Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Көз тиіп ауырғанды қалай қайтаруға болады

  • Көз тиіп ауырғанды қалай қайтаруға болады

    Көз тиіп ауырғанды қалай қайтаруға болады


Халқымызда көз тиген деп жатады. Жалпы, осы тақырыпты тереңірек түсіндірсеңіз. “Шариғатымызда көз тию жайлы жазылған ба, одан қалай арылуға болады” деген сауалға діндарлар жауап берді.


 755cb574da84e326b040ad22fd01e71a


Араб мақалында: «Көз адамды қабірге, түйені қазанға түсіреді»,-деп айтылғандай көз тию немесе назарлану деген жайт бар, деп жазады muslim.kz.


Бұл хақында Құран Кәрімде: «Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды…», – деп айтылған. Аталмыш аят тәпсірінде Ибн Аббас және Мужаһид (р.а.): «Алла тағаланың қалауымен, көз тию және оның зияны бар екендігіне осы аят дәлел»,– деген екен.


Көз тиюдің белгілері


Көз тиіп ауырған адамның бойында әлсіздік байқалып және жүзінде сарғылт, қызғылт немесе қара дақ белгілері пайда болуы мүмкін.


Алла елшісі (с.ғ.с.) Үмму Сәләмәның үйінде қызметші қыздың жүзінде қаралау дақ барын көреді де: «Мына қызға дем салыңдар, ол назарланып қалыпты»,– дейді.


Сахаба Саһл бин Ахнаф аққұба сымбатты кісі болған. Алла елшісі (с.ғ.с.) бастаған бір топ кісімен сапарда келе жатып, оған көз тиеді. Саһл назарланып денесін көтере алмай жатып қалады.


Көз тиген жанды қалай емдейді?


Ал, енді көз тиген адамды емдеудің бір жолы – шипа ретінде Қалам сүресінің 51-52 аяттарын және Мұминун сүресінің 97-98 аяттарын оқып дем салу қажет. Сонымен қатар, пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен шипалы дұғалар бар.


Абдулла бин Аббас (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) немерелері Хасан мен Хусайнге: «Әъузу кумә би кәлимәтилләһи әт-тәммә мин кулли шайтонин уә һәмма, уә мин кулли ъайнин ләммә» (Алла тағаланың барлық сөздерімен әрбір шайтан мен зиянкестен және әрбір жаман көзден сен екеуіңе пана сұраймын),-деп дем салушы еді де, – Ибраһим (ғ.с.) осылайшы ұлдары Исхақ пен Исмаилге жасаған», – деп айтушы еді.


Жәбир бин Абдулла (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) мазасыздық сезген кезде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп: «бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иушфикә» (Алла тағала атымен саған дем саламын әрбір саған зиян ететін нәрседен, әрбір көре алмаушы мен көз тиюден Алла тағала саған шипа береді)»,– деп дем салған.


Сондай-ақ, назарланған адамды емдеудің тағы бір тәсілі: көзі өткен адам ыдысқа беті-қолын жуып дәрет алады. Сол сумен сырқаттанған адамның басынан бастап түгел денесіне құйып шығады. Алланың қалауымен шипасы болмақ.


Бұл жөнінде Айша (р.а.) анамыз: «Көзі тиген адамға дәрет алдыртатын, сол сумен назарланған адам жуынатын»,– деп айтқан.


Stan.kz




Көрілген: 1321    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 08.01.2018, 10:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?
    23 Қараша 2017
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша 2017
    КІСІКИІК
    9 Қараша 2017
    Түннің құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31