Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қыз рухы

  • Қыз рухы

    Қыз рухы

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары N ауданының орталығы N селосында көп қабатты үйлер қаңырап бос қалып жатты. Себебі аудандағы уран шахталары жабылып Ресейден келген мамандар елдеріне қайтып жатқан кез еді.

Анамның иесіз үйге жолама, ол үйлерде жын-шайтандар болуы мүмкін деген ескертпелері де есте. 2001 Жаңа Жыл кешінен кейін таң ата сол қаңыраған үйлердің бірінде қасақана өлтірілген жас қыздың мәйіті табылды. Бірақ полиция қанша іздеу салғанымен қызды өлтірген қанды қол қылмыскерді ұстай алмады...

Қыс айы, сағат таңғы 8.00, күн әлі қараңғы. Мен қызметке келе жатырмын. Жұмысқа баратын жолым қызды өлтірген көп қабатты үйдің жанынан өтетін. Аталмыш үйдің жанынын өтіп бара жатып, қаңырап тұрған үйдің терезесіне көзім түсіп еді, үйдің терезесінен бас киімі жоқ, шашы қысқа қиылған, үстіне қызыл куртка киген қыз қарап тұр екен.

Мен қызға таңғала қарап, таң атпай иесіз үйде жүрген жүрек жұтқан қандай қыз деп ойлап, әрі қарай жүре бердім де «жоқ, бұным адамшылыққа жатпас, таң атпай иесіз үйдің ішінде қандай адам жүреді, қыз тегі байқамай иесіз үйге кіріп кетіп бөлмелерінде адасып қалған ғой, оданда қызға көмектесіп иесіз үйден далаға шығуына көмектесейін» деп кері бұрылып, әлгі үйдің жанына барған едім, өкінішке қарай қыз көрінбеді.

Не болса да, иесіз үйдің ішіне кіріп, қызды тауып алайын деп бел будым. Бірақ, жем-жемге келгенде қараңғылық құшағындағы иесіз үйдің ішіне кіруге жүрегім дауаламады. Қайтадан терезенің жанына барып, қызды айғайлап шақырған едім, қыз көріне қоймады. Қыздан хабар болмаған соң амалсыз жұмысқа кеттім.

Қызметке келген соң қарамағымдағы қызметкерлерге иесіз үйден европа тектес қыз көргенімді сол «жұмбақ қыздың» түр -түсін сипаттап айтып беріп едім, олар маған таңырқай қарап: «қайтыс болған қыздың үстінде қызыл куртка, шашы қысқа қыйылған, бас киімсіз болатын. Сен сонда оның аруағын көргенсің ғой» дегенде не дерімді білмедім. Егер мен өлген қыздың аруағын көргенімді білсем мүмкін барлық қорқынышымды жинап қойып, онымен тілдесуге тырысып, өліміне кінәлі кісіні білер ме едім. Енді оған не істейсің, тәжірибесіздіктің салдары! Сол күні ескі үйге барып қызды өлтірген бөлмеге кірдім. Үйдің қабырғасына «прощайте родные» деген жазу жазылыпты, бірақ оны аруақ па, әлде адам жазды ма біле алмадым?


Ерсін Ерғалиев




Көрілген: 1653    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.04.2018, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31