Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

О дүниеден оралу...

  • © imgarcade.com

    © imgarcade.com

Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып «Қандай адам еді?» деген сауалға мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: «Жақсы адам…» деп жауап қайтарды.


Ол өзінің жаназасына осыншама көп адам келеді, тіпті «жақсы адам» деп айта қояды-ау деп ешқашан ойламап еді. Тек ел-жұрты өзін жер қойнына тапсырып, топырағының басына қада қадап кете барды. Тура қырық қадам алыстаған соң ғана, «Жазасын Алла берер…» дегенді естіді. Бірақ оларға өкпесі жоқ-ты. Сосын өзінің О дүниенің екі қақпасын да көре алмасын білген соң, пәни дүниені ойлай бастады. «Балаларым қандай күйде екен… бейшара әйелім ше… ешкімнің есігін аша алмай жүрме екен?..» деп ойлады. Балаларын сағынды. Барып маңдайларынан сипап көргісі келді. Бас аяғын буған ақірет бауларын шешті де, сыртқа шықпаққа ниеттенді.


Қанша ұмтылғанымен үстіндегі кебін кедергі жасап болмаған соң ақіретті жанақымға қалдырды да, тыржалаңаш сыртқа шықты. Молалардың барлығының бетіне жап-жасыл гүл өсіп тұр. Тек өз қабірі мен әріректегі тағы бір қабірді ғана сұр топырақ басып жатыр. Қабір басындағы гүлді суарып тұрған жігіттен үстіне жабар лыпа сұрамаққа қасына барып еді, шамасы соқыр болар, қасынан қанша айналсоқтаса да көрмеді. Әбүйірлі жерін қолымен бүркеп ауылға қарай жол тартты.


Жолыққандардың бәрі көрмейді. Жылғалап аққан бұлақты жағалап отырып, өз үйінің қасына келді. Ауласын қоршаған биік тамның әр жағынан ең соңғы жалғыз картопты аршып отырған әйелін көрді. Ортаншы ұлы шешесіне көрсетпей аршылған қабықты аузына салып жатыр. Өзі де тамақсау болатын. Жаны ашып кетті. Барып, баласының бетінен иіскеп, әйелінің шашынан сылағысы келді. Ауладан енді кіре бергенде өзінің тыржалаңаш екенін біліп, кілт тоқтады. Маңайдан үстіне жабар лыпа іздеді. Бәрібір үстіне не жамылса да жалаңаш денесі көрініп тұр. Аяғын апыл-тапыл енді басқан кенже ұлы қақпаға қарай келе жатқанын көріп, көрші үйдің дуалына барып жасырынды. Иә, көршісі… Тура өз қолымен атып өлтірген көршісі өз үйінде аппақ кебінімен балаларының ортасында отыр. Міне, тамаша, балалары: «Мен орнымнан қол-аяғымды қимылдатпай көтеріле аламын. Мен сенен биік көтеріле аламын, көрдің бе? Шеше қарашы, сенің жаулығың өзі шешіліп, қайта оралып жатыр» дейді. Тура осы құбылысты көріп отырып өзінің отқа айналып өртеніп бара жатқанын сезді. Сол оттың ішінен өткен өмірі көрінді.


Неге екенін өздері де білмейді, көршінің баласы екеуі бірігіп алып адам атаулының тіпті ойлауға жүректері шыдамайтын жамандақтарды істеді. Бұл екеуін көргенде ауылдың адамдары қырық қадам аулақ кететін. Тіпті ауылға сыймады. Іштен шыққан шұбар жылан баласын қимай, ақыры екеуінің де әке-шешесі екі жаққа көшті де кетті. Бәрібір барған жерлеріне де сия алмады. Бұл екеуі жүрген жерінде адамдары қан қақсатып, зар жылатып жүретін болды. Жылай-жылай, қақсай-қақсай екеуінің де әке-шешелері күйікпен өлді. Бұларға енді баяғы ауылдан басқа барар жер қалмады. Ауылға келіп, кәдімгі адамша күн кешіргендей болды. Екеуі де үйлі-баранды, балалы-шағалы болды. Сосын, сосын бір кеште екеуі ауылдың аяқ жағындағы құдықтан аттарын суарғалы келіп, екеуі оңаша бір сәт қалғанда, баяғы сол қара жын бұларды қайта тапты. Сол кештен бастап бүткіл ауыл күн батты болды, қайта зар жылады. Қара жын бұларды буғаны сонша, енді өз қатын-балаларына жауыздық жасай бастады. Тағы сол есірік құйынмен ойқастап жүрген екеуі иен далада жолықты. Қара жыннан сәл босаған екеуі, енді ақылға келді. Осыдан құтылмақ… Жалғыз жол жандарын қию. Бірге аттанбақ. «Әй, қайдам, бізге жұмақтан орын жоқ-ау». Өздері де білетін. «Иә»,- деді екеуі,- «Барар жеріміз тозақ. Одан да бір-бірімізді өлтірейік, біреуміз шейіт болып жұмаққа барамыз…» Байлам осы. Екеуі де мылтықтарының таңдайына оқ басты да, ауылдың аяқ жағындағы алаңқайда кезікті.


Арада көп сөз болмады. «Мен тозаққа қалайын, сен жұмаққа бар». Осыны бір-біріне неше қайталап айтысты. Шын көңілдерімен.


Бір, екі, үш… екеуі екі бағытқа бір бірлеріне ту сырттарын беріп санап бара жатыр. Жетіге дейін санай алды ол. «Өмірден не бақыт көрдің… ессіздікпен қара жынға еріп, елді қан қақсатқаннан басқа не тындыр-дым… Өз қолыммен жасаған күнәларым үшін, енді өз аяғыммен тозаққа барам ба?.. Жоқ. Біз екеуіміз мейлі қалай өлсек те тозақтан өзге орын жоқ. Қайта бізді өлтіргендер жұмаққа барар. Өйткені «жамандақты тоқтату-сауап» деген бар. Ал сауап істесең орның жұмақ»… Осыны ойлады да, мылтығының таңдайындағы оқты алып тастады. Досының даусын естіп барады. Он-төрт, он бес! Екеуі де бір-біріне мылтықтарын кезесіп тұр. «Кешір досым, сен жұмаққа баруға тиіссің»,- деп, досы шүріппені басты. Қанға боялып жатқан оған қарай жан ұшыра жүгіріп келе жатқан досы, оған жетпей жол ортадан жерде жатқан оқты көрді. Оқты көрді де өзін-өзі қақ маңдайдан бір-ақ басты.


Елдің аты ел ғой. Өздерін қаншалықты қақсатса да, екеуін өз қолдарымен арулап көмді.


– Балам молданы шақырып келші, түсіме әкең кіріп жүр… – деген әйелдің даусын естіген ол орнынан атып тұрды да, баяғы өзі алып тастаған оққа кетті.




Қойшыбек МҮБАРАК

(Тақырыбы өзгертілген. Өз тақырыбы - Оқ) 




Көрілген: 3556    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық
    28 Ақпан, 10:10
    Киіктің киесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31