттің қамшысы қолынан сусып бара жатты. Көз алдында қанға малынып жанары сөніп бара жатқан қосағы, ақыретін жерге сүйретіп қайда барарларын білмей мәңгіріп тұрған әкесі бастаған қалың аруақ қалды.


Қойшыбек МҮБАРАК
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста