Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Клиникалық өлімге ұшырап, о дүниеге барып келдім

  • Клиникалық өлімге ұшырап, о дүниеге барып келдім

    Клиникалық өлімге ұшырап, о дүниеге барып келдім

Сырқаттанған соң жұмыстан сұранып, үйге келе жастыққа қисайып едім, көзім ілініп кетіпті. Кенет, тұңғиық шыңырау бойымен құлдилай жөнелдім. «Не болды?» деймін түкке түсінетін емеспін. Бір кезде аппақ дүниенің ішіне ендім. Аспан ашық, күн нұрын шашып тұр. Төңірегім абыр-сабыр, толған халық. Ан-таң болып, жан-жағыма қараймын, биік жасыл дарбаза есігінің алдында ақ жаймаға оранып, ығы - жығы кезек күтіп тұрған халықты көрдім. «Жұрт қызығатындай дарбазаның ішінде не керемет бар екен, мен де ішіне кіріп көрейін» деген оймен дарбазаның есігіне жақындай бердім. Дарбаза есігі ашылған сәтте ішіне тобырымен кірген халықтың қайта шығуы жоқ. Дарбаза- халықты қайта-қайта жұтып жатты. Мен айран-асыр болып, шетсіз-шексіз кезектің соңын ала тұрдым. Кезегім келіп дарбаза ішіне ене беріп едім, о, тоба қарсы алдымнан әкемнің шыға келгені.

Мен тосылып тұрып қалдым. Иә, бала кезімде жадымда жатталып қалған әке бейнесі! «Әкем о дүниеде емес пе еді, тіріліп кеткені ме, мені танып тұр» деп көкірегіме кептелген сағынышымды тежеп. Бірақ, әкем қуанудың орнына маған тарпа бас салды: «кет үйге, бұл жерге саған келу ерте» деп мені дарбаза ішіне кіргізбей кері қуа бастады.

«Әке! Бұның не? Аула ішінде не бар, соны көріп кетейін» деп дарбаза ішіне өршелене ұмтылып едім, әкем жолымды бөгеп: «Егер осы есіктен әрі өтсең, ешқашан кері шыға алмайсың, кеш болмай тұрғанда үйге қайт, уақыты келгенде келесің» дегеніне, бой бермеген соң, әкем жүрек тұсымнан жұдырығымен қойып қалғанда, жүрегім шым ете түсті, көзімді ашсам әйелім жүрегіме массаж жасап отыр екен. Менің ес жиғанымды көрген зайыбым:

-Уһ, жүрегім орнына түсті-ау. Сен ұйықтап жатқан соң, үстіңе жамылғы жабайын десем, тынысың тарылып, қырылдап жатсың, содан жанталасып жүрегіңе массаж жасай бастадым, әйтеуір есіңді жидың-ау, - деді жыламсырап.

Өзім көрген көріністерді ой елегінен өткізіп зайыбыма:

- Жаным денемнен бөлініп, бір аппақ әлемге бардым, үлкен жасыл дарбаза алдында ақ жаймаға оранған сансыз көп кісілермен дарбаза ішіне кірейін деп едім, алдымнан әкем шығып, мені дарбазаның ауласына кіргізбей кері қуып жіберді. Мен әкеме ренжісем, ол мені өлілер мекенінің табалдырығынан үйге қайырған екен, - дедім.

- Онда әкең Алланың рахымында деп ойла, иманы кәміл, жаны жәнәттә болсын, өзі саған қамқор бола алмаған соң, сені балаларыңа, немерелеріңе бас-көз болсын, өзі көрмеген қызықты саған көрсін деп кері қайырған ғой, - деген әйелімді мен де қоштап «Әке, иманың кәміл, жаның жәнәттән болсын» деп әкеме дұға бағышыладым.

Содан американдық дәрігер, реаниматор Реймонд Мудидің «Өлімнен кейінгі өмір» деген кітабімен танысып, ондағы баяндалған оқиғалар желісі клиникалық өлімді басынан өткерген адамдардың өз ауыздарынан жазып алынған шынайы деректері екеніне көзім жетті, өйткені ол естеліктер өзімнің басымнан өткерген уақиғамен ұқсас еді. Яғни мен де «клиникалық өлімге» ұшырап, о дүниеге барып келген екенмін ғой деп топшыладым. Ал әкемнің рухы мені Тәңірлер мекеніне уақытымнан бұрын келгенімді қаламай фәниге қайта қуыпты, - деді досым Ернар «тылсым дүние» туралы әңгіме қозғалғанда.


Ерсін Ерғалиев




Көрілген: 1670    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 12:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Желтоқсан, 11:17
    Әуеде құстай ұшқан ат
    5 Желтоқсан, 10:54
    Тірідей жерленген кейуана
    3 Желтоқсан, 10:56
    Сайтан қабір
    29 Қараша, 10:53
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31