Кентаврлар туралы аңыз қайдан шықты?

Кентаврлар туралы аңыз қайдан шықты?

Адамзат жаралғалы бері қиял-ғажайып ертегілер мен аңыз-әфсанаға жаны құштар. Кез келген халықтың фольклорын қарасаңыз, онда алуан түрлі шытырман ситуациялар мен фантастикалық жан иелерін кездестіре аласыз. Әрқайсымыз бала кезімізден русалка, минотавр, гарпийлер, сфинкстер туралы көп оқығанбыз. Бұл жерде неге адам баласы өзінің түр-тұлғасын өзгертуге, басқа жан-жануарларға айналуға немесе жартылай адам, жартылай аң болуға құмар боп келеді деген сұрақ туады.

Психолог-ғалымдар бұны адамзатпен қоса жаралған біздің мифологиялық санамызбен байланыстырады. Яғни, Жаратушыға ұқсағымыз келгені. Бар дүниеден өзге дүние жасауға, қабыстырып, бітістіруге жақынбыз. Оған мысал ретінде әлем әдебиетін алуға болады. Жер бетінің қожасы қиял мен фэнтэзиге жақын болмаса, біздің өмірде мәдениет, оның үлкен бір саласы — әдебиет те болмас еді. Кез келген адамның психикасының қалтарысы мен бұлтарысында кәсіпқой қаламгерге бергісіз керемет шедевр идеялар жатуы ықтимал. Бірақ, күнделікті күйбің тіршілікте әлгі қарапайым адам оны сезіп, білмей кететіні шындық. Яғни бәрімізге Жаратушы біздің санамызға шығармашылық қасиетті берген десек, қателеспейміз. Тіпті, болашақ баламыздың түрі мен қылықтарын да елестете алатынымыз да соның айғағы.

Ежелгі дәуірде жазу мен сызу болмаған. Оның орнын ауыз әдебиеті толықтырып отырғаны белгілі. Ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған аңыз, ертегілер әр буын сайын түрленіп, жаңа кейіпкерлер мен тың оқиғалар қосылып, құбылып, дамып отырды.

Алайда, мифтің, ертегі мен әр түрлі әфсаналардың артында белгілі бір деңгейде шындық жатуы мүмкін екенін де ескергеніміз жөн. Мәселен, осы мақаланың өзегіне айналып отырған таңғажайып кентаврларды алайық. Кентаврлар жайлы аллегориялық оқиғаларды біз ең алдымен грек мифологиясынан білеміз. Оның ішінде кентаврлар жайлы жан-жақты баяндалған Аполлоний Родосскийдің «Аргонавтыларынан» кездестіре аламыз. Бұл шығармада Зевс Иксион атты патшаға қатты ашуланып, жаза ретінде оны шеңберге таңып, аспанға аттандырып жібереді. Аспанда дөңгелеп жүріп әлгі Иксион бұлттан жаралған бір құбылысқа үйленіп, олардың арасынан кентавр атты тіршілік иесі пайда болыпты деседі. Кентаврларды кей шығармаларда әкесінің атымен «иксиондар» деп те атайды. Гректердің жоғары құдайы Зевстің қаһарына ұшырағандардың ұрпақтарын «тәккаппар», «қарғысқа ұшырағандар» деп те суреттейді.

Бұл мақұлықтар (кентаврлар) хариты атты сұлулық құдайларына жат, озбыр һәм мәдениетсіз варвар ретінде көрсетіледі. Өркениетті қоғамға Иксион ұрпақтары — кентаврлар үнемі шабуылдап, тыным бермейтін көрінеді.

Фессалия әфсаналарында кентаврларды лапифтер деп те атаған. Овидийдің «Метаморфозы» атты шығармасының 12-ші кітабында өркениетті әлем мен жабайы әлемнің соғысы баянадалады. Бұл жерде де кентаврлар айдаладан ұрандап келіп, тыныш жатқан еуропалықтардың мазасын алып отыратын тағы тайпалар ретінде көрсетіледі. Оның үстіне грек ақыны Овидий бұл тайпалар дала соғысына келгенде өте әккі, батыл һәм ғаламат күш иелері деп жырлайды.

Грек аңыздарының барлығында кентаврлардың екі табиғаты ашылады. Бірінші олардың физикалық қуаты сипатталса, екіншісі олардың мәдениет атаулысына жаны қас варвар ретінде сипатталады. Алайда, олардың да арасында кемеңгерлері мен әлем жаратылысының құпиясын сақтаушы данышпандар да бар екені мойындалады.

Осы орайда біз дәл осындай мифологиялық тіршілік иелері туралы ақпараттың қайдан шыққанын талдап көрелік.

Кентаврлар жайлы ақпарат ескі Еуропа әлемін дүр сілкіндіріп, ұлы үрейге бөледі. Отырықшы еуропалықтар үшін кентаврлар деген бөлек мәдениет иесі, салт-дәстүрі мен өзгеше дүниетанымы бар бейтаныс адамдар болып шықты. Егер ең алғаш атқа қонған адамдар — сақтар болса, ең алғаш Еуропаға үлкен соққы берген кентаврлар біздің ата-бабамыз — ғұндар болған десек, жалған сөзге ұрынбаймыз. Аммиан Марцеллин біздің аталарымызды суреттей келе: «Бұлар соншалық дүлей күштің иесі. Олардың мойындары жуан, дене бітімі мығым, сымбатты келеді. Ат үстінен түспейтін бұл қорқынышты адамдарды төрт аяқты хайуан деп те қаласың. Олар от жағып, ас әзірлемейді, жартылай қақталған етті тақымына басып алып, ат үстіне күнелтеді. Олардың тым құрығанда, төбесі қамыспен жабылған үйі де жоқ, бесіктегі баласы туа сала аштық пен шөлге төтеп бере алатындай тәрбиеде өседі» — дейді.

Жоғарыда айтқанымыздай кез келген мифтің негізі болуы тиіс. Кентарвлар туралы аңыз-әңгіме біздің бабаларымыздың Еуропаны жаулау кезеңінде тууы ықтимал деген ой біздің көңілге қонатыны жасырын емес.


adyrna.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста