Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қабірстанда болған оқиға

  • © commons.wikimedia.org

    © commons.wikimedia.org

Жоғарғы класта оқып жүргенде жаз айларында ұл балалардың көбі уақытша жұмыс істеп, ақша табуға тырысатын. Ол кезде балалар істейтін жұмыс та көп еместұғын. Оған қоса жауапкершіліктен қорқып балаларды жұмысқа алмайтын. Сондықтан таныс-біліс арқылы ізестіріп, табылған жұмысты істей беретінбіз.


Сол жылы жазда көршіміз қабірстандағы табытшыға көмекші қажет екенін айтты. Табытшының аты-жөнін сұрап алдым да қабірстанға бардым. Көршінің жібергенін айттым. Табытшы көп сөйлемейтін кісі екен. Маған міндетімді қысқашы түсіндіріп, алатын жалақымның мөлшерін айтты да қолыма көше сыпыратын сыпыртқы ұстатты.


Менің міндетім – қабірстанның ішін сыпырып-тазалау. Сонан соң табытшыға белгісіз адамдарды жерлеуге көмектесу. Белгісіз, туған-туысы жоқ адамдардың жиі жерленетінін сонда білдім. Табытшы оларды киіндіріп, табытқа салып көмеді екен. Сол үшін үкіметтен жалақы алады және тапсырыспен табыт жасап көлденең ақша табатын көрінеді. Сондықтан қабірстанның ішін тазалауға уақыты жетпейді екен.


Солай жұмыс басталды. Тек дайын табыттар мен белгісіздердің мәйіті тұратын қойманы тазалау маған қиындау болды. Өйткені қойманың ішінде үнемі жағымсыз иіс тұрады. Сонан кейін ол жерде мәйіттердің жатқанын білген соң, бойымды қорқыныш билеп, мазам кететін. Әйтеуір тез-тез сыпырып-тазалап, шығып кетуге асығатынмын. Қорыққан соң ішін тазалағанда қойманың есігін ашып қоятынмын.


Бірде, әдеттегіше қойманың есігін ашып қойып, ішін тазалап жатқам. Жел ұйытқып, қойманың есігі жабылып қалды. Қорыққаннан құйқам шымырлап кетті. Жүгіріп барып есікті ашайын десем есік ашылмайды. Әрі-бері жұлқыладым, ашылмады. Бойымды қорқыныш билей бастады. Көзіме табыттар қозғалып, табыт ішінен ыңыранған дауыстар шыққан сияқты болды. Табыттардың ағашы сықырлайтын секілді. Жаным мұрнымның ұшына келді. Сол сәтте ту сыртымнан біреу «әй» десе жүрегім жарылып кететін шығар. Енді шындап қорқа бастадым. Есікті соққылап, айғайлап табытшыны шақырдым. Қас қылғанда табытшының табыт жасайтын шеберханасы қоймадан әудем жерде орналасқан еді. Қанша айғайласам да ол кісіден жауап болмады.


Түс ауған мезгіл болатын. Ондай кезде қабірстанға келушілер де некен-саяқ болады. Енді ешкімнен қайран болмасын ұқтым. Шығатын жер іздеп, жан-жағымды көзбен шола бастадым. Іздегенім табылғандай. Қойманың жоғарғы жақ қабырғасындағы кішкентай тесіктердің біріне адам сиятын сияқты. Бірақ дәл сол тесіктің астында екі қабат сөре тұр. Бірінші қабатында табыттар жинаулы екен. Ішінде мәйіт бар шығар деген ой келгенде жон арқымнан құмырсқа жүгіріп өткендей болды. Денем тітіркеніп кетті.


Бірақ өзге амал жоқ. Не болса да бірінші қабаттағы табыттардың үстінен аттап, екінші қабатқа шығып, тесікке жету керек. Енді мында тағы біраз тұрсам табыттар жүре бастайтын сияқты. Тәуекелге бел байлап, төр қабырғадағы сөреге қарай жүрдім. 4-5 қадам басқанда оң жақ қабырғада сүйеулі тұрған табыт құлап кетті. Қақпағы ашылып, ішінен адам секілді бірдеңе маған қарай домалағанда жан даусым шығып айғайлап, сөреге қалай шығып кеткенімді білмей де қалдым. Сөренің екінші қабатына шыққан соң артыма қарасам, жаңағы табыттан домалап шыққан ескі дорожка екен. Ол жерден тез шығуға асығып қабырғадағы тесікке қарай жүре бергенде сөреге төселген тақтай сынып кетіп, бірінші қабаттағы табыттың үстіне түстім. Қақпағы ойылып, бір аяғым табыттың ішіне кіріп кетті. Сол сәтте сөренің жақтауынан ұстап үлгердім. Аяғыма ағаштың жаңқасы кіріп, жанымды шығарып барады. Қанша талпынсам да аяғымды табыттан шығара алмадым. Құдды аяғымды қақпан қапқандай аяғымның ауырғаны жаныма қатты батып барады. Бұл қақпаннан өзім құтыла алмасымды білген соң бар даусыммен айғайлап, көмекке шақырдым. Абырой болғанда сол сәтте табытшы темекі шегу үшін шеберханадан шығып, менің айғайымды есітіпті. Ол келіп есікті ашқанда жарық дүниенің есігі ашылғандай болды. Ол табыттың қақпағын сындырып аяғымды босатып, мені жерге түсіріп алды. Бірақ мен өздігімнен жүре алмадым. Аяғым ауырып бастырмады.


Табытшы мені машинасына отырғызып, дәрігерге апарды. Аяғымның қанын сүртіп-тазалаған соң не болғанын сұрады. «Аяғыма ағаштың жаңғасы кіріп кетті» деген жауабыма таңырқай қараған дәрігер «жарақат ағаш жаңқасынан емес, мынау тістердің ізі» дегенде біз аң-таң болдық. Сонан соң дәрігер менің аяғымды дәкемен таңып болды да табытшыға «сіз қала тұрыңыз» деді де, маған «сен дәлізге шығып күте тұр» деді.


Олар 5-10 минуттай сөйлесті. Дәрігердің алдынан шыққанда табытшының жүзінен үрей байқадым. Қанша сұрасам да ол дәрігердің не дегені жайлы тіс жармады.


Сол жағдайдан кейін жұмысты қойдым. Аяғым жазылғанға дейін үйде жаттым. Арада екі ай өтпей табытшы жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ол жайлы көршіден естідім. Әлі күнге дейін «табыт ішінде аяғымды қапқан не болды екен?» деген сауал ойға жиі оралып тұрады.




(Мақала орыс тілінен аударылған)

 
alashainasy.kz/




Көрілген: 1673    Пікірлер: 0

жұма, 16.11.2018, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы
    19 Желтоқсан 2018
    Әулие қыз
    11 Желтоқсан 2018
    Әуеде құстай ұшқан ат
    3 Желтоқсан 2018
    Сайтан қабір
    29 Қараша 2018
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша 2018
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша 2018
    Тарғыл мысық
    15 Қараша 2018
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша 2018
    Есік қаққан елес
    4 Қараша 2018
    Елес қыз
    4 Қараша 2018
    Өмір деген түс
    20 Қазан 2018
    "Өлім жолы"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31