Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Кішкентай қызбен ойнаған елес мысық

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

Ата-анасының ажырасып бөлек кеткенін уайымдап жүрген Айшаға басқа қалаға көшу тіптен ауырлық тигізді. Өзінің туған Оралында дос-құрбылары, үйдегі жағдайын есіне түсірмейтін сүйікті мектебі қалды.


Қызының көңілін ауласын деп анасы Барсикті де бірге алып үшеуі Алматыға жол тартты. Барсик – Айшаның жан досы іспеттес мысығы. Міне, айға жуық уақыт өтті. Айша әлі көңілсіз. Сол уайымынан арылар емес. Жаңа достарымен аса жақын араласпаған соң, уақытының көп бөлігін мысығымен өткізетін.


Шілденің шыжып тұрған бейсенбісінде Айша сыртқа кеткен мысығын іздеуге шығады. Нәтижесіз іздеуден көңіл-күйі мүлдем түсіп кетті... Қайдан, қалай келгені белгісіз Айша үйге келсе мысығы ас бөлмеде жатыр. Қуаныштан мысықты құшағына алып әлемдегі ең әдемі теңеулерді кіп-кішкентай сүйкімді жаратылыс иесіне жаңбырша жаудырды. Сырт көзге бір түрлі көрінгеннен бе, анасы қызының істеп жатқан қылығына аса таңдана әрі қорқа қарады. Қызына жақындап –Боташым, не істеп жатырсың?! – деп сұрағаны сол еді, Айша мысығымен ойнап жатқанын жеткізді. Бойын үрей билеген анасы дауысы дірілдеп –Қызым, кәне, мысығың қайда?! – деп сұрап еді, қызы басымен қолына нұсқап көрсеткендей болды. Көзіне еріксіз жас келген шешенің денесі суып, тапжылмай тұра қалды, себебі қызының қолында ешқандай мысық болмаған еді. Дереу, сыртқа шығып, Барсикті іздеуге кірісті. Аула ішін қарап, жолға көз салған Айжамал жерде көлік астына түскен мысығын көріп өңі бұзылып кетті. Сонда... сонда қызымның мысығым деп жүргені не мақлұқ деген ойдан арыла алмаған анасы Айшадан мән-жайды сұрауға тырысты.


Ертесіне Айша тағы да көзге көрінгісіз мысығымен ойнады. Тіпті, бірде анасына келіп Барсикті тамақтандыруын сұрады. Мысықтың ыдысына тамақ салып кеткен Айжамал келесі күні бос ыдысты көріп аң-таң болды. Ендігі болған жағдайға Айжамал шыдамады. Ертеңгісі ұйқыдан тұрғаны сол еді, өзінің бөлмесіндегі жиһаз отырғышты әлдеқандай жануардың тырнап кеткенін көрді. Бірден психолог болып жұмыс жасайтын жан құрбысы Санияны үйіне шақырды. Келген бойда Айшамен сөйлесуге жөнелген Сания алдын-ала болған жағдайды естіп, өзімен бірге фотоаппаратын алып келді. Екеуара әңгіме біткені сол еді, Айша Саниядан мысығы екеуін суретке түсіруін өтінді.


Келесі күні Айжамалға хабарласқан Сания дауысы дірілдеп, поштасына фотосуреттерді жібергенін айтты да тұтқаны қоя салды. Суретке қарап еріксіз көзіне жас келген Айжамал үн шығармай ұзақ отырды... Ендігі Айжамалдың ойы тек қызын құтқару ғана болды... Себебі, суретте Айша және оның сүйікті мысығы Барсик тұрған болатын...




massaget.kz 




Көрілген: 2107    Пікірлер: 0

жұма, 02.03.2018, 11:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қаңтар, 14:04
    Мүйізді әжей
    21 Желтоқсан 2018
    Жұматай әулиенің жұмбағы
    19 Желтоқсан 2018
    Әулие қыз
    11 Желтоқсан 2018
    Әуеде құстай ұшқан ат
    3 Желтоқсан 2018
    Сайтан қабір
    29 Қараша 2018
    Жұмбақ ауыл
    20 Қараша 2018
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша 2018
    Тарғыл мысық
    15 Қараша 2018
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша 2018
    Есік қаққан елес
    4 Қараша 2018
    Елес қыз
    4 Қараша 2018
    Өмір деген түс
    20 Қазан 2018
    "Өлім жолы"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31