Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Құдық ішіндегі құдірет

  • © alashainasy.kz

    © alashainasy.kz

«Кей жылдары құдық басында түрлі түсінік сіз оқиғалар болып тұрды. Ал шілде айының ортасында екі күн бойы құдықтан бір тамшы су шықпай қойған кездер де болған екен. Менің көз алдымда құдыққа салған 70-80 шелек үзіліп, қалып қойған еді. Судың көзі бітелді ме деп қорықтық», – деп еске алады Байзақ.


– Құдықтың тар аузынан әрең сыйып, әрі өткен соң құдық сәл кеңейеді екен, – дейді салмағы 110 келілік алып Байзақ. – Бойымды түсініксіз үрей биледі. «Иә, Алла, қасиетті құдықты тазартудан басқа мақсатым жоқ. Лайық болмасам, кешіре гөр!» – деп шын жалбарындым. Бір қызығы, құдық тік емес, бұрандалы, спираль тәрізді тереңдей берді. Осылай 15 метрдей түскен соң кенеттен кең үңгірге тап болдық. Биіктігі 12 метрдей, диаметрі 15 метр шамасы болып келетін үңгір қазақы киіз үйден аумайды екен!». Бір қызығы, жігіттер «шаңырақтан» резеңке етік киіп түскенімен, үңгірдің түбі құп-құрғақ. Сөйтсе, түпсіз терең үңгірдің бір шетінде сылдырап бұлақ ағып жатыр дейді. – Біз құдық түбінен шашылған шелек көреміз ғой деп күткенбіз. Алайда үңгір тап-таза, ал бүкіл шелек су үстінде, текшелеп жинаулы тұр, – деп таң қалады әңгімешіміз.


– Тағы бір түсініксіз жайт, бүкіл шелектің ағыстың бастауында тұрғаны болды.


ҮҢГІРДЕ ДЕ ГҮЛ ӨСЕДІ


Физиканың бүкіл заңдылығына қайшы келетін бұл көрініс онсыз да үрей билеген құдықшы жігіттерді тәубасына түсіріпті. Құдайдың қаһарына ұшырамас үшін келген шаруасына тезірек кіріскен жігіттер кешкі 4-ке дейін дамылсыз жұмыс істеп, 600-ге жуық шелекті сырт қа шығарған. – Су бетінде жинаулы тұрған шелекті алған сайын астынан көтеріліп, басқа шелек шыға береді. Судан ауыр темір шелектің қалай батпайтыны белгісіз. Оларды бір-біріне кигізіп, қапшыққа салып буып, жоғарыға аттандыра бердік. Алты жігіттің төртеуі жоғары көтеріліп, шелек салынған қапшықтарды қауғалап тұрды, – дейді Байзақ. Бір ғажабы, үңгірдің бір шетінде ошақ қылып үйілген құп-құрғақ отын болыпты. Бұл, сірә, бұрын түскендерден қалса керек. Жігіттер жылыну әрі жарық қылу үшін от тұтатқанда, түтін сәл көтеріліп, сосын су бетімен, ағыс бойымен құбылаға қарай әлде қайда жоғала беріпті. «Үңгірдің ауасы тарылғанын, түтін дегенін байқамадық», – дейді жігіттер. Құдықтың ішіндегі су шымырлап қана ағып, шынында да, құбылаға қарай беттейді екен. Сол судан құдықтың бір қабырғасын түгел ала жоғары қарай 10 метрдей өрлеп аппақ маржантас гүлдер өсіпті. «Өзімізбен бірге ала түскен шахтер қолшамын судың арғы бетіне түсіргенде, көзімізге түскен көркем көріністен ішімізді тарттық», – дейді Байзақ. Бұл теңіз түбінде болатын маржан ба, сан түрлі, нәзік өрнекті ғажап құбылыс екен.


ҚАУҒАНЫҢ ҚҰР ҚАЙТУЫНЫҢ СЫРЫ АШЫЛДЫ


Құдықшы жігіттер шелектен басқа бір дорба тиын алып шыққан. «Олардың арасында кеңес кезіндегі шақалардан бастап, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей т.б. елдердің тиындары, сақина-жүзік, таспих, асатаяқ т.б. нәрселер бар», – дейді Байзақ. – Менің алдымда болған шырақшылардың айтуынша, бір адам құдыққа түсіп, ақша алмақшы болғанда, ішінде қаза табады. Сол кезде Кентау қаласынан құтқарушылар тобы келіп, арнайы аквалангын киген сүңгуір суға түсіпті. Үңгірдің түбінде өліп жатқан жігітті қапелімде көрмей, суға түскен әлгі сүңгуір 30 метрдей тереңдікке сүңгісе де түбіне же те алмапты. «Бұл судың түбі жоқ екен» депті су асты қысымға шыдай алмай кері қайтқан әлгі құтқарушы. Құдықшы жігіттер киіз үйге ұқсас үңгір дің ішін шаммен шарлап көрген. «Біз құдықтан тарап жатқан үш үңгірді көрдік, екеуі арғы бетінен дәу таспен бекітулі тұр екен. Ал үшінші үңгір 4-5 метр бұралаңдап жүрген соң тарылып, адам сыймастай болып қалды»,– дей ді әңгімешіміз Байзақ. Осы құдыққа қауға салған кейбір адамға су шықпай, шелек құр қайтуының сырын да жігіттер зерттеп көрген екен. «Жоғарыдан тасталған шелек құдықтың бұрама жерінен өткен де шыркөбелек ай налып келеді де, жердегі көк тасқа соғылады. Тас пен бұлақтың екі арасында тереңдігі 60-70 метрдей қазандық бар. Қасиетті құдықтың суы бұйырмаған адамның тастаған шелегі сол «қазанға» түсіп, бос қай- тады екен. Ал ниеті дұрыс, жүрегі таза адамның шелегі құдықтың екі жағындағы жырамен жылжып барып, бұлаққа жетеді екен», – дейді Байзақ сеніммен.


Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ  




Көрілген: 1863    Пікірлер: 0

жұма, 14.04.2017, 08:54

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30