Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қонақ үйде елес кезіп жүретіндіктен нөмір жабылған

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Испаниядағы Parador De Cardona деп аталатын тарихи қонақ үй нөмірлерінің бірін елес кезіп жүргендіктен жабуға тура келді.


Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, жетінші қабаттағы 712-ші нөмірге тоқтаған қонақтар отель басшылығына жиі шағым түсіреді екен. Олар бөлмеде түсініксіз дыбыстардың шығатынын және су крандарының өздігінен ашылатынын айтқан. Тіпті, бөлмені кезіп жүрген елесті өз көздерімен көргендер де бар көрінеді.


Тарихи сарай IX ғасырда салынған. Барселонадан 100 шақырым жердегі Кардонер өзенінің аумағында орналасқан. Қонақ үйге келген адамдар орта ғасырға енгендей күй кешеді. Сондықтан бұл сарай өзінің тарихи құндылығымен ерекше және жұрт арасында кеңінен танымал.


Қонақ үй қайғылы оқиғамен байланысты. Жергілікті тұрғындардың арасында мұсылман жігітке ғашық болған христиан қызының қамауда болғаны және осы сарайда оның о дүниелік болғандығы туралы аңыз тараған екен. Кейбір адамдар жас қыздың елесі әлі күнге дейін осы сарайды кезіп жүр дейді. Қонақ үй қызметкерлері де 712 бөлмеге кіруге жүрексінеді. Себебі, таңертен бөлмеге кірген жұмыскерлер, жиһаздардың орындарынан қозғалып, бөлменің ортасына қарай жылжып тұрғанын бірнеше рет көрген. Олар бөлме бос болған күннің өзінде де, түсініксіз дыбыстардың шығатынын айтады. Дегенмен, келген қонақтардың арасында осының бәрін біле тұра, дәл осы бөлмені жалдайтындар да бар екен.


BNews.kz 




Көрілген: 1756    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 21.08.2017, 10:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Ақпан, 23:50
    Өлінің астынан өту
    29 Қаңтар, 11:30
    Оқ дарымайтын адам...
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28