Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Күн мінажатханасы

  • Күн мінажатханасы

    Күн мінажатханасы

Тау басында төртбұрышты жайпақ етіп салынған пирамида тәрізді биік ғимарат көрінді. Төбесі ақырындап тарыла беретін ғимаратқа шығатын кең баспалдақпен жоғары көтеріліп бара жатқан Шруташрава сияқты тұлғалы, келбетті ақ киім киген адамдар кетіп барады. Біз де солардың қатарына қосылып баспалдақпен жоғары өрледік.


Ақ киім киген бойларының биіктігі 2,5-3 метрдей болатын алып және сымбатты адамдардың арасында келе жатып өзімді тым қораш сезіндім. Қызығы сол, олар өздерімен келе жатқан ергежейлі сияқты аласа бойлы маған көз қырындарын да салған жоқ. Үштен, төрттен әңгімелесіп асықпай басып бара жатқандардың жүрісі мен сөздері сабырлылықты, кішіпейілділік пен асқан тәрбиелікті паш ететіндей.


Ерлер үстеріне ақ түсті көйлек киіп, төменгі жақтарын тарих оқулығынан суретін көрген ертедегі римдіктер киетін того деп аталатын киім сияқты матамен орап, оның бір ұшын иығына асып алады екен. Әйелдер иығынан аяғының ұшына дейін сәнді матамен ораныпты. Ерлер тек ақ түсті киім кисе, әйелдер түрлі түсті әшекейленген сәнді маталарға оранған. Әйелдердің құлақтарында жарқыраған сары түсті сәнді сырға, қолдарында білезік пен жүзік салынған. Тіпті, аяқтарына да білезік салып алыпты. Ер адамдар да құлақтарына үлкен сақина тәрізді сырға тағыпты. Сары түсті әшекейлердің бәрінің таза алтыннан жасалатынын кейін барып білдім.


Сөйтіп, біз асықпай аяңдап мінажатхананың төбесіне көтерілдік. Арка тәрізді әдемі есіктен енгенімізде алдымыздан тік төрт бұрышты үлкен алаң көрінді. Онда сәнді киінген әйелдер мен еркектер шоғырланып жиналып қалыпты. Әржерде арыстан бейнелі сары түсті металдан жасалған (таза алтын екен) ескерткіштер орантылған. Арыстандардың аузынан мөлдір су атқылайды. Алаңды жағалай иісі мұрын жарар көгілдір жапырақты ағаштар жайқалып өсіп тұр. Мына көрініс есіме мектепте оқыған Ежелгі дүние тарихы оқулығында айтылатын әлемнің жеті кереметінің бірі аталған сарайдың төбесіне орнатылған Семирамида бағы аталған аспалы бақты салды. Жұмақ дегеніміз осы шығар деген ой келді маған.


Сәлден кейін құлшылық басталды. Әйелдер сол жақта, ерлер оң жақта сап-сап болып тізіліп, саптың алдына шыққан абыздың айтқандарын қайталап, құлшылық етуде. Абыз әдеттегідей ой арқылы емес, аузымен дауыстап мен өмірі естімеген жат тілдегі дұғаны айтып жатыр. Ал басқалар оның айтқанын қайталап, екі алақандарын қабыстыра көкірек тұстарына қойып, құлшылық етуде.


Төңіректі сүттей ұйыған әппақ нұрға бөлеген ақшаңқан үлкен шар көкжиекке тіреліп, ары қарай сіңіп барады. Бұл біздегі күн батар шақ болса керек. Дегенмен, бұлардың күндері біздікі сияқты көз қарықтырар отты сәуле емес, жанарыңды да, тәніңді де жылы шуағына бөлейтін әппақ нұр шашып тұрады екен. Өзіне табынып, күн сайын құлшылық ететін, өзіне арнап осындай сәнді де сәулетті биік мінажатхана орнатқан пенделерін аялы алақанына алғандай күн де ақырындап көкжиекке сіңе берді. Құлшылық күн батқанша созылды.


Күн батқасын бірден қараңғылық орнайтын болар деген ойым бекер болып шықты. Табиғаттың тамашасы мені тағы да таңғалдырып, тамсандырып, өзінің сұлу да қайталанбас көркін көз алдыма тоса берді.


Күн көкжиекке сіңіп жоғалған соң-ақ, көгілдір аспанда самаладай жарқырап баданадай үлкен мың сан жұлдыздар көрінді. Біздің аспанымыздағы болар-болмас жылтырайтын жұлдыздардан өзгеше, мұнда жұлдыздар кішігірім ай сияқты және әппақ нұрлы сәулесін шашып айналаны жарқыратып жібереді екен. Әппақ нұрға бөленген айнала алақанға салғандай анық көрініп тұр. Мұнда күндіз бен түннің онша айырмасы болмайтын сияқты.


Күн мінажатханасының кең баспалдақтарымен ақырын басып аяңдап келе жатып айналамдағы әсем табиғаттың көз тартар көркіне тамсана қараумен болдым. Бейне түс көріп жатқандай менің мына рахатты жаймашуақ көңіл күйімді бұзғысы келмегендей Шруташрава да үнсіз.


Шырын өзеннің түнгі көрінісі тіпті, керемет екен. Айнадай жарқырап, құлаққа жағымды әсем шуылымен жан жүрегіңді баурайтын өзен үстіндегі көпірмен келе жатқанда өзімді мас адамдай сезіндім. Иә, кәдімгі арақ ішкен мас адам сияқтандым. Мектеп бітірген кеште достарымның қолқалауымен өмірімде алғаш және соңғы рет қызыл шарапты ішкенім бар-ды. Шарап бірден басыма шауып, көңілім көтерілгендей бір тамаша сезімге бөленген едім. Әрнәрсені айтып, ыржалаңдап күліп отырған кластастарымның мәнсіз әңгімелері де құлаққа жағымды естіліп, өзімді аса бақытты жандай сезіндім. Дегенмен, осы бір қысқа рахаттың соңы маған үлкен тауқымет болып тиді. Үйге келіп ұйқыға жатқанымда басым айналып, жүрегім айнып құса бастадым. Содан екі күн бас алмай ауырып жаттым. Не ішсем де жүрегім айнып құсып тастаймын. Тамақ ішпегесін әлсіреп, екі күннен кейін сүзектен тұрғандай көзім сүзіліп, жүдеп кеттім. Міне, содан кейін арақты аузыма алған емеспін.


Ал шырын өзеннің санама әсерінен масаң тартқанмен, дегенмен, шарап ішкендегідей ауырған да, жүрегім айныған да жоқ және масаң сезім көпірден өтіп, өзеннен ұзап кеткенше айықпай, сол бір ғажайып күйдің әсері көкірегімде біраз уақыт сақталып қалды.


akikat01.com




Көрілген: 873    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Тамыз, 11:26
    Шайтанның азғыруы
    3 Шілде, 10:45
    Тағдыр құпиясы
    28 Маусым, 10:51
    Гипноз
    27 Маусым, 10:34
    Қос боз...
    26 Маусым, 10:46
    Ажал...
    21 Маусым, 09:02
    Көне күмбез құпиясы
    20 Маусым, 10:14
    Екі рет өлген жігіт
    19 Маусым, 10:40
    Судағы құбыжықтар
    6 Маусым, 11:05
    Түс көру және жору
    31 Мамыр, 10:53
    Елес зират...
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31