Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мені ажалдан алып қалған періште ме, аруақ па?

  • ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

    ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

1974 жылы 10 класты бітіріп аудан орталығындағы ауруханадан № 286 форматтағы справканы алу үшін жолға жиналып жатқанмын. Қарындасым «менің көзілдірігімді оңдатып алып келші» деп үш сом берді. Содан аудан орталығына келіп бірден көзілдірік істейтін дүңгіршекке келсем, орта жасқа келген толық орыс әйелі отыр екен, мен оған көзілдірікті ұсындым.


Ол не істейтінін айтпай-ақ түсініп. Әпсәтте көзілдірікке линзаны тағып істеп берді де жұмыс ақысы 1 сом 50 тиын деген соң үш сомды ұстата бердім. Ол есептеп-есептеп маған көп ұсақ қағаз ақшаны ұстата салды. Ақшаны алып санасам 10 сом қайтарып беріпті, менің ішкі дүнием астаң-кестең болды, «не істейін, сіңіріп кетейін бе» деп те ойладым. Ол кезде он сом әжептәуір ақша ол ақшамен қалаға барып кешке дейін қыдырып қайтып келуге де болатын.


Бірақ «кісінің ала жібін аттама» деп айтатын анамның сөзі еске түсті де, әлгі әйелге «сіз маған артық ақша бердіңіз» деп ақшасын қайтарып бердім. Сонда әлгі әйелдің қалай қуанғанын көрсеңіз, рахметін жаудырып жатыр, жаудырып жатыр «бізге түсім аз түседі, он сомның орнын жабу үшін қаншама тер төгер едім» деп рахметін қайта-қайта айтып шығарып салды. Анам айтушы еді «қырық рахмет бір ажалдан құтқарады» деп, сол сөздің жаны бар екеніне кейін көзім жетті.


1975 жылы бірінші курсты аяқтап, елге бару үшін вокзал кассасынан кешкі сағат онның отарбасына билет алдым. Сағат әлі жеті. «Жатақханам вокзалға жақын ғой, жаяу барсам жүктерімді алып келуге үлгеремін»,- деп жатаханаға жаяу тарттым. Көше қиылысына келгенде өтіп бара жатқан машинаға жол беріп, енді жолды кесіп өтуге ыңғайланып жүре беріп едім, менімен қапталдаса орыс тектес орта жастағы әйел де жолдың аржағына өтті.


Ол кісі неге екенін білмеймін “асықпа, сабырлы бол”, - деп жатты. Содан екеуміз шүйіркелесіп әңгімелесіп кеттік. Ол кісіге:


- Бірінші курсымды аяқтадым, отарбамен кетуге үш сағат бар, сондықтан жатаханаға заттарымды алуға бара жатырмын, - дедім.


- Сен асықпа, асықпаған арбамен қоянға жетеді, сақ болғанға Алла да жақ, оқуыңа күш сал, сонда көздеген мақсатыңа жетесің, - деп ақыл-кеңесін аямай айтып келе жатты.


Жатахананың жанында «Москва» дүкені болатын, мен дүкенге жақындай бере бір нәрсеге алаңдап артыма қарайладым да, қайтадан әйелге бұрылып әлдене айтуға оқтала беріп едім, жанымдағы әйелді таба алмай қалдым, төңіректе көрінбейді. «Қайда кетті екен» деп қатты таңғалғаным есімде, әлгінде ғана жанымда еді ғой, деймін.


Содан жатақханаға келдім, келсем бәрі ұйқыға жатып қалыпты. Чемоданыма заттарымды салып жатыр едім, жолдасым:


- Сен қайда жиналып жатырсың,- деді.


- Отарбам сағат онда соған үлгеруім керек,- деп едім.


- Сен қызық екенсің сағат он болды енді үлгермейсің, - дегенде қатты өкіндім.


Сонда вокзал мен жатахананың арасына үш сағат жүргенім бе, өйткені екі аралық жаяу жүргіншіге көп болса жарты сағаттық қана жол. «Бұл не жұмбақ,- деймін, - қалайша мен екі аралықты үш сағат жүргенмін, бұл мүмкін емес, сонда әлгі әйелмен үш сағат сөйлескенім бе», - деп айран-асыр болдым. Енді не істейсің, болар іс болды, амалсыздан келесі күні елге кетуге тура келді...


Бірақ артынан курстастарымнан сол жолаушылар отарбасының жүк таситын отарбамен қақтығысып апатқа ұшырағанын естігенде Аллаға шүкіршілік еттім. Сонда мені апаттан құтқарған сол әйел періште болғаны ма. Бұл бір тылсым дүние болды мен үшін. Осыдан бастап мен, адамдарға жақсылық көрсетіп, рахметтерін жинап жүргенді сауап деп білетін болдым.


erens.ucoz.ru

 




Көрілген: 2749    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.01.2018, 10:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31