Көрден шыққан керім қыз

Көрден шыққан керім қыз

Қазақ даласында ата- бабаларымыздан қалған жер- су, өзен- көл, тау- тас атаулары аса мол. Олар халқымыздың өткен өмірі мен тарихымыздың баға жетпес мұрасы, айналып соғар айнасы. Топономика деп аталатын осы ғылым саласы тарих, тілтану, жағрафия ғылымдарының түйісінде өрбиді. Даланың ауызша шежіресімен байланысып жатады, көне мен бүгіннің арасын жалғастырады. Сөйтіп, атауларымыз ата мұраның қатарынан лайықты орнын алады.

Осындай ежелден келе жатқан атаулар Жетісудың шығысында аса мол. Балаң шақтарымызда аталарымыз таңдай қаққызар әңгімелерін ел орнына отыра бере бастайтын...

--- . --- . --- . ---

... Жұрт жайлауға бет алған маусымның ортасы. Көш алдындағы қария ауыл иттерінің аяқ асты абалай алға ұмтылғанына әу баста мән бермеген. Далада аң мол, соның ізіне түскен шығар деген. Бірақ олай емес сияқты. Сонау жерде төмпешік көрініп, соны әлдене бұрқыратып қазып жатқандай. Алдымен жеткен құмай тазы әлгі мақұлыққа батпай арсылдап, айнала жүгірді. Өзгелері жеткен соң ғана бәрі жабылып, төбешік маңы опыр- топыр боп кетті. Жаңағы мақұлық қашар емес. Жапа- жалғыз арпалысып жүр. Кері жорғаны тебіне жеткен ақсақал мен көш басшылары тайыншадай төбеттің өлермендігіне таң. Төбешік дегені жаңа ғана көмілген мола секілді. Қария қатаң бұйырды:

- Иттерді ажыратыңдар! Болсайшы түге, бол енді!

Етқызған иттерін әр иесі әзерден ұстады. Сол, сол- ақ екен құлақ, құйрығы шорт кесілген тайыншадай төбет моланы тағы қаза жөнелді. Маңайындағыларды елеп, ескерер емес. Көпті көрген қария тез ұқты. Молаға жерленген адам- төбеттің иесі, әрі тірі жатса керек. Ат үстінде тұрып:

- Кә! Кә! - деген қария еппен жерге түсті. Көк төбеттің төсі ақ екен - Ақтөс, Ақтөс! Кә! Кә!

Төбеттің аты шынымен Ақтөс секілді. Артына жалт бұрылып «арс» етті.

- Ақтөс! Ақтөс келе ғой!

Ақтөс қарияның жаманат істемейтінін сезді. Жалбарына ұлып, соңын ала қыңсылап жіберді. Көшбасы қария төбеттің жотасынан, одан мойнынан сыйпады, қос қолдап құшақтады. Ақылды төбет ауыл иттері талаған жарасын да жаламай, қарияның иегінің астына қазандай басын тыға берді.

- Әй, не тұрсыңдар, қазыңдар кәне!

Төрт- бес жігіт әп- сәтте ақымның бетін жапқан бау қамысқа жетті. Қария ұстамаса Ақтөс көрге түсіп кетердей. Қамысты көтеріп, өліктің бетін ашқанда

- Уһ!- деген дыбыс бірге естілді.

Өрімдей жас қыз бала екен. Қария жігіттерді сыртқа шығарып, молаға екі ақтай қатынды түсіріп, әлі есін жимаған қызды қабірден алғызды. Жанына жөпелдете бүркеніш тіккізіп, жөн білетін әйелдерге киіндіруді бұйырды. Көш ошарылды. Бетіне су бүріккен соң қыз көзін ашып, ештеңе ұқпай бірқыдыру отырды.

- Аман екенсің, айналайын!- деген келіншектер бойжеткенді шошытып алмай, саумалап, есін жиғызды.

Ақсақалдар болған оқиғаны келіндерінен естіді. Аты Балқия екен. Жадында қалғаны- көш кешкі сауынға, қоналқыға аялдайды. Бұл жеңгесімен қосылып, түйе саумаққа шелек алады. Түйені айнала бергені есінде...

Қыз біртіндеп бойын жинап, күрсініп қалды. Іле- шала дауысты таныған Ақтөс қуана «арс» етті.

- Мынау менің Ақтөсім ғой!

Балқия еттумасын көргендей қуанды. Ақтөсті күшігінен асырапты. Есті төбет күні- түні Балқия жататын үйдің есігін күзетеді екен.

- Шіркін – ай, ит жеті қазынаның бірі деп аталарымыз қалай дәл айтқан!- дескен қариялар енді не істеу керектігін ақылдаса келе, Балқияның ауылына сөзге ұста екі- үш сақа жігітті қуанышты хабармен аттандырды.

Олар қаралы ауылды қуып жетіп, алыстан аңдай сөйлеп, сүйінші сұрады. Қыз әкесі осы ауылдың шаңырақ иесі екен. Қырыққа енді жетер жігіттің аузынан шыққан сөз хабашыларды да, өз ауылын да бір жағы таң, екінші жағы разы етті.

- Тірі екені рас болса өлімге қиған қарғамды, әріден- ақ сарсүйек құда едік, қидым сендердің ауылдарыңа. Балқияны жеткізіп беріңдер. Өзіне- өзі әбден келіп, анасының мауқын бассын. Бір жетіден соң кәдесін атап, үкі тағып кетіңдер. Теңін көздеп, тегін хабарларсыңдар.

Жұрт тез ұқты. Әкесі қалың мал алмайтынын, алайда, Балқияны кім көрінгенге емес, осы шаңырақпен иығы теңдес атаға ұзататынын айтты. Бірақ, «Қалыңсыз қыз болса да кәдесіз қыз болмайды» деген ата салтты бұзбады. Көпшіліктің:

- Жөн-ақ! Солар кезікпесе Балқияш аман қалар ма еді!

- Рас-ау! Татуыма тең бір жігіт табылар ауылдан.

- Япыр- ай! Осынша ақылды ит болады десе, сенер ме едім, сенбес пе едім!

- Көзін ашпай Балқияш асыраған.

- Сонда құдай білгізген ғой!

- Бәсе- ау, Ақтөс көрінбей кетіп еді. Ой, Алла- ай, мұндай да...

- Өскен жұрт еді, бағы ашылсын!- дескен кеу- кеуімен, олжалы жігіттер аттанып кетті.

Содан бері не заман өтті. Балқия көмілген жерге кейіннен бірнеше мүрде қойылды. Тірі қалып, ана атанып, бала сүйген Балқияның атымен сол

қорым «Балқияның бейіті» аталып қалды. Қазіргі Алакөл ауданының Төңкеріс ауылына екі шақырымдай жетпей, ескі төте жол мен асфальт жолдын түйісер тұсында, егістіктің шетін ала тұр. Өз басым ары- бері өткенде бет сипауды ұмытпаймын. Амал қане, кейінгі кездері шеткі молаларға соқаның түрені тиіпті. Өткенде осыны көріп, жабырқап қалдым. Дихандар мұны қалай істеді екен? Білмеді- ау десем, молалар көрініп жатыр. Білді- ау десем, ауылдың аруақ сыйлап өскен азаматы мұндай оғаш қылық жасамаса керек. Мұхаммет (c.ғ.c) пайғамбарымыздың хадисінде «Сендер моланың үстін бассаңдар Аллаһ Тағала еттеріңді сүйектеріңе дейін өртеп жазалайды» дейді. Қайткенмен бір кемшін кетіпті. 

Камал Әбдірахман,

Қаракерей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы.

yvision.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста