НАСА Жерді 15 күн қараңғылық басатынын мәлімдеді

НАСА Жерді 15 күн қараңғылық басатынын мәлімдеді

НАСА астрономдары таңқаларлық хабарландыру жасады. Олардың айтуынша жер шары 15 күн бойы қараңғылықтың құшағында болмақ. Бұл түнек 2015 жылдың 15 қарашасы күні басталып, 29 қараша күні айығады деп хабарлады DICTAT порталы.
Бұл туралы НАСА-ның басшысы Чарльз Болден Обама әкімшілігіне мың беттен тұратын зерттеулер мен бұл түнектің шығу себептерін анықтаған мәлімдеме жіберді.
Бақсам бақа екен демекші, бұл қараңғылықтың негізгі себебі Венера шоғжұлдызы мен Юпитердің астрономиялық паралелизмде 1 градуста қиылысатын сәті тура 15-29 қараша аралығына сәйкес келеді, және сонша күнге созылады.
Венера Юпитерге қарағанда күн сәулесін 10 есе артық қабылдағандықтан Юпитерде газдың қызуы шамадан тыс байқалады, соның салдарынан ауада сутегі жоғары мөлшерде болады.
Ауада пайда болған сутегі тұманы Күн сәулесіне жеткен сәтте ғарышта ғаламат жарлыс орын алады, бұл Күннің қызуын 9000 градус Кельвинге жеткізеді.
Бұл құбылыстан кейін біздің көзіміз үйренген қызылсары жарық көк түске өзгеретін болады. Ал Күн өзінің бастапқы температурасына қайта түскенше екі апта уақыт керек. Бұл 2015 жылдың 15-29 қарашасына сәйкес келіп отыр. 

Сурет dictat.net
Бұл ғарыштық құбылыстың Жердің барлық тұрғындарына сезілетіні айдан анық. Біздің жасыл ғаламшарымыз үшін Күннің бұрынғысынан жарығы әлсіреуі мүмкін, бірақ жыли түсетін болады. NASA-ның пайымдауынша 13 градусқа дейін жылынуы мүмкін, десе де нақты қанша болатынын тап басып айту қиын. Бір анығы, жылы түндер екі аптаға созылған Полярлық түндерді еске түсіреді.
NASA өз болжамдарынан ешқашан жаңылыспайды деген күннің өзінде, егер осындай температураның күрт жылынуы түрлі табиғи апаттарға әкеп соғуы ықтимал. Атап айтқанда алып мұздықтардың еруі, теңіз жағасындағы қалаларды су басуы, экваторда адам төзгісіз ыстық, әлемдік деңгейдегі мұхиттардың көтерілуі

НАСА сарапшылары бұл Күн түнегінен кейін нақты қандай жағдай болатынын тап басып айта алмайды. Сондай-ақ олар біздің ғаламшарымыздың да баяғысынша жап-жарық болатындығына да кепілдік бере алмайды. Алайда олар босқа дүрлігудің тиімсіздігін айтады, бұндай түнекті Жер бірінші рет бастан кешіріп тұрған жоқ, бәлен миллион жылдарға созылған мұз дәуірлері осындай құбылыстарды артқа тастап барып, қазіргі күнге жетті дейді.
Мұнан бөлек, НАСА өтірік дүрмек тудырып, қоғам назарын өзіне аудару үшін жалған хабарлама жасауы да мүмкін.
Қалай десек те, НАСА басшысы барлығыңызға 15 күндік қараңғылыққа дайын болуларыңызды ескертеді.


"Шын ақпарат"
Дерек көзі: Экспресс К

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста