Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жынның қызы иектеп алған жігіт

  • © qazaqtimes.com

    © qazaqtimes.com

Ол кезде мен бала едім. Осыдан жирыма жылдай бұрын біздің әулеттің басынан үлкен қайғы өтті. Колхоз жұмысын істеп жүріп әкеміз тракторымен өзендегі тасып жатқан шудан шыға алмай, қайтыс болды.


Әкемізді арулап қара жерге тапсырған соң сол кезде мектептің соңғы сатысында (11-класс) оқып жүрген ағам Садық аяқ астынан сандырақтап сөйлейтін болып кетті. Өз өзімен күбір күбір тілдесіп, үйдің артындағы алма бақта жүреді де қояды. Кейде біреумен ұрсысып, кейде жылап қалады. Бала болдық па, әйтеуір ағамыздың ол қылығы бізге кино әртістерін елестетін. Еріксіз күліп, оның айналасынан шықпайтынбыз. Одан соң ағамыз түннің жарымында үйден шығып кететін болды. Жігіт болған соң түнімен көше кезу ауылды жерде жазылмаған заңдылық еді ғой, үйдегілер соған балап үндемеді. Тек анам ғана бірдеңені сезгендей, Садықтың артынан ере шығатын.


Бір күні анам жылап отырып атама Садықтың жайын айтты. Оны жын соққан секілді дегенін анық естіп қалдым. Өйткені ағам түнде сыртқа шығып кетеді екен де, моншаның қасындағы тандырдың ішіне кіріп алып біреуді еркелетіп отырады екен. Анам байқап қойыпты. Таңертең ағам тандырдың ішінде ұйықтап жататын.


Атам ауылдағы бұқарша білімі бар дейтін Жақан молданы ертіп кеп, ағамды оқыта бастады. Біз оны қызықтап, терезеден үңілеміз. Кейін молда мен атам шай үстінде сөйлесіп отырғанда молда: «жайсыз жерге жатып қалған ғой. Жынның қызы иектеп алыпты. Түнде сол оятып, тандырдың ішіне ертіп әкетеді екен. Жеті күн оқып ажыратып аламын» деді.


Қанша күн оқығаны қазір есімде жоқ, молда күнде үйге кеп, атам екеуі ағамды үшкіріп отыратын. Кейіннен ағам әлгі ауруынан құлан таза айығып кетті.


Шүкір, қазір ағам үйлі баранды. Үйленген, асықтай төрт ұлы бар. Өзі жеке бизнеспен айналысады. Кейде осы оқиғаны сұрасам, ағам ауыр ойдың құшағына сүңгіп кететін. «Мен ондай әдемі қызды әлі бұл әлемде кездестірген емеспін» дейтін сосын. «Жеңгеміздің сұлулығына жете қоймас енді» деп қалжыңдаймын мен.


Ағам сол бір қасіретті күннің елесі есіне түсіп кеткендей ауыр күрсінетін...




Есболат Мұса, ОҚО

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0

жұма, 22.02.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 22:42
    Сайтан неге адамға өш?
    13 Наурыз, 10:47
    Жылқышы қыздың киесі
    12 Наурыз, 11:04
    Суда қалқыған мүрде
    9 Ақпан, 14:35
    Көз тию деген не?
    9 Ақпан, 13:12
    Әлемнің әміршілері
    8 Ақпан, 11:10
    Аруақпен сұхбат
    31 Қаңтар, 10:06
    256 жыл өмір сүрген...
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31