Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жыланға айналған қалыңдық пен күйеу жігіт

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

(Жапонияның Кинки аймағының аңызы)


Баяғыда Касундан өлкесінде Авара деген аса бай біреу болыпты. Дүйім елді билеп төстеп отырған, өзінен басқаны ойламайтын ашкөз екен. Авара қарамағындағы жұртты қанай-қанай, кедейлік деңгейіне жеткізіпті. Өзі біреуге қарыз берсе өсімімен еселеп алатын сараң екен. Халық Авараны жек көріпті. Елдің алдында тойымсыздығымен сүйкімі кеткенін Авара біледі екен. Бірақ ол халықтың алғысына бөленуді ойламай тек өзінің ақша қорын молайтуды ғана көздепті. Бірінен кейін бірі салынған алтын сарайлары оның көңілінің қошын келтіріпті.


Авараның бала дегенде Аямэ есімді жалғыз қызы бар екен. Бай лайықты күйеу таңдап жүріп, ақырында солтүстіктегі текті әулеттің кенжесіне қызын ұзатады. Аварамен құда болған ел өзеннің арғы бетін жайлайтын, беделді рулардың бірі екен. Авара құдасының жерін де иеленіп алыпты. Құдалар жағы Авараның ашкөздігіне налыса да «қызын алып отырмыз ғой, болашақта қайтарымы болар» деп, кикілжіңге бармапты. Екі жас тату-тәтті тұрып жатады.


Авара қызы мен күйеу баласын да уысынан жібермепті. Күйеу баласын жеке мақсаттарына әбден пайдаланыпты. Күйеу бала Авараның құлдарымен бірге тұрмаса да, байға құлындай қызмет етіпті. Шыдамның да шегі бар ғой. Төзімі таусылған текті жігіт бірде түн ішінде қашып кетеді. Күйеу баласының өзінен кетіп қалғанына Авара қапаланбапты. Миығынан күліп отыра беріпті. «Кетсе кете берсін, жері мен мүлкі менде қалды ғой» депті бай.


«Құда болдым деп бүкіл байлығымызды, жерімізді иеленіп алды, енді ұлымыздан айырды» деп ашуланған күйеу баланың үй-іші Үкіметке шағымданып, іс сотқа дейін барыпты. Әділетсіз Авара сотқа пара беріп, істі өз мүддесінге шештіреді. Авараның озбырлығына ешкім шектеу қоя алмапты. Күйеу баланың ел-жұртына қауіп төніпті. Авара құдасын қуғындап, ақырында солтүстіктегі өзеннің арғы бетін жайлаған текті әулет қонар қонысынан айырылып, берекесі кетіпті.


Аямэ күйеуін шын жақсы көретін. Қайын жұртының қуғын-сүргінге ұшырап жатқанын өз көзімен көрген ол жоғалған күйеуін іздеп жолға шығады. Бірақ ұзақ жүрмейді. Жақын маңнан кездескен көлге келіп, күйеуінің атын атап шақырады да түбі белгісіз тереңге батып кетеді. Оның даусын естіп алыстан жүгіріп жеткен күйеу бала да жан азабына төзе алмай көлге қойып кетеді.


Сол күні қайдан пайда болғаны белгісіз, Авараның сарайында екі басты жылан шығып, күндіз-түні байдың қыр соңынан қалмайды. Ақырында Авараның мойнына оратылған екі басты жылан озбыр байды буындырып өлтіреді. Зәресі ұшқан сарай қызметкерлері беті ауған жаққа безіп кетіп, сарайда мойнына жылан оратылған Аварадан басқа ешкім қалмайды. Озбырдың түбіне жыланға айналған қызы мен күйеу баласы жетіпті дейді. Бір жыл өткенде қыз бен күйеу бала батқан көлдің жағасында қос басты бір тал ирис гүлі өсіп шығыпты. Жапондар ирис гүлін байдың қызының атымен аямэ дейтіні содан екен.


Жапон тілінен аударған

Шарапат Жылқыбаева 




Көрілген: 1520    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30