Көшедегі сыған әйелдің арбауы...

Көшедегі сыған әйелдің арбауы...

Мен өзім екінші курс студентімін. "Алаш айнасы" интернет порталын оқып тұрамын. "Мистика" бөліміндегі шым-шытырық оқиғаларды оқи отырып, өзімнің басымнан өткен оқиғаны айтып беруді шештім. Адамның психикасына түгелдей әсер ететін арбаудың әдісімен жүретін сығандар құпиясы мен үшін әлі жұмбақ.

Бала кезімде ауылда тұратын әжемнің үйіне барғанда "сыған ұрлап алып кетеді", "жыласаң сығандарға береміз" деген әңгімені көп еститінмін. Басымнан өткен оқиғадан соң сығандарға деген жиіркеніш сезім үдей түскендей.
Мен Астанада дүниеге келдім. Ата-анам Астанада оқу бітіріп, кейінен жұмыс бабымен елордада қалып қойған екен. Анам да әкем де қызмет істейді. Үйде екі қыз едік. Әпкемнің есімі- Аяулым.
Бұл оқиға менің тоғызыншы сынып оқып жүрген кезімде болды. Аяулым Аграрлық университетінде екінші курста оқып жүрді. Өкінішке орай әпкем айықпас дертке шалдықты. Кім туғанын жамандыққа қисын, күні-түні отбасымызбен уайымдайтынымыз- Аяулымның жағдайы. Бармаған қала, апармаған дәрігер қалмады. Дәрігерлердің айтуынша "біраз өмірі қалды, қай күні қашан болатыны белгісіз". Бірақ, Аяулым мойымады, өмірді жақсы көрді. Үнемі көңілді жүріп бізге іштегі дерті мен уайымын байқатпады. Әкем мен анам қаншама ұйқысыз түндер мен мазасыз күндерді өткізді. Қолдан келер шара жоқ. Тек, бір Алладан жалынып-жалбарынып сұрап, іштей дұға еттік.
Жаңа оқу жылы басталды. Таңертен кетемін, түстен кейін үйге ораламын. Аяулым кезекті емдеу курсын алып, ауруханада жатыр. Анам мен әкем жұмыста. Сабақта отырсам да көшеде жүрсем де әпкемді ойлаймын. Осылайша түс ауа сабақтан үйге қайтып келе жатқан бетім еді. Сыныптас қыздарым жолда шағын сауда үйіне кіріп кетті. Менің көңіл-күйім жоқ болғандықтан, бірден үйге тарттым. Мектеп пен үй арасы қашық емес еді. Жолдан өте бергенде бір сығанның әйелі маған жабыса кетті. Сығанды көргенде бірден есім шығып тез-тез басып қаша жөнелдім. Ол артымнан қуып келіп:
- Білемін, сенің әпкең қатты ауырып жатыр. Мен оған көмектесе аламын! -деді орыс тілінде. Мен сол сөзді естігеннен соң тоқтап, артыма бұрылдым. Іштей "бұл қайдан біледі менің әпкемнің ауырып жатқанын" дедім. Сенбейін десем шынымен, айтқаны рас. Адам санасымен жұмыс жасап үйренген әккі қулар ғой, сыған әйелі қасыма келіп бірдемелерді айтып жатыр.
Мен не айтып тұрғанын ұқпаймын ба әлде естіп тұрғам жоқ па белгісіз.
Мен есімді жинағанда анамның жатын бөлмесінде отырмын. Үйге қалай келдім, есімде жоқ. Біраздан соң ұйқыдан оянғандай атып тұрдым. Сыған әйелі жоқ, есік жай жабылған. Сыған әйелді іздеп далаға атып шықтым, ізі де жоқ. Барлығы жайлап есіме түсті, ол маған "әпкеңді ауруынан айықтыруға көмектесемін. Ол үшін ақша немесе қымбат заттар керек " деді. Ақшам жоқ екені белгілі, үйдегі анамның алтындары есіме түсті. Ойымда тек, әпкем жазылып кетсе деген арман, басқа ештеме ойламадым. Ол мені қалай арбады белгісіз, мен ұйықтап жүріп сау адамның ісін істеп, өз қолыммен анамның заттарын ұстатып жібердім. Ары қарай не болғаны есімде жоқ. Осылайша есімді жинап, бақырып жыладым. Бірден анама телефон шалып болған жайды айтып бердім. Ата-анам өзімнің дін аман екеніме қуанды, ал алған сыған алған затқа "садақа",- деді. Қазір ойласам сыған қандай да бір сиқырмен мені алдап, арбап уақытшалық гипнозбен «мас» қылған болып тұр ғой. Сол жолы сығанның жолы болды. Менің жанды жерім-әпкемнің амандығы еді. Өкінішке орай, әпкем көп ұзамай көз жұмды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста