Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Құранды жыртып, аяқпен таптаған қыз...

  • © ВКонтакте

    © ВКонтакте

Діни сауаты бар адамдардың өзі бір мәмілеге келе алмай дабырласып жатса, "басқалар" жайлы айтудың өзі артығырақ. Сол "басқалар" басқа діндерге өздері де өтіп, өзгелерді де ертіп ала кетуде.


Алдымен, Алла Тағаланы, сонан соң Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды мойындамайтын жандар өсіп келе жатқан ұрпақтарға теріс тәрбие беріп, тура жолдан тайдыруда. Бірақ, олардың жасап жатқан бұл істері түбінде алдарынан шығатынына еш шүбә келтірмеңіз.


Деректерімізді дәлелмен дәйектер болсақ, жақын арада болған бір оқиғаны тілге тиек ете кетуге болады. Иорданиялық отбасылардың бірінде болған бұл оқиға жан түршіктіреді.


Дін жолында жүрген әйел Құран аяттарын оқып отырған уақытта, келесі бөлмеде бар қаттысына қойып музыка тыңдап отырған қызынан ән дауысын сәл бәсеңдетуін сұрайды. Сән-қой әрі өзін қазіргі заманға лайық адаммын деп есептеп жүрген қызы жауап ретінде анасының қолындағы Құранды жұлып алып, жыртып, табанына таптайды. Сол мезетте қыздың денесі өртене бастапты. Көз алдында қызының денесі жанып жатқанын көрген анасы өртті өшірмек болып үстіне көрпе жаба салады. Өрт басылды-ау деген уақытта көрпені ашқан ана көз алдында қызы емес, құбыжық тұрғанын көреді. Қорқынышты кейіпке түскен қыздың денесіне түк қаптап, аяқ-қолдары ұзара түседі.


Жан түршігерлік өзгеріске бүгінгі күнге дейін дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай дал болуда. Мұндай халге душар болған қызын азаптан құтқармақ болған ата-анасы медицина арқылы қызын ұйықтатып тастауға еріксіз келісім береді.


Бұл оқиға Алла Тағаланың Хақ екендігі мен Құран Кәрімнің қасиетті екендігінің тағы бір дәлелі іспеттес. Көктен түскен төрт кітаптың бізге жіберілген Құран Кәрімді аяқ-асты қалдырмай қадірлеу — өзін мұсылманмын деп санаған әр адамның парызы. Басқа діни ағымдардың түрлі-түсті кітаптарын таратуға атсалысып жүрген қандастарымыз Құран Кәрімнің қасиеттілігін дәлелдейтін жоғарыда келтірілген мысалдан үлгі алса, бұл күнге дейін адасып жүргендіктерін аңғарар еді. Әрине, сол бауырларымызға кеш те болса ақыл кіріп, имандылар қатарын толықтырса, "Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң" деп Алла Тағала да адам баласы да оларға кешіріммен қарап, қатарынан орын берер еді!...


obhodvk.ru




 




Көрілген: 4472    Пікірлер: 2
Пікірлерді оқу (2) preloader

жексенбі, 10.12.2017, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қаңтар, 18:50
    Түс көру психологиясы
    16 Қаңтар, 11:43
    Ескексіз қайық...
    21 Желтоқсан 2017
    Құбыжық туған қыз...
    13 Желтоқсан 2017
    Ішіне жын кірген Манас
    12 Желтоқсан 2017
    Өң мен түстің арасы
    8 Желтоқсан 2017
    Бұл адам ба мақұлық па?
    6 Желтоқсан 2017
    66-шы үйдің құпиясы
    2 Желтоқсан 2017
    Түс туралы не білеміз?
    23 Қараша 2017
    ДОМОВОЙ
    18 Қараша 2017
    КІСІКИІК
    9 Қараша 2017
    Түннің құпиясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31