Мәңгілік мендік боласың

Мәңгілік мендік боласың

- Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе?

- Әрине!

- Егер мен о дүниелік болсам да сүйесің бе?

- Онда бұдан да қатты сүйетін болам!

Осы сөздерден соң Таня қандай да бір қимастық сезіммен мойныма асылатын. Сол сәттерде біздің бақытымыздың қысқа болатынын сезген едім.


Шаңырақ көтернегіміздің бір жылдығын теңіз жағалауында өткіздік. Таня күнге қыздырынғанды өте жақсы көретін. Алайда сол үнемі күн астында жатып қыздырынудың жазылмайтын дертке ұшырататынын кім білген. Мен оны өлімнен арашалап қалу үшін қолда барды аямадым. Дәрігерлердің айтқан дәрілерін тауып әкеліп отырдым. Өзіміздің дәрігерлердің шамасы келмеген соң, олар шет елге апаруға кеңес берді. Таняны шетелге апару үшін үйді сатуға қойдым. Оны естігенде, Таня «Темка, неге сонша шашыласың. Әлі саған баспана керек болады ғой» деді. Мен «маған емес, бізге» деп ашуландым. «Сен жазылып шыққан соң баспана мәселесін бірге шешеміз» дедім. Бірақ Таня сол кезде санаулы күндері қалғанын білген екен.Таня сол дерттен айықпады. Оны жерлегенде күн түнеріп тұрды. Бірақ мен Таняның қайтыс болғанына сене алмадым. Құлағымда «Жаным, сен мені мәңгілік сүйсің бе?» деген сөз жаңғырып тұрды. Туыстардың бірі «Темка олай етуге болмайды, тірі адам тіршілігін жасау керек» дегенде есімді жидым.


Мен Таняны бір сәтке де естен шығара алмадым. Онсыз қалай өмір сүруді де білмеймін. Ол күнде түсіме кіреді. Мен кәдімгідей Таняны аймалап, құшағыма қысамын. Оның «Жаным, сен мені мәңгілік сүйесің бе?» деген сөзін анық естимін. Оянған кезде көпке дейін өз-өзіме келе алмай отырам. Маған түсім емес өңім секілді көрінеді. Ол маған күнде түнде келетін болды. Таңертең оянам да, сүйіктіммен кездесу үшін түнді асыға күтем. Менің бұл күйімді ата-анам байқап, мені психиаторға апарды. Бірнеше күн дәрі ішкен соң Таня күнде түсіме кіруін қойды.


Арада бір жыл өткенде Светамен таныстым. Оны құлай сүйдім деп айта алмаймын. Бірақ бір сезімнің болғаны рас. Бір күні Светаны үйге ертіп келіп, бірге қондық. Шошып ояндым. Қара терге түсіп жатыр екем. Төсектің қасында қолына пышақ ұстап Таня тұр. «Сен мені мәңгілік сүюге уәде етіп едің ғой» деп, пышағын Светаға кезеді. Мен «тоқта» деп айғайлап, жүгіріп барып шам жақтым. Сол сәтте Таня жоқ болып кетті. Шошып оянған Света аң-таң. Мен оған көргенімді айттым. Бірақ ол сенген жоқ. Арада бір апта өткенде Светаны нашақорлар пышақтап өлтіріп кетті. Мұны естігенде маған бірден «бұл Таняның ісі емес пе екен?» деген ой келді. Мен дәрігерге қайта бардым. Бір ай дәрі іштім. Бәрі қалты жағдайға түскендей еді.


Көп өтпей Маринамен таныстым. Бірақ біздің ара қатынасымыз ұзаққа созылмады. Марина көлік астына түсіп, зорға аман қалды. Миы шайқалған. Алайда апаттың қалай болғанын Марина да, жүргізуші де айтып бере алмады. Марина көлікті көрмеген, жүргізуші Маринаны көрмеген. Бірақ бұл оқиғаға да Таняның қатысы бар екенін мен анық білдім. Өйткені, дәл апат болардан бір күн бұрын маған Таня келді. Ол «сен мені мәңгілік сүюге уәде еткен едің ғой» деп қолындағы көліктің кілітін айналдырып тұрды.


Одан кейін мен әйел затына жақындауды қойдым. Енді тағы бір жазықсыз жанның өліміне себепші болғым келмеді. Бәрін ұмыту үшін жұмыстан бос уақытымды спортпен айналысуға жұмсадым. Алайда, Таняның елесі келуін қоймады. Одан құтылу үшін арақ іштім. Мас болып ұйықтағанда ол келмейтін. Жұма күні кешке арақ ішуді бастап, дүйсенбі күні таңертең ес жию әдетке айналған еді. Бірақ Таняның алдында өзімді кәнілі сезіндім. Өйткені мен оған мәңгілік сүюге серт берген едім.


Бір жұмада арақ алу үшін кешке дүкенге бардым. Кезекте тұрғанда басым айналып, көзім қарауытып, еденге отырып қалдым. Есімді жиғанда «сізге не болды?» деп бір әйел кісі маған үңіліп тұр екен. «Мен көмектесейін, жүріңіз таза ауаға шығайық» деп әлгі әйел қолтығымнан демеді. Есік алдына шығып орындыққа отырдым. Әлі де болса басым айналып тұр. «Денсаулығыңыз сыр берді ме?» деді әлгі әйел. Алғашында «жоқ, ұйқы қанбағандықтан ғой» деп шындықты айтудан жалтардым. Бірақ артынша, танып білмеген адамға бар сырымды ақтардым. Ол менің айтқаныма сенген секілді. Менің айтқандарымды мұқият тыңдаған ол «білесіз бе, біздің кездесуіміз кездейсоқтық емес, мен экстрасенспін. Менің атым Елена» деді. Мен мысқылдап, «не үйімді жындардан тазартасыз ба?» дедім. Іштей, «алаяқ болар. Маған естен танатын дәрі ішкізіп, сыбайластарымен бірге үйімді тонап кетпек болар» деп ойладым. Ол менің ойымды оқығандай «жын үйге емес, адамның тәніне кіріп алады» деп, жымиды. «Айтпақшы, қорықпай-ақ қойыңыз, мен сізге ештең де ішкізбеймін» дегенде өз ойымнан өзім ұялдым. Бірақ Елена оны бақамаған сыңай танытты. «Артем, сіз өзіңіз білмей, сүйіктіңізді ұстап, жанын о дүниеге жібермей жүрсіз. Сол үшін оның жаны сізбен қастасып жүр. Сіз сүйіктіңіздің жанын босатыңыз, келеңсіздіктер тыйылады» деді. Одан кейін Елена мені шіркеуге барып сиынуға шақырды. «Жүріңіз, дәл қазір барайық» деп мені қолымнан ұстап жетектеді. Мен еленаның соңынан ердім.


Шіркеуге кіріп, «сүйіктімнің жаны жай тапсын» деп шам жақтым. Шамның отына қарап тұрып, іштей Танямен мәңгіге қоштастым. Шіркеуден шыққанда бойым жеңілдеп қалғанын сездім. «Енді барып, үйіңізді жиып-теріп, тазалаңыз. Таняның киім-кешектерін таратып жіберіңіз. Күнде кешке үйіңізде шам жағыңыз» деп Елена маңдайыма қолын қойып, «әйеліңізге о дүниеде жақсы болатынына сеніңіз. Оны босатыңыз» деді.


Ертеңіне қызық түс көрдім. Бірінші рет Таня жүзі жадыраңқы болып кірді. Тіпті бақытты көрінді. Қолындағы мысықтың баласын жерге түсіріп, есікті ашты. Есіктің арғы жағынан жарқыраған сәуле көрінді. Ол ақырын басып, есікке қарай беттеді. Табалдырықтан аттай бере «рахмет» деп сыбырлады.

 

Содан бері арады төрт жыл өтті. Алғашында біреуге сізімімді білдіруге қорқып жүрдім. Кейіннен Таняның жаны жай тапқанын, оның мәңгілікке кеткенін түсіндім. Бірақ енді ешкімге мәңгілік сүюге серт бермеймін деп шештім.

 


(Мақала орыс тілінен аударылған)
 
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста