Алаш баласы, айнаңа қара!

жексенбі, 30.04.2017



Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Жынның тойында қызмет қылған музыкант

  • © forum.ladoshki.ch

    © forum.ladoshki.ch

Негізі жындар адамдар арасында өмір сүретін көрінеді. Олар да үйленіп, бала-шағалы болады екен. Бірақ оларды өлмейді деседі. Сонан соң олар адамдардың көзіне көріне бермейді.


Ертеде Польша жерінде мынадай бір оқиға болған екен. Екі музыкант көрші ауылға тойға қызмет жасау үшін кешке қарай жолға шығады. Жол қысқартпақ болып, орман ішіндегі төте жолмен жүреді. Біршама жол жүргенде оларға екі атарбаға мінген бай-бағландар кезігеді. Амандасып, жөн сұрасады. Бұлар музыкант екендерін, көрші ауылға тойға қызмет қылуға бара жатқандарын айтады. Мұны естіген бай-бағландар «олар бергенінен он ес артық ақы төлейміз, біздің тойға қызмет қылыңдар» деп өтініш жасайды. Ақшаны көп төлейміз деген сөзге еліткен екі музыкант келісі кетеді. Бай-бағландар оларды арбаға отырғызып алып бір зәулім сарайға алып барады.


Тойдағы қонақтардың еркегі де, әйелі де ерекше киінген. Үстіндегілері адамдардың киіміне ұқсамайды. Құдды бір балмаскарадта жүргендей. Бәрі жүздерін жасырып алған. Бірақ неге екенін жайылған дастархан жоқ. Күйеу мен қалыңдық та көрінбейді. Ұлан-асыр тойда дастархан жайылмауы, күйеу мен қалыңдықтың болмауы музыканттардың бірінің күдігін туғызады. Бір аралықта тысқа шыққан музыкант атқосшыдан «бұл кімнің тойы, мына бай-бағландар кімдер, қалыңдық пен күйеу қайда? Сен кімсің?» деп сұрайды. Атқосшы: «бұлар ешқандай да бай-бағландар емес, олар жындар, ал мен суға батып өлген адаммын. Суға батып өлген адамдар о дүниеде жындарға қызмет етеді» дейді. Сонан соң атқосшы музыкантқа «қазір ішке кіргенде терезе алдында тұрған ыдыстағы суға саусағыңды батыр да бір көзіңе сүрт. Сонда айналаңдағының бәрін анық көресің. Бірақ одан қорықпа» дейді. Музыкант атқосшының айтқанын істейді. Саусағын суға малып бір көзіне сүрткенде айналасында секектеп жүрген жындарды көреді. Бағанағы зәулім сарай да жоқ. Отырған жерлері айналасы батпақ кішкентай арал. Алайда музыкант бұл жерден кеткенше көргендерін қасындағы серігіне айтпауды ұйғарады. Той біткен соң бағанағы бай-бағландар келіскен ақысын алтынмен төлейді. Сол сәтте айналада белгісіз бір құбылыс болады да, зәулім сарай да, бай-бағландар да жоқ болып кетеді. Бұлар аң-таң болып тұрғанда, бағанағы той ақысына берген жұдырықтай алтын адамның бас сүйегіне айналады. Сол кезде таң атып, бірден күн жарқырап шығады.


Сол оқиғадан кейін музыкант бір көзімен адамдар арасында жүрген жындарды көре алатын болады. Бірде ол базар аралап жүріп, баяғы бұларды тойға қызмет қылуға апарған жынды байқап қалады. Музыкант ақырын барып әлгі жынды ұстап алады. Одан тойдың қызмет ақысын талап етеді. Жын «үйге жүр, сол жерде ақыңды берем, бұл жолы алдамаймын» дейді. «Адамдар бізді көре алмайды, бірақ сен мені қалай көрдің, соны айтшы» деп сұрайды. Музыкант ағынан жарылып «мына көзіммен жындарды көре аламын» дейді. Сол кезде жын музыканттың сол көзін ойып алады да жоқ болып кетеді.


(Мақала орыс тілінен аударылған)


Алаш айнасы 




Көрілген: 1715    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.01.2017, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 08:45
    Бала жылаған үй
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз
    24 Ақпан, 09:14
    Сайтан қабір
    23 Ақпан, 09:20
    Жұмбақ ауыл
    17 Ақпан, 09:57
    Үш жасар көріпкел
    13 Ақпан, 09:53
    Мәйітханадағы түн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30