Қарғыс ұратыны рас па...

Қарғыс ұратыны рас па...

Ата-анамыз ес білгеннен «Қарғыс алма, алғыс ал» деген нақылды құлағымызға құйып өсірді. Осы сөздің әбден санамызға сіңгені соншалықты бес күн жалғанда ешкімнің ала жібін аттамай, кім-кімнің де көңіліне қарап жүргенді қалаймыз. Қарғыс дегенді естігенде тұла-бойымыз тітіркеніп, еріксізден көңіл-күйіміз құбыла түседі.

Өмір болғаннан кейін бәрі де кездеседі. Мына жалғанды жалпағынан басқысы келетін жандар да аз емес арамызда. Әрине, олар тура жолдан тайқып, арамдықты алдына шығарып, талай адамның наласы мен қарғысына қалып жататыны тағы бар. Қазақта «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген тәмсілдің бар екендігі осындайда тағы бір мәрте ойға орала түседі. Лайым, қай-қайсысымыз болсын, қарғыс пен наладан қашық жүргеніміз абзал болар еді. Өкінішке қарай, бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді елдің арасында талай-талай жұмып басты пенденің бар екендігін ұмытпайық.

Шындығында, қарғыс тектен-текке айтыла бермейді. Ол ашу-ызадан туындайды. Біреу екінші бір адамнан әбден зәбір көреді. Осындай азапты өіміріне жанына батқан адам жәбірлеушіге айтқаны қарғыс екенін біз қайталап айтып жатпай-ақ қоялық. Ғалымдар оны парапсихологиядағы тіршілік иесінің жәбірлеушіге қарсы кері әсерлі қуаты күші деп санайды. Атамыз қазақ ежелгі кезеңнен қарғысқа өте сақ қараған. Бұл сөз ертедегі түркі жазбаларында кездеседі. Мәселен, Махмуд Қашқаридің сөздігінде «қарғыс» мағынасындағы сөздердің бірнеше нұсқасын байқаймыз. Ол сөздікте қарғағ, қарғыш деп көрсетілген. Аталмыш сөздіктен қарғыс сөзінің төркіні боларлық алғашқы мағынаны да көзге ұшыратамыз. Дәлірек айтқанда, онда қырға – ұрысу, балағаттау, қырғағ – ашы, ыза, қаһар жаза ұғымдары ретінде сипатталады. Сондай-ақ, қазіргі түркі тілдерінің ішінен якут тіліндегі қарғыс сөзінің алғашқы түрнұсқасы мен мағынасы боларлықтай мәліметтер бар. Оларда харгыс сөзі кедергі, бөгет болу, қиындық туғызу дегенді білдіреді.

Өмірде талай жағдай орын алады. Кейде сондай қарғыстан бүтін бір әулеттің тұқымы тұздай құрып кетіп жататынын білеміз. Алысқа бармай-ақ, кезінде халықты қанша қиындыққа ұшыратқан кейбір адамдардың өмірінің соңы қайғылы аяқталғанын ешкім де жоққа шыға алмайды. Осының салдарынан кезінде әркімге тізесі батқан кейбір билік басындағы адамдар егде тартқан шақта қандай қиындықпен бетпе-бет келгенін аңғару қиынға соға қоймайды. Өткен ғасырда қазақтың санының азюына барынша ықпал жасаған кейбір кісілер осылайша пәни өмірдің өзінде халықтың қарғысы мен наласынан тиісті жазасын алып жатты. Халқымызда «Қара жерді жамандама, қайтып сонда барасың, қауым елді жамандама, қарғысына қаларсың» деген нақыл осындайды жұмыр басты жандарға тағы бір мәрте түсіндірсе керек-ті.

Сөз орайында айтқанымыздай, қазақ халқы қарғысты орынсыз ешқашан қолданбаған. Оны көнекөз қариялар өмірінен көріп өстік. Ақжаулықты әжелеріміз ешқашан қарғыс немес лағнет айтуды дұрыс көрмейтін. Реніш туған адамының өзіне «Тұқымың жайылғыр» деп айтатын аналарымыз қарғыстың түбі жаман боларын аңғарған секілді. Сол себепті ет-жақынына ешқашан жамандық тілеместен барынша сыпайы болуға тырысқан секілді. Олай болмаса, кейбір әулеттер мүлдем азайып немесе жоғалып та кеткені ел арасында тілге тиек етіліп жатады. Мәселен, халық наразы болған немесе бір адамға әбден тізесі батқан жандар ұрпақсық қалып жатады. Болмаса, оның ұрпағы мүлдем аз болатыны тағы да рас. Мысалы, кейбір әулеттер тек қана бір баладан ұрпақ өрбітіп, ол бірнеше атаға дейін созылып жатады. Оны қарғыстың күші демей көріңізші.

Он сегіз мың ғаламның құпиясы көп-ақ. Оның тылсымына әлі күнге дейін ешкім бойлай алған емес. Ондай құдіретке адам баласының қашан қол жеткізетіні де белгісіз. Қазіргі ғылым мен техника дамыған уақыттың өзінде мұндай тылсым құбылысқа тереңінен бойлай түсуге ешкімнің шамасының келетін түрі жоқ.

Осы тақырыпты зерттеп жүрген азаматтардың айтуынша, қарғыс адам өміріне өте қауіпті құбылыстың бірі саналады. Жалпы, қарғыстардың ішінде ең жаманы ет-жақының айтқан осындай наразылық. Айтпақшы, бала кезден санамызға шегеленген «Әке қарғысы – оқ» ден нақыл да бәріміздің ойымызға ең алдымен оралады. Тағы бір айта кетерлігі, кейде өзінің бауырына немесе баласына әбден наразыға болған бірқатар кісілер теріс батасын беріп жатады. Ол да өте жаман қарғыстың бірі болып есептеледі екен.

Қазіргі күні ондай қрағыс дегенді ешкім ескере бермейтін болды ма? Мұндай сөзді ес тоқтата қоймаған жастар түгілі әбден оң-солын таныған егде жастағы кісілердің аузынан шығып жатады. Тіпті, өзінің немересіне ата-әжесі «тұқымың құрғыр», «демің өшкір» деген секілді жаман сөздерді айтып, балағаттап жатады. Әрине, оның ешбір дұрыс емес екенін білсек те, демімізді ішке тартып, іштен тынып жататынымыз тағы бар. Сондықтан аузымызды ашарда не айтарымызды асықпай ойланып алғанымыз артықтық етпесі анық.

Қашаннан да біз бүгінгі күнмен шектеліп қалмағанымыз абзал. Ұрпақтың келешегіне де көз салып, олардың қарғыс алмауын қадағалағанымыз жөн болар еді. Себебі, бүгінгі күні екінің бірі түрлі жаман әдеттерге жақын жүріп, елдің наразылығын туындатып жатады. Әрине, оған әбден ашынған халық өзінің ішіндегі наласын сыртқа шығарып жатады емес пе? Заң жазасынан құтылып кеткенмен, олардың ар жазасынан ешқашан құтыла алмайтыны айдан-анық.

Қарғыс туралы ойланғанымыз артық емес. Өйткені, он сегіз мың ғаламның құпиясына айналған құбылыстар тілімізге абай болғанын ескертеді. Қазақтың «Бір елі ауызға екі елі қақпақ» дегені содан болар....

Ж.Қорған.

alashainasy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста