Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Күланда кемпірдің құпиясы

  • Күланда кемпірдің құпиясы

    Күланда кемпірдің құпиясы

Осы оқиғадан кейін мен түн болса-ақ, тәнімнен шығып Күланда кемпірдің үйін аңдитын болдым. Жақында ғана Жалғастың басқан ізін аңдимын деп ізкесер тыңшылықтың қыр-сырын біраз меңгеріп алған екенмін. Үйінен ұзап алысқа шыға қоймайтын кемпірді аңду маған еш қиындық келтірмеді.


Алғашында бірсарынды ішпыстырарлық сияқты сезілген бұл әрекетімнен көп ұзамай күдерімді үзіп қою керек шығар деп жүрген кезімде ойламаған бір оқиға тап болды. Баяғыда Есбергенмен бірге келіп аңдығанда байқағанымдай, Ермектің әжесімен жасты кемиек кемпірге ынтасы құрып тұрған ештеңесі жоқтығына көп ұзамай көзім анық жетті. Бірақ та, бозбаланы кемпірге байлап қойған бір құдіретті күш бар сияқтанды. Кемпір не айтса соның жетегіне еріксіз еретін Ермектің әрекетінде саналылықтан гөрі, ойсыз сезімсіз кәдімгі бағдарламалап қойған роботты еске салатындай бірдеңе барға ұқсайды. Көзін бір нүктеге қадап, үнемі әлденені ойлап санасы алыста жүретін бозбала кемпірдің қолындағы жансыз қуыршағына айналған сыңайлы.


Ермектің үйден көп шықпайтынын байқадым. Күлипадан естігенімдей, соңғы кезде Жәмиланың үйіне үйірсектеп бара беретін болыпты дегеннің қаншалықты рас-өтірігін кім білсін, мен бұл үйді торығалы бері ол күндіз де, түнде де алысқа ұзап шықпады. Күланда кемпірдің жалғыз сиыры мен бес-алты қой-ешкісі бар. Соны жайлап, көше шетіндегі құдықтан піләкпен барып су әкеледі. Бар шаруасы сол ғана. Қалған уақытта үйден шықпайды. Кемпір екеуі шүйіркелесіп көп сөйлеспейді де. Ұйқыдан тыс уақытта өзді-өзімен үн-түнсіз отырады. Олардың бұл тірлігі сырт қараған маған біртүрлі ерсі көрінді.


Содан үшінші немесе төртінші күні ме екен, оның үйін торуылға алған түн ортасына таман күтпеген оқиға болды. Ермек қорылға басып қатты ұйықтап жатқан. Кемпір орнынан ақырын тұрып ауызғы бөлмеге шықты. Дәрет алуға шыққан шығар деп ойлағанмын. Олай болмады. Ауызғы бөлмеде ол қолдан жасалған майшамды жағып, соның өлімсіреген сәулесімен әлдене жасай бастады. Ол алдымен камзолының қалтасынан алған түйіншекті шешіп, ішінен насыбайға ұқсас ұнтақты алып кішкентай тарелкаға салды.


Содан кейін әлгіні сіріңкемен жағып, тұтатты. Құданың құдіретімен әлгі қарақошқыл ұнтақ лапылдап жана бастады. Сол сәт кемпір жалынға түйіншегінен алған тағы бір ұнтақты шашып жіберді. Сол-ақ екен жалын басылып, шұбатылған түтін көкке көтеріле бастады. Екі көзін сол жіңішке түтіннен алмай қадала қараған кемпір ерні күбірлеп бірдеңелерді айтып жатыр. Кенет түтін жуандап сәлден кейін одан адам сияқты бірдеңенің сұлбасы пайда болды. Иә, кәдімгі көк түтін сұлбаға айналып, біраздасын аяқ-қолы мен бет-аузы анықталып көріне бастады. Соны көргенде жүрегім атқақтай соғып, бойымды айтып жеткізгісіз бір қорқыныш сезімі биледі. Енді болмаса үйден шыға қашқандай едім, бірақ белгісіз күш ұстап қол-аяғымнан матап тастағандай қозғала алмадым.


Үйдің іші қараңғы десе де, нәзік тән үшін қараңғылық дегеннің болмайтынын мен бұрынырақ айтып кеткенмін. Бәрі алақанға салғандай анық көрініп тұр. Жартылай түтін, жартылай адам іспетті сұлбаға қарап кемпір әлденені күбірлеп жатыр. Оның естілер-естілмес сөзін ұға алар емеспін. Кенет сұлбаға тіл бітіп, құдықтың түбінен шыққандай күңгірлеген дауыс қабырғаны дірілдетіп жібергендей болды.


-Сенің бар есі-дертің осы бала болды ғой. Ұсақ-түйек мұндай шаруамен басты қатыруды қашан қоясың? Ауылда мешіт ашылып, жұрт құдай жолына түсіп жатыр. Ал, азан шақырылып, намаз оқылған жерге біздің нәсілдің жақындай алмайтынын сен білесің бе? Алдымен сол мешітті құртып, адамдарды арақ пен ақшаға, нәпсіге байлау қажет. Бұны біз өзіміз жасай алмаймыз. Оны мына сен жасауға тиіссің. Бір қызды жындандыру аз, анау бар пәлені ұйымдастырып отырған молданың көзін құрт. Ұқтың ба? Осыны жасасаң, саған көмектесеміз. Ал жасай алмасаң, өз обалың өзіңе, сені ит азаппен өлтіреміз. Түсінбдің бе?..


Оның зәрлі күңгірлеген даусынан үйдің қабырғасы дірілдеп кеткендей зәре құтымнан айрылып қалшиып тұрмын. Түтінге қадалып қалған кемпірдің де үрейі ұшқандай үнсіз. Түтін сұлба әп-сәтте жоғалып, қараңғылық орнады. Майшамға тесіле қараған кемпір меңірейіп біраз отырды. Не ойлап отырғаны белгісіз. Әлгі түтін сұлба жоғалғаннан кейін ғана бойыма жан біткендей орнымнан қозала бастадым. Содан «аш пәледен қаш пәле» деп аман-есен құтыланыма қуанып үйге тарттым.


akikat01.com




Көрілген: 2595    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.05.2018, 19:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31