Қара мысықтың касиеті

Қара мысықтың касиеті

Үй жануарларын атап айтқанда ит пен мысық асырайтындар өзгелерге қарағанда 4-5 жыл артығырақ өмір сүреді. Бұл жалған емес. Бұл жайында «пет-терепия» деген термин енді. Ал Ресейде халықтық медицинада үй жануарларымен емдеуді «анимало-терапия» деп атайды. Яғни, жануарлар арқылы адамды түрлі дерттен айықтыруға болады екен. Қалайша?

Біріншіден, жануарлар адамға жақсы көңіл күй сыйлайды, өмір сүру белсенділігін арттырады. Бұл әсіресе, жалғызілікті адамдар үшін пайдалы. Олар қамқорлық пен назарға ғана ілікпейді, жақсы дос та бола алады. Төрт аяқты жануарлар егесін табиғатынан қандай, тіпті жасына қарамастан сол қалпында жақсы көреді.

Екіншіден, адамдарды түрлі ауыр деген дерттен айықтыруға ықпал етеді. Бұл жайында толықтай соңына қарай тарқатып айтатын боламыз.

Үшіншіден, психологиялық тұрғыдан осы сала маманының қызметін алмастырады. Еуропаның кейбір елдерінде пет-терапия арқылы күйзеліс, аутизм, Дауна синдромы, ми қызметінің түрлі бұзылыстарын, тәуелділік пен агрессияны емдейді.

Үй жануарларының ішінде науқасқа көмек қолын созатын «дәрігер» мысықты бөле жарып айтуға болады. Мысық адамдағы дерт көзін өзі тауып алады да өзінше емдеуге тырысады. Кейбір адамға жолай бермейтін мысықтың өзі науқасты көрсе жақындай бастайды екен. Мұны зерттеушілер адамдар мен жануарлар арасында құпия биологиялық, энергетикалық байланыс бар екендігімен түсіндереді. Мысық жалпы тәуелсіз өз бетімен жүретін жануар. Дәрігерлік көмегін бергісі келмесе – олар сол сәтте-ақ, ыршып секіріп кетеді. Ұлпа жүнді мысықты қасыңызда зорлап ұстайтын болсаңыз емінің ешқандай нәтижесі болмайды. Егер ол науқастың ауырған жеріне жатса, қатты пырылдаса онда ем нәтижесі бірнеше есе артады. Енді мысық арқылы қандай ауруды емдеуге болатындығы жайында айтатын болсақ.

Остеохондроз дертінде: арқаға мысықты жатқызады. Күнделікті сеанс ұзағырақ болса, емі нәтиже береді. 3-4 емдік шарадан кейін-ақ науқас жеңілдейді.

Өкпе ауруында: 8 минуттай жануарды кеудеге отырғызады. Содан соң науқас ішпен жатады да мысықты арқасына, жауырынның үстіне жатқызуы тиіс. 10-12 емдік шарадан соң ауырған жан дертінен айыға бастайды.

Гипертония: бұл дерт кезінде мысықты жаға секілді мойын тұсында күніне 3-4 рет ұстайды. Емдік шара – 8-15 рет.

Асқазан мен ішек ауруларында: мысықты кеуде тұсына жатқызады. 5-7 минуттық сеансты 7-12 рет қайталайды.

Депрессия: күніне үй жануарымен 15 минут ойнайды. Бұдан адамның

көңіл күйі көтеріледі. Ауруды емдеп ғана қоймайды, қауіптілік пен бақытсыздықтан сақтауға тырысады. Жалғыздық пен күйзелістен арылтып, егесіне энергия береді. Егесі невралгия немесе артритпен ауырса сол жеріне жақындайды, ары-бері денесін үйкейді, жатып, денесін жылытып, қыздырады. Қатты пырылдап, ауырған нүктелерді тырнақтарымен тауып алады да өзінше массаж жасайды.

· Жүрек талмасы, қан қысымының жоғарылауынан мысықтар егесін сақтандырады. Бұл үшін олар сағаттап, тіпті күні бойы ұйықтамай, нәр татпай науқас адамның жанында пырылдап, массаж жасайды, денесін жылытып дертін жеңілдетеді.

· Адам ашуланғанда не болмаса қатты шаршағанда да үй жануары жанынан бір сәтте кетпейді. Бұл кезде оған мінез көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені мысық егесін бұл жағдайда тыныштандыруға, сабасына түсіруге көмектесетінін ұмытпаңыз. Осы арқылы аурудың алдын алуға күш жұмсайды.

· Ғылыми зерттеулерге қарағанда мысық жүйкені тыныштандырады, қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды, бас және буын ауруларын болдырмайды, жүректің жұмысын реттейді, жарақаттың тез жазылуына септігі тиеді, іштегі қабынуды емдейді. Оны сипалағанда, сөйлескенде жүні адамға қуат береді, белсенді нүктелердің жұмысын жақсартады да ауырсынуды болдырмайды.

«Мыңнан бір мезеттен»:

Мысық ит тәрізді өз иесіне адал серік бола алмайды. Өйткені мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшін жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшін асырады. Алайда, шын мәнінде, мысықтың Жер бетіндегі негізгі қызметі тышқан аулау да емес. Оның негізгі миссиясы – өзі тұратын үйді аластау, ондағы тыныштық пен үйлесімділікті сақтау. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесі мысықты қумай, оны паналатып, «сиқырын» іске асыруға мүмкіндік беру керек екен.

«Қара мысық алдынды кесіп жүгіріп өтсе, жолың болмайды» деген ырым бар. Алайда, бұл қара мысықтың кесірі тиеді деген сөз емес. Қайта керісінше, мысық жолды кесіп кету арқылы сізге белгілі бір қауіп-қатер төнгенін сездіреді, сөйтіп, теріс нәрседен арашалап қалғысы келеді. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түсті мысықтың өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабілеті әлде қайда мықты, әрі ол теріс энергияның түгін қалдырмай жұтып алатын көрінеді. Кейбір экстрасенстердің үйлерінде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле-жаладан корғап, үйді аластап береді.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста