Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мәңгілік өмір

  • © vedamost.info

    © vedamost.info

Адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген әңгімені кішкентайымыздан естіп келеміз. Бұл қаншалықты рас? Сонда адамның жаны қайда кетеді? Бір қызығы, адамның жанының мәңгілік екенін ғалымдар да дәлелдеп әлек.


Солардың бірі - америкалық танымал анестезиолог Стюарт Хамерофф. Ол «адамның жүрегі тоқтағанда, оның өмірі аяқталғанымен, жаны, сана-сезімі әлеммен бірге өмір сүре береді. Мида сақталған ақпараттар ешқашан өлмейді, клиникалық өлімді бастан кешкендердің беймәлім ақ дәлізбен жүргендей әсер алатыны сондықтан», – дейді.


Оның сөзі, шынында да, шындыққа жанасатын секілді. Бірде ғаламтордан Зядан Қожалымов деген кісінің «Ғаламның жұмбақ сырлары» деген еңбегінен мынадай тосын да жұмбақ оқиғаны оқыдым.


1988 жылдың 22 қыркүйегінде алматылық Венера деген оқушы қыз мектептегі денешынықтыру сабағында кенеттен қайтыс болады. Өлімнің себебі дәрігерлерге де және басқаларға да жұмбақ болып қалады. Бір жылдан кейін, 1989 жылдың наурызында Башқұртстанның Бақалы деген ауылында Венера есімді қыз дүниеге келеді. Бұл - мұғалім болып жұмыс істейтін ерлі-зайыпты Асадуллиндердің төртінші перзенті екен. Венера 6 жасқа толар-толмастан оқшау мінездер танытып, ата-анасына үш ұйықтаса да ойға келмейтін создер айта бастайды.


Сонымен, бір күні Венера: "Сендер менің әке-шешем емессіңдер, менің папам мен мамам Алматыда. Пәтеріміз бес қабат үйдің екінші әлде үшінші қабатында" дейді. Оған қоса папасының қызыл "Москвичі" барын, ауруханада операция жасалған шешесіне екеуі сонымен барғанын, көрші подъездегі қызды көз алдында машина қағып кеткеніне шейін айтады."Менің атым - Байрам" деп те айтып жүреді.


Мұндай тосын құбылысқа алғаш қорқынышпен қараған анасы, кейін ойланып илана бастайды. Анасы Алматыға "Вечерняя Алма-Ата" газетіне жағдайды айтып, хат жазады. Газет оқиғаны бірден жариялайды. Көп ұзамай қайтыс болған Венераның Алматыдағы әкесі Мұса мен анасы Халида Абдрахмановтардан хабар алады. Олар "Біздің Венера атты қызымыз болған. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған. Оны еркелетіп Байрам деуші едік" деп хат жазады. Марқұм қызының шашы қара болғанын да, көрші қызды машина қаққанын да жазады. Қысқасы, жас Венераның айтқандары толық расталады. Екі жақ та телефон арқылы сөйлескенде, естерінен танады. Сәби Венерадан "Алматыдағы мамаңның аты кім?" дегенде, мамасының сіңлісін айтқан. Себебі, Венераны мамасының сіңлісі баққан екен. Ал апасының атын нақты айта алмағанымен, бірге оқыған жақын қыздың түр-тұлғасын дәл айтқан. 1996 жылы алматылық Абдрахмановтар Башқұртстанға барады. Ер жеткен Венера "папа, мама" деп құшақ жая ұмтылуы аса жанға аянышты құбылыс болады. Венера екінші ата-анасын тапқалы жаны тынышталыпты.


Өмірде осындай оқиғаларды көп естіп, оқыған сайын, адамның жанының мәңгілік екеніне бір түрлі сене түсетін сияқтысың.


Мейіржан Иембергенов, Семей.

alashainasy.kz/ 




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.04.2018, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Қараша, 10:51
    Ай тұтылған түні
    19 Қараша, 10:58
    Тарғыл мысық
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30