О дүниелік болған жолдасым ұлымды да шақырып алды...

О дүниелік болған жолдасым ұлымды да шақырып алды...

"Өмір – күрес" дейді, бірақ шынын айтсам мен күресіп шаршағандаймын, тек балапандарым үшін ғана өзімді нық ұстауға тырысамын...

Осыдан жиырма жыл бұрын мен бақытты едім. Кім ойлаған өмірдің осылай айналып түсерін. Семей жақтың қызымын. Анам, інім және екі әпкем бар. Медициналық колледжді бітіріп, Астанаға келіп бір ауруханаға жұмысқа тұрдым. Сол аурханада істейтін дәрігер жігіт маған ғашық болып, үйлендік. Болашақ өмірлік серігім - Екібастұз қаласынан, есімі - Бекжан. Анасы және екі ағасы бар. «Орыстанып» кеткен қазақтар.

Тойымыз өткен соң Бекжан стоматолог болғандықтан жеке орталығын ашты. Жұмысы алдыға жүріп біраз көтерілді. Көлік сатып алдық. Ағасы екеуі келісіп, бірігіп үлкен екі қабатты котедж салды. Сол үйде біз тұрып жаттық. Дүниеге қызымыз келді. Есімін Айзат деп қойдық.

Айзат мектеп бітірген жылы Бекжанның қолдауымен Германияға оқуға түсті. Ол кезде бірінің артыннан бірін екі ұлды дүниеге әкелдім. Бизнесі де өрлей берді. Мен жұмысқа шықпай үйде отырдым. Қызым Германияда оқып жатты. Екі ұлдың бірі төртке, бірі үшке келген уақыт болатын. Павлодарда бір досы қайтыс болып, Бекжан сол досының жерлеу рәсіміне кеткен. Қайтып келе жатқанда жол апатына түсіп, қайтыс болды. Өкіріп жылап не істерімді білмей Екібастұзға жиналып жатсам, енем басу айтудың орынына маған хабарласып:

– Қазір келгенде үйді басына көтеріп жыламай, дұрыс кел. Мында сыйлы адамдар отыр, – деді. Енемнің сөзіне іштей ренжісем де белімді бекем буып, есімді жиып Екібастұзға жеттік. Жерлеп, қырқына дейін Екібастұзда болдым.

Астанаға келіп жұмыс іздеп, екі баланы асыраудың қамына кірістім. Қызым Германиядан келіп кетті. Екі баланы бала-бақшаға беріп, жұмысқа тұрдым. Осылайша жылын беріп, күнімізді көріп тұрып жаттық. Бір күні Бекжанның туған ағасы келіп, қолындағы құжатты көрсетіп, үйден шығуымызды өтінді. Үй ағасының атында екен. Бұрын Бекжанның ісіне араласақан емеспін, неге ағасының атына жаздырды, не ойлары болды білмеймін. Соттасатын емес, ағайынның ортасына от салып қайтемін, жеке жалдамалы пәтерге шықтық.

Жұмыстан демалыс алып, екі баламмен төркініме бардым. Анамның қолында жалғыз ағам тұрады. Оның өз бала-шағасы бар. Жеңгем менің келгенімді жақтырмаған соң көп бола алмай Астанаға кетіп қалдым. Шеше байғұс қолынан не келсін, іштей жаны ауырып қала берді. Семейден жұмыс табылса, Астанадан көшіп кетемін де ойлаған едім. Ол ойымнан бірден қайттым. Семейде маған қол-ұшын беретін ешкім жоқ сияқты. Ағам әйелінен аса алатын емес. Анамның өзі амалсыздан сыйып отырған сыңайлы.

Күндер өте берді. Екі баланың үлкені мектепке барды. Екіншісі балабақшада. Ойлана келе күйеуімнен қалған стоматологиялық орталықтағы аз-кем дүние-мүлікті сатқан ақшаға бизнес ашпақ ниетпен бір кафені жалға алдым. Бір күн түнімен істеп, екі күн дем алатын кезекті ауысымға ауыстым. Кафенің айлық арендасы үш жүз мың теңге. Осылайша ақырындап бизнес жүре бастады. Ойым үш баланы асырау. Германиядағы қыздың оқуы тегін болғанымен, жүріп-тұратын ақшасы тағы бар.

