Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Көлдегі елес ару

  • © lazilla.com

    © lazilla.com

Кешкісін көл бойына барып бой сергітуді әдетке айналдырғанмын. Көлдің терең түбінен дірілдеп ай көрінетін. Көл түбіндегі айдың бетінен әппақ аруды көремін. Жағалаудағы кішкентай төбешікке қарап отырып айға мұң шағатынмын.


«Сен айнаға, мен көлге қараймын. Жаныңа барар едім амалым жоқ жете алмаймын. Маған қарағанда құдіретті шығарсың келсеңші менің қасыма». Ай үндемейді. Сосын қайта сыр шертетінмін. «Жарайды, аспанның еркесі, мынау алдамшы жерге қызықпассың, мұнда келмейсың ғой әрине, мені өзіңе алып кетсеңші…». Осы сөздерді қанша қайталадым кім білсін бір уақытта көлдің мен отырған жақ шетіне бірдеңа шоп етіп түсті. Енді ай екеу болып көрінді. Мен орнымнан атып тұрдым. Жақын барып, жаңағы түскен нәрсеге қарадым. Кәдімгі дөп-дөңгелек айна. Қолыма алып едім, қыздың сық-сық күлген даусы естілді. Айнаны қалтама жүгірте салдым да үйге қарай безіп жөнелдім. Үйге келдім де, көрпенің ішіне кіріп алып қол шырағымды жағып айнаға қарадым. Айнада әппақ қыз мойныма асылып тұр. Селік ете түстім. Жанымда ешкім жоқ. Таңға кірпік ілмедім. Айнадығы мойныма асылып тұрған арудың келбетіне көз тойдыра алар емеспін.


Тәңертең шайымды асығыс іштім де айнаны ішкі төс қалтама салып сыртқа шықтым. Есіктің алдында сақал-мұрты қудай бір шал тұр. Мен сәлем беріп болғанша, «сайтанның сапалағы, әкел ана айнаны. Сенің тегің топырақ, оның тегі от, әуре болма өртеніп кетесің» деп, келді де менің қойныма қолын жүгіртіп ішкі қалтамнан айнаны алды да жерге аяғымен таптай бастады. Таласуға тіпті бір ауыз сөз айтуға шамам жетер емес, жансызданып бара жатқан сықылдымын. Құлағыма ышқына шыңғырған қыздың даусы жетті. «Кеште терезеңді мықтап бекіт! Көл жаққа барушы болма… кет бұл жерден қайтып оралушы болма алысқа кет.. қанша алыстасаң сонша жақсы…». Шалдың одан ары не айтқаны есімде жоқ. Талықсып барып ұйықтап кетіппін. Оянғанымда қайта кеш батқан екен. Бөлменің іші тас қараңғы. Шырақ жақпақ болдым. Бірақ түймесін таба алмадым.


Терезенің пердесін ұстадым. Шалдың тәңертеңгі сөзі құлағыма келді. Қолымды пердеден тарта бере терезенің ар жағынан қыздың қыстыға өксіп-өкісіп жылағанын естідім. Жылағанын қояр деп күттім. Қыздың өкісігі онан арман күшейе түсті. Жан-дүниемді езіп барады. Ақыры пердені қайырып тастадым. Терезеден түскен ай сәулесінің арасынан айнадағы қыздың бұлдыр елесі көрінді. Маған жалына бастады:


«Жаным, мені қинамашы, мен мұнда қала алмаймын. Сен өзің шақырған ең ғой бірге кетеміз… тым болмағанда мені көлге жеткізіп салшы сосын өзім-ақ кетем….». Мен шалдың айтқандары туралы ойландым. Дегенмен қыздың нұрлы жүзі мені өзіне әбден баурап алған еді. Жылатқым келген жоқ. Дегенмен өз-өзіме серт еттім, тек көлді көрсетем, ары бармаймын.


Қыздың бұлдыр елесін ертіп көлге қарай келе жатырмын. Көл көрінгенде:


– Көл әне мен ары бара алмаймын, – дедім.


– Тым құрғанда менімен бірге кетпесең де менің елес бейнемді емес, нақ болмысымды көргің келмей ме? Деп сұрады ол.


Мен қайта ойландым. Айнадағы кескінге деген ғашықтығым ақыры өзіме берген уағдамнан тайдырды. Қызбен бірге көлге келдім.


Қыз елесі жаймен сырғып барды да суға шоп етіп батып кетті. Судың ішінде ай дидарды әппақ көйлекті ару.


– Кел бері, маған деген ғашықтық сезімің рас болса менің ернімнен бір сүйші.


Мен суға секірдім.


Есімді жиғанымда үстімізде лыпамыз жоқ ол екеуіміз айда отырмыз.


Жердегі айнаға қарадым. Айнаның бетінде қыздың әппақ көйлегі мен менің құр денем қалқып жүр.




(Тақырыбы өзгертілген. Өз тақырыбы - Айна)

Қойшыбек МҮБАРАК 




Көрілген: 1400    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 11:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық
    28 Ақпан, 10:10
    Киіктің киесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31