Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

Өлгендер қайтып келе ме? Ауылдағы Айдархан атаның оқиғасы

  • Өлгендер қайтып келе ме? Ауылдағы Айдархан атаның оқиғасы

    Өлгендер қайтып келе ме? Ауылдағы Айдