Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қорықтық мені шошытқан құбыжықты дәл көрсетті

  • © alashainasy.kz/

    © alashainasy.kz/

Атам заманда бақсылар болыпты. Кейіннен молда, тәуіп сынды атауларға ие болғанын көп естимін. Олардың саған қатысты қандайда бір деректі тас төбеңнен ұрғандай дөп басып қойып қалатыны ше?! Бұл не? Бақсылықтың біз түйсіне бермейтін тылсымы ма, әлде жындармен байланыс па! Осы сауалдар төңірегінде ой тізіп отырып бала кездегі бір оқиғаны есіме алдым...


Тұңғыш немере болған соң ба екен әжем бауырына басып еркетотай қылып өсірді. Жегенің алдыңда, жемегенің артыңда... Әжем ой-бір балажан кісі тұғын. Кейде өзім қатарлы достарыма еріп ауыл кезіп ойын қууға да жібермей қоятын. Сол себепті, бала кезде шымыр болудың орнына шолжаңдау едім. Ертекпен өстік қой. Бойдағы әсершілдік те соның шарапаты болу керек шамасы. Бірде үлкен қалада оқитын ағам демалысын ауылда өткізбек боп үйге келді. Біз жамырай қуаныстық. Жазғы маусым түн әлетінде далада тапшанға жатамыз баяғы. Ағамнан жата жармасып ертек айтуын өтінем. Ағам да көп күттірмей бастайды ертегін. Ол кісінің ертектері әжемнің ертектерімен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Осы заманғы шытырман оқиғаларға кенелесің де отырасың. Кезекті ертегінде бір қолында пышақ, бір қолында тапаншасы бар фантастикалық кейіпкермен таныстым. Қатты шошынған болуым керек баж етіп жылап жіберген мен әжеме тұра жүгірдім. Түсімде де сол кейіпкер тақап келеді екен. Ертесі күннің жарығында да тысқа шыға алмай әжемді айналшықтап болмадым. Ескіліктен хабардар көнекөз қорғаушым жетектеген бойы тәуіп әйелге алып барды. Тәуіп апамыз қорықтық жасады маған. Оның барысы былай: аузын жыбырлатып дұғасын қайырып «күпі-сүпісін» сүйкейді де, отқа қорғасын ерітеді. Сосын тастөбеңе тастай қарысқан салқын су толы ыдыс әкеледі де балқып тұрған қорғасынды құя салады. Қорғасын сіз шошынған бейнеге айналып қарысады. Тәуіп апа бұл жолы да солай жасады. Ғажабы салқын суға құйылған қорғасын «быж» етті де бір қолында пышақ, бір қолында тапанша ұстаған таныс құбыжыққа айналды. Бала көңілмен ересектерше таңдандым. Расы сол күні-ақ шапқылап ойнап кеттім. Ал, шошытқан құбыжығым ұмытылды.


Мұндай тылсымдармен айналысатын ғылымдардың бар екенінен хабардармын. Дегенмен, сауал қайта түлейді. Бұл не? Кәдімгі жындармен байланыс шығар бәлкім. Жындармен байланыс болғанның өзінде, тәуіп әйелдің ауыз жыбырлатып үш қайтарған дұғасы маған таныс Құран жолдары емес пе?! Мұсылман жындармен байланыс дейміз бе қалай...


Тәңіршілдік дінінің сарқындары қазақ танымында әлі күнге өз көрінісін беріп жататыны тағы бар. Бұл жағынан соқсақ, дін уағыздаушы бастапқы абыздар, кейінгі бақсылар неше түрлі кереметтер көрсетуімен халық жадында қалды ғой. Қорықтық солардан қалған дәстүр ма екен кім біледі тағы...


Не де болса, қорықтық сынды таң қаларлық тылсыми құбылыстар күнделікті тіршілікте ұшырасып жатыр көптеп. Осыдан ем тауып жатқандар да аз емес. Жаратқан өзі жол көрсетіп дұрысын ажыратуға сеп болғай...


Жантөре Әнуарбеков

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1627    Пікірлер: 0

сенбі, 19.05.2018, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31