Ештемені ойламай іске бел шешіп кірістім. Күннен күнге өмірге қатал қарай бастадым. Өйтпеске шара жоқ. Жеке өмір дегенді де, өзіме қарауды да мүлдем ұмыттым. Жеке жерде ешкімге көрсетпей жылап аламын. Күйеуіме деген сағыныш ол мүлдем бөлек. Мені әбден еркелетіп, жаман үйретіп енді тастап кеткенін қарамайсың ба? Тірі күнінде барлық шаруаны өзі дөңгелендіріп мені аялап отырған азаматым енді жоқ. Менің жаным да түрім де өте нәзік болатын. Аңқаулығым да жоқ емес. Енеме ешқашан қарсы шығып, бетінен алып көрген емеспін. Барлық шешімді де мәселені де күйеуім шешетін. Қайын жұртым мен тұрмақ туған бауырларының балаларын іздеген де емес. Аналары да мүлдем хабарласқан жоқ. Осыншама тас бауырлық та болады екен-ау.

Күндердің бір күні құрбы қызым кездесіп, "екінші рет өзіңе тірек болатын азамат ізде, тұрмысқа шық, әлі жассың", - деді. Менің жүрегімде тек бір адам, ол - Бекжаным. Өзімді басқа ер адаммен мүлдем елестеткен емеспін. Ойлана келе өз қара басымды ойламай, балаларым үшін үй-жаны бар ер адам болса шығу керек деген шешім шығардым. Сөйтіп, құрбым ажырасқан, үй-жайы бар үлкен азаматпен таныстырмақшы болды. Келістім. Уақыт тауып, кездесуге бардым. Түрім әдемі нәзік болғандықтан ол адам мені бірден ұнатып, жағдайымды сұрай бастады. Мен жасырмай бірден үш балам бар екенін айттым. Үш бала дегеннен қорқып қалса керек, естігенде өңі бұзылып кетті. Ол кісі сол кеткеннен хабарласпады.

Осылайша тұрмысқа шығу деген райымнан бірден қайттым. Кафенің жолы болмай жабуға тура келді. Сол жағалаудан бір таныс қызбен бірігіп жұмыс орныма жақын екі бөлмелі пәтер жалдадым. Бір күні түсіме Бекжан кірді. "Маған оны берші" деп, қолын созып жатыр екен. Оянып кеттім, түсіме мән берген жоқпын. Сол күні жұмысқа кеттім. Кіші ұлым үйде. Үлкен ұл сабақта. Үлкен ұл сабақтан келгенше қасында көрші қыз болатын. Сол күні көрші қызды жұмысқа шақыртып, ол кішкентай ұлымның сыртынан жауып кетіпті. Далада аулада футбол ойнап жүрген балалар дауысын естіп, қызығып кеткен болуы керек, терезе алдында тұрған сөмкелерді басып, терезеге шығыпты. Терезеде маскетті тор құрылып тұрған еді. Сол маскетті тор жыртылып, ұлым алтыншы қабаттан құлап кетіпті. Қайғылы хабарды естігенде жұмыстан алып-ұшып келдім. Алғашында сенбедім, ол болмаса екен деп Алладан тіледім. Өкінішке орай, кенже баламнан айырылып қалдым. Қайғыдан қан жұтып мен қала бердім.

Туған әпкемнің үйінде үлкен ұлымыз екеуіміз тұрып жатырмыз. Қызыма әлі ештеңе айтқан жоқпын. Не деп айтарымды да білмеймін. Енем келіп балаларға дұрыс қарамадың деп кінәлады. Енді маған не десе де бәрібір. Балапанымды ойлап жылай беремін. Менде қазір мүлдем күш жоқ. Жұмыстан еңбек демалысын алдым. Қолғанатқа енді жарады-ау дегенде бауыр еті баламнан айырылып, қанатымнан қайырылдым. Балапанымның қазасынан кейін күйініп, ешкіммен хабарласқым да, сөйлескім де келмей баз кештім. Қабырғам қатты қайысты. Түсімде көріп, «құлыным-ау» деп қолымды соза бергенде оянып кетемін. Содан таң атқанша кірпік іле алмаймын. «Күйеуім мен баламнан айырылып жер басып тірі жүргенім құрысын!» деп өмір сүргім келмей кететін кездер де болады, балаларым тұрғанда қалай өмір сүрмейсің! Кейде осының бәрі бір менің басынан өтіп жатыр дегенге өзім сенбеймін.

Сөйтіп о дүниеге аттанған жолдасым ұлын сағынды ма, әлде тағдырдың жазуы, талқанынының таусылуы ма, білмеймін, әйтеуір ол ұлын өзіне шақырып алды...

Автор: Ардақ Үсенова, Астана
 alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста