Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Қыз рухы

  • Қыз рухы

    Қыз рухы

(Жалғасы. Бас жағын МЫНА сілтемеден оқи аласыз)


Қызметтен кейін иесіз қалған көпқабатты үйге келдім. Күн де қоюланып қараңғыланып қалды. Ескі үйдің ішіне кірдім, есіктері аңғал-саңғал, сәкілерінде шашылған қоқыстар. Қызды өлтірген бөлмеге барып, қалта жарығымен бөлмелерді тінтіп шықтым, қыз аруағын көре алмадым. Үйдің қабырғасына «прощайте родные» деген жазу жазылыпты, бірақ оны аруақ па, әлде адам жазды ма біле алмадым. Тек қыз өлген бөлменің сәкісінде қызыл дақтар бар екен, оны жазықсыз өлген қыздың төгілген қаны деп жобаладым. Аруақты көруден күдерімді үзіп, мүмкін таң ата терезеден көрген қыз шынында бөлмеге адасып кірген қыз болар деп есік жаққа бұрыла беріп, қолымдағы жарығым түсіп кете жаздады. Дәл алдымда шашы қысқа қиылған жалаңбас, үстінде қызыл курткасы бар, әдемі келген еуропа өңді жас қыз тұр еді. Мен тұтығып:

- С-с- сіз кім боласыз?

- Сіз мені таң сәріде көрдіңіз, сіздің осы жерге келетініңізді білгенмін. Мен қаза болған қызбын. Алдыңда сол қыздың рухы тұр.

- Өлген қыздың рухы болдыңыз ғой. Ендеше сізді не үшін өлтірді, кім өлтірді, қанішердің атын айтшы полицияға ұстатайық, - деп едім.

- Оны білмегенің дұрыс, басыңды қатерге байлап қайтесің. Мені өлтірткен адам ақшалы, білекті кісі, ойлансаң кім екенін өзің де тауып аласың. Ол кісінің баскесері мені есімнен тандырып, осы иесіз үйге әкеліп өлтірді. Мен өз әлеміме кете алмай жүрген себебім, анамның қамы. Сенің мені көретініңе қуаныштымын. Өйткені анама жеткізе алмай жүрген өтінішімді сен арқылы жеткізетін болдым. Анам мені өлтірген кісіні тапқан адамға тағайындаған сыйлығын алып тастасын, сондай-ақ көріпкелдердің жұмыстарын тоқтатсын. Өйтпесе отбасымызға қатер төнеді және басқа да адамдардың обалына қалуы мүмкін. Бірақ менің сөзімді анама жеткізе алмасаң, реніш жоқ. Өйткені сенің де басыңа да қауіп төнері анық. Егер де орайы келіп айта алсаң, менің оларды қатты жақсы көргенімді, жіберген қателерім үшін кешірім сұрайтынымды жеткіз. Ал, қазір сыртта осы үйді аңдып жүрген тыңшылар бар. Байқағайсың, - деп қыз мені көзімен сыртқа шығарып салды.

Мен қаңыраған ескі үйден шығып едім, әудем жерде екі адамның қарауытқан сұлбасын көрдім. «Бұлар неғып жүр» деп тезірек тротуарға шығуға тырыстым, бағыма қарай көшеде кісілер жүр екен, солармен араласып кеттім. Сонда да байқатпай аяқ киімнің бауын байламақ болып еңкейіп соңыма қарап едім, артымда келе жатқан екі кісі менің соңымнан қалмай өкшелеп келе жатыр екен, олардың мені аңдып келе жатқанын білдім. Енді олардан із жасыру үшін көп қабатты үйлердің арасына кіріп, олардан қара үздім.

Үйімнің жанына келіп құшақ жетпейтін теректің тасасында демімді басып тұр едім. Бір кезде мен тұрған ағаштың жанынан екі адам сөйлесіп өтіп бара жатты: «Әлгінде ғана алдымызды келе жатыр еді, қайда кетті, кім екенін білу керек еді. Шефіміз «Беске» айтпайық, әйтпесе біздің басымызды сипамас. Бастық неге өлген қыздан қорқып, бізге ескі үйді торуылдатып қойды?, - деп сұрап еді, екіншісі: «себебі өлген қыздың анасы көріпкелдерді жалдаған көрінеді және өлтірген адамды айтқандарға сыйақы тағайындапты. Әлгі ескі үйге кірген кісі экстрансенс болғаны ғой»,- деп бара жатты. Бір кезде олардың қаралары көрінбей кеткеннен кейін ғана пәтеріме кірдім.

Ертеңіне қыздың үйіне кіріп шықтым. Анасы қайғыдан қан жұтып отыр екен. Қайтсін бойжетіп қалған баласынан айрылу қай анаға оңай тиер дейсің. Көңіл айттым. Қызының айтқандарын анасына айта алмадым. Артынан қызды өлтірген адам туралы полицияға мәлімет берген кісіні белгісіз машина қағып, оның сол жерде жан тапсырғанын естідім.

Содан қыздың анасына атымды жасырып хат жаздым: «Сіздің қызыңыздың рухын көрдім. Қызыңыз өлтірген адамды айтқан адамға тағайындаған сыйыңызды, жалдаған көріпкелдерден бас тартуыңызды сұрайды, өйткені сіздің де, басқалардың да өміріне қауіп төніп тұр деген. Қызыңыз сізді жақсы көретінінін және жасаған қателіктері үшін кешірім сұрайтынын айтты. Ал менің айтарым қызыңыздың өлімін жуық арада аша алмайсыз, өйткені уақыты келген жоқ, күтіңіз, түбінде қылмыс ашылады» деп хатты үйінің пошта жәшігіне тастадым. Біраздан кейін өлген қыздың анасы өзі тағайындаған сыйақысын және экстрасенстардың жұмыстарын тоқтатқызды.

Қызды өлтірді деп күдіктенген адамның кеңсесіне бардым. Дәлізде тұр едім, бөлмесінен шығып келе жатқан адамның жанында өлген қыздың рухын көрдім. Қыз мені көрді, менің ойымды санасымен оқығандай «мені өлтірген кісі осы» дегендей басын изеді. Мен оның көзінен мөлдіреген жасты көрдім. Қыз далаға беттеді, мен де соңынан ілестім. Кеңсенің алдында шағын бақ бар еді, ол сол жаққа бет алды. Мен де соңынан ердім. Бір кезде қыз қалың ағаштың қуысына тоқтап «мені өлтірген пышақ осы жерде көмілген. Енді қош бол мен өз мекеніме кеттім. Істеген жақсылығыңа рахмат» деді де қыздың рухы ғайып болды. Иә, өлімге себепкер адамды білдім, бірақ оны ұстауға жеткілікті дәлелдерім жоқ еді. Біраздан кейін селода қыздың рухын әлдекімнің көргені туралы қауесет жүргенін естіп селодан кеттім. Бірақ, қайта оралып шындықтың бетін ашуға тырысамын...- деген еді Еркін.


Ерсін Ерғалиев




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.05.2018, 22:29

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
20 Мамыр, 17:01
Күн мінажатханасы
18 Мамыр, 11:16
Өзге əлем
9 Мамыр, 22:29
Қыз рухы
2 Мамыр, 10:41
Елес қонақ...
30 Сәуір, 09:18
Шайтан шақырыпты
28 Сәуір, 10:32
Жын ұрған қыз...
27 Сәуір, 11:14
Түнгі оқиға
26 Сәуір, 11:08
Саябақтағы елес ару
25 Сәуір, 10:51
Мәңгілік өмір
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31