Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүние мен бұл дүние арасындағы 16 жыл

  • © www.copywriter-yastrebova.com

    © www.copywriter-yastrebova.com

 Нәзира Рүстемов осындай күйде16 жыл болған.


Негізі Нәзираны өліп, қайта тірілген адам деуге болады. Өйткені летаргиялық ұйқыға кеткен 4 жасар Нәзираны ата-анасы жер қойнауына тапсырған. Себебі, еш тірішілік белгісінсіз ауруханада 7 күн жатқан соң, дәрігерлер оны өлді деп ата-анасына қайтарған. Анамның айтуынша, кішкентай кезімде Назираның басы қатты ауырған екен. Соның салдары ма, әйтеуір, төрт жасында түнде ұйықтап кеткеннен, қайта оянбаған. Облыстық ауруханада бір апта жатқан соң дәрігерлер оны өлдіге санап, «мәйітін» ата-анасына қайтарып беріпті. Содан ата-анасы оны жерлеген.


Алайда сол күні түнде Нәзираның әкесі мен шешесі бірдей түс көреді. Белгісіз дауыс оларға, «өз қыздарыңды тірідей көміп, кешірілмес күнә жасадыңдар» дейді. Шошып оянған ата-анасы молаға жүгіреді. Моладан қыздарын қайта қазып алып, сол сәтте ооблыстық ауруханаға жеткізеді. Тексеру жүргізген дәрігерлер, қыздың жүрегінің минутына бір-екі рет соғып жатқанын анықтайды. Содан кейін ата-анасы оны Ташкенттегі ғылыми-зерттеу институтына апарады. Нәзира сол жерде ұйқыдан оянғанша жатқан.


Араға 16 жыл салып, 1985 жылы 29 тамыз күні Назира кенет оянады. Өзінің айтуына қарағанда Назира түсінде соғылған шылдырынан оянған. Кейінен Назира «түсімде қайта-қайта телефон шырылы естілді. Телефонды менен басқа ешкім көтермейтініне көзім жеткен соң, орнымнан тұрып, көрші бөлмеде тұрған телефон тұтқасын көтердім. Сол жерде отырған екі медбике есінен танып қалды. Жан-жағыма қарадым, жатқан кереуетім жоқ. Сөйтсем, мен көрші бөлмеге есіктен емес, қабырғадан еш кедергісіз өтіп кетіппін» деп болған жайды еске алған. Өзінің айтуынша, ол ұйқыға кеткенге дейін телефон, теледидар дегенді көрмеген. Кейінен белгілі болғадай, ауруханадағы Назира жатқан бөлменің есігі құлыптаулы болған. Ал оның көрші бөлмеге қалай өтіп кеткені әліге дейін жұмбақ күйде. Осы оқиғадан кейін Нәзираны мәскеулік дәрігерлер, психологтар да тексерген. Бірақ бұл жайға ешкім түсінік таба алмаған.


Тағы бір қызығы 16 жыл ұйқыда жатқан 20 жасар Назираның бойы не бары 28 сантиметрге өскен. Алайда, кейін оның бойы космостық жылдамдықпен, күн санап өсіп, қалыпты жағдайға жеткен. Айтуынша, оянған алғашқы кездерде бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза да білген. Кейіннен уақыт өте ұмыта бастаған. Десе де сол кездері қазақ, орыс, тәжік, өзбек, араб тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Ал мұндай ерекше қасиетке «Алланың құдіреті» дегеннен басқа түсінік жоқ.


Алғашқы кезде ол бір орында тұрып, еш кедергісіз 10-15 сантиметр жоғары көтерілетін болған. Жануарлардың тілін түсінген. Мұндай ерекше қасиеттер оның бойында көп уақытқа дейін сақталған.


Арадан бірнеше жыл өткенде Назира ол қасиеттерін жоғалтқан.


Есесіне оның бойына емшілік қасиет қонған. Тылсым күштің бойына сыймай кететінен бе екен, бір жылдары Нәзираның қыс мезгілінде де көшеде құр жейдемен, жалаңаяқ жүрген кездері болған. Сол үшін Мәскеудің полицейлері оған бірнеше рет қатаң ескерту жасап, тіпті, қамап та қойған.


Тірідей жерленгендер


Тарихқа үңілсек, түрлі жағдайлармен тірідей жерленген адамдар болған екен. Мәселен, Англияда ескі мазаратты бұзған кезде, бірнеше табыттағы адам сүйегінің теріс қарап, етпеттеп жатқаны белгілі болған. Сондай-ақ, кезінде орыс жазушысы Николай Гоголь летаргиялық ұйқыға кетіп қалатынын ескертіп, мүрдесі иістене бастамайынша денесін жер қойнына тапсырмауын айтып, өтініш қалдырып кеткен. Ұзақ жылдар өткен соң Данилов шіркеуінің қасына жерленген ұлы жазушының мүрдесін тексеріп, эксгумация жасағанда, табытының тырналып тасталғаны және ұлы қаламгердің сүйегінің етпетінен жатқаны анықталған.


Ұзақ жылдар ұйықтаған адамдар


XIV ғасырда әйгілі италияндық ақын Петраркуді тірідей көме жаздаған. 40 жасында летаргилық ұйқыға кеткен ақын жерлеу рәсімі бітер алдында оянған. Одан кейін ол тағы 30 жыл өмір сүрген.


Ал, ресейлік Качалкин деген азамат 1898 жылдан 1918 жылға дейін, 20 жыл ұйықтаған.


Гиннестің рекордтар кітабіна кірген Надежда Лебедина 1954 жылы ұйқыға кетіп, 20 жылдан соң оянған.


Буэнос-Айресте 5 жасар қыз 25 жыл ұйқыда болған. Ұйқыдан оянғанда, ол сол баяғы сәби күйінде болған. Алайда бір жыл ішінде өзінің биологиялық жасын қуып жеткен.


Ал, Индияда қызметінен босаған министр қатты күйзелістен летаргиялық ұйқыда жеті жыл жатқан.


Қызық дерек


Англияда XIX ғасырдың басында барлық мәйітханаларды қоңыраумен жабдықтау туралы заң шығарылған. Ағылшындардың ондағы ойы – егер қайтыс болды деген адам летаргиялық ұйқыда болып, кенет оянса қоңырау арқылы мәйітхана қызметкерін шақырады. Ол заң бүгінгі таңда да қолданыста екен.




Көрілген: 2122    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.03.2017, 09:16

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
24 Сәуір, 11:08
Кесене кезген елес
23 Сәуір, 14:40
Қарғыс атқан тағдыр
20 Сәуір, 11:54
Киіктің киесі
9 Сәуір, 12:01
Қыз рухы
9 Сәуір, 11:32
Балшы
6 Сәуір, 11:39
Уақыт
4 Сәуір, 10:54
От–Ару
3 Сәуір, 10:54
Жалғызаяқ жол
31 Наурыз, 10:51
Балбал-қаз
28 Наурыз, 10:56
Тораңғылы
13 Наурыз, 11:41
Алтын ұсынған жын...
12 Наурыз, 11:42
Дуалау деген рас екен
11 Наурыз, 11:02
Көлдегі елес ару
7 Наурыз, 11:40
Жолайрық
28 Ақпан, 10:10
Киіктің киесі
25 Ақпан, 23:30
Адамның 10 қорқынышы
23 Ақпан, 11:55
О дүниеден оралу...
18 Ақпан, 23:50
Өлінің астынан өту
29 Қаңтар, 11:30
Оқ дарымайтын адам...

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30