Алаш баласы, айнаңа қара!

m.alashainasy.kz
жұма, 26.05.2017



Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Мені суицидтен құтқарған қанішер

  • © operkor.wordpress.com

    © operkor.wordpress.com

Мен бұл жайлы ешкімге айтқан емеспін. Өз-өзіме қол салмақ болғанымды қалай айтым?! Туыстарым, достарым білсе, «мынаның есі ауысқан екен» демей ме? Онда масқара болам ғой. Бірақ мұндай нәрсе іште жатса еңсеңді басып, дел-сал етіп, денеңді ауырлата береді екен. Сондықтан іштегі сырымды қағазға түсіріп, бойымды жеңілдетейін деп шештім.


Осыдан екі жыл бұрын үйленемін деп жүрген қызыммен арамыз ажырады. Ол мен ойлағандай періште емес екен. Үйленеміз деп шешкен соң төсектес болдық. Арада бір күн өткенде бір жайсыздықты сезіндім. Дәрігерге барып едім жаныстық жолмен жұғатын ауру жұқтырғанымды айтты. Қайдан жұқтырғанымды сұрап еді «танымайтын, кездейсоқ біреу» деп құтылдым. «Сүйген қызымнан жұқтырдым» деп қалай айтам. Бірақ намысым мұқалып, жігерім құм болды.


Дәрігерден шығу бойда қызыма хабарластым. Шұғыл кездесуіміз қажет екенін айттым. Жарты сағаттан соң кездестік. Мен дәрігерде болғанымды айттым. Алғашында ол «мүкін емес» деп жалтарды. Бірақ мен одан өзге ешкіммен төсектес болмағанымды айтқан соң, таяуда болған кеште бір бейтаныс жігітпен кездейсоқ төсектес болғанын мойындады.


Сүйген қызымның сыртымнан өзге біреулермен төсектес болып, мені ақымақ қылып жүргені намысыма қатты тиді. Бұл жайды ешкімге айта алмай, тұйықталып, жалғыз жүретінді шығардым. Ой жетегінде кетіп, түнде ұйықтамайтын болдым. Физикалық тұрғыдан да, психологиялық тұрғыдан да шаршадым. Күндердің-күнінде өлуім керек деп шештім. Әлеуметтік желіден суицид жасаудың жолдарын іздедім. «Биіктен секіремін» деп шештім.


Ерте көктем болатын. Әлі ептеп ызғар сезілетін мезгіл. Кешкі сағат бестер шамасында көрші тұрған он екі қабатты үйдің шатырына көтерілдім. Басқа ешкім шықпасын деп сырттан іліп тастадым. Шатырдың ернеуіне барып аяғымды төмен салбыратып отырдым. Төменде әрілі-берілі машиналар жүріп жатыр екен. Неге екенін «жазықсыз біреудің машинасының үстіне түсіп бүлдіремін-ау, жазықсыз біреуді жазым етемін-ау» деген ой келді. Ойға шомып тұрғанымда, ту сыртымнан біреудің «жай отырыс па?» деген даусы шыққанда құлап кете жаздадым. Арт жағымда аузына темекі тістеп алған, сыптай киінген, сұңғақ бойлы, денелі бейтаныс жігіт тұр. «Шатырға шығатын есікті сыртынан іліп қойғам, сонда мынау қалай шатырға шыққан» деп ойладым. Мен ойымды жинақтап үлгермей жатқанымда ол «секіретін болдың ба?» деп сұрады.


Күтпеген сұраққа не деп жауап қатуды білмей, «сен полициядансың ба, саған кім айтты?» деп өзіне сұрақ ойдым. Ол мырс етіп, «жоқ-а, мен жай мына сұлу көріністі қарап тұрмын» деді. Ол сөзін жалғап «мына өмірдің мәні жоқ, не үшін өмір сүресің, кім үшін өмір сүресің» деп аузындағы темекісін ішіне тартты.


Неге екенін мен неліктен осы қадамға барғанымды оған айта бастадым. Бейтаныс жігіт кекесін күлкімен «келісейік, сен қазір секіріп өлесің, сонымен бар мәселе шешіледі. Ал мен мына темекімді шегіп болам да төменге түсем. Сенің қалтаңнан телефоныңды, бар құжатыңды алам. Сол арқылы сенің бар туысыңды, достарыңды табам. Сонан кейін оларды бір-бірден өлтіре бастаймын. Жай өлтірмеймін, қинап өлтірем» деді.


Мынау адам ба, жын ба? Денем шымырлап кетті. Тез есімді жидім. «Ей, не сандырақтап тұрсың, сен кімсің өзі» дедім. Ол ашуланған да жоқ, бір қалыпты дауыспен «саған бәрібір емес пе? Қазір өлесің. Басқаларға түкіргенің бар ма» деп, басқа жаққа қарап темекісін құшарлана тартып тұр.


Қой, мен неге өлуім керек? Жүгіріп төмен түстім. Есік алдында тұрып полицияға хабарладым. Арада бес минут өтпей полиция келді. Мен оларға шатырда бір кісінің маған қоқан лоққы жасағанын айттым. Полицейлермен бірге мен де шатырға шықтым. Бірақ шатырда ешкім болмай шықты. Мен полицейлерге оның шатырда болғанын, төмен түспегенін айттым. Өйткені полиция келгенге дейін мен есік алдында күзетіп тұрдым. Полицейлер менің сөзіме сенбеді. Түсініктеме жаздарып алып, ертең бөлімшее баруым керек екенін айтып кетті.


Мен үйге келдім. Есікті анам ашты. Көптен сағынысқан адамдай анамды құшақтап сүйдім. «Мама тамақ бар ма?» деп сөйлеп ас бөлмеге кірдім. Менің көңілді жүргенімді көрген анам қайта құшақтап бетімнен сүйіп, көзіне жас алды. Анамның қуанатындай жөні бар еді. Өйткені мен соңғы кезде үйдегілермен сөйлесуді де, күлуді де ұмытқан едім.


А.Д. Алматы


alashainasy.kz

 




Көрілген: 1177    Пікірлер: 6
Пікірлерді оқу (6) preloader

сенбі, 25.02.2017, 09:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Мамыр, 08:44
    Айкезбе
    21 Мамыр, 11:07
    Гипноздың құдіреті
    5 Мамыр, 08:49
    Құбыжық бала
    27 Сәуір, 08:45
    Бала жылаған үй
    5 Сәуір, 08:49
    Аруақпен сұхбат
    22 Наурыз, 10:35
    Шайтандар мекені
    10 Наурыз, 09:12
    Әулие қыз
    24 Ақпан, 09:14
    Сайтан қабір
    23 Ақпан, 09:20
    Жұмбақ ауыл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31