Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жүрегі ұстап құлап, бес күн бойы жансыз жатқан адам дұғаның көмегімен қайта тірілген

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

23 тамыз күні «Нұр Астана» мешітінде қажылық сапарға аттанғалы отырған мұсылмандар тобына уағыз айтылды. Дін істер басқармасының қызметкерлері дұғаның құдыретін мысалмен жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ  тілшісі.


«Қасиетті жерде адам баласына пайдалы көптеген нәрселер бар. Оған біздің көзіміз жетіп жатыр. «Жазылмаған дертімнен айықтым, жолым ашылды» деген адамдарды көрдік.


Қажылық маусымы келген кезде бір ақсақалға әйелі мен қызы «Қажылыққа жүріңіз, жасыңыз пайғамбар жасына жетті» деп жол жүретін барлық құжатын дайындап әкеледі. Ол кісінің қызы мен әйелі намаз оқиды. Оларға ағамыз қарсылық білдіріп: «Мен оған дайын емеспін. Әлі жүруім керек» деп қалып қойған. Оқиғаның жалғасынан Алланың құдіретінт сезесіз», - дейді болған оқиғаны баяндаған ҚМДБ- ның жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы.


Қажылық сапардан бас тартқан азамат құлшылық басталған уақытта жүрегі ұстап құлаған.


«Қажылық ғибадаты - бес күнде атқарылатын құлшылық. Қажылық басталған алғашқы күнінде ағамыз жүрегінен инфаркт алып құлайды. Дәрігерлер «аман қалуы мүмкін емес» деп туғандарына хабар берген. Қажылықта болған ағамыздың қызы мен әйелі келе алмайды.


Сол кезде қажылықта жүрген барлық мұсылман Арафаның басында бірігіп, ағамыздың денсаулығы үшін дұға жасайды. Елде қалған ағамыз бес күн бойына өмірден өткен адамдай болып жатқан. Бесінші күні есін жинайды.


Дәрігерлер ондай жағдайды бірінші рет көргендерін айтып таң қалған. Олар инфарктан тұрған адамның жүрегіне ота жасамақ болады», - дейді дін қызметкері сабақ болатын оқиғаны баяндап.


«Ағамыз «ауруымның себебін білемін» деп, барлық емнен бас тартып үйіне келген. Қажылықтан келген әйелі мен қызын «қандай қажылықтарың бар, мен дайынмын» деп күтіп алған. Ол кісі өзі дәрігер адам. Екі айдан кейін кіші қажылыққа барды. Зәмзәм суын іше берген. Келгеннен кейін жүрегін тексерсе ешбір дақты таба алмаған.


Дәрігерлердің өзі таң қалып, сене алмайтындай оқиға болды. Ол кісінің жүрегінің ауырғаны тек дәрігерлердің қағазында қалған. Кейін ол кісі үлкен қажылыққа да барып қайтты. Бұл оқиға шын ниетпен жасаған дұғаның қабыл болатынын дәлдейді. Зәмзәм суы үйіңе бірнеше жыл сақтасаң да бұзылмайтын қасиетке ие», - дейді Алтынбек Ұтысханұлы. 




Көрілген: 1778    Пікірлер: 0

жұма, 25.08.2017, 09:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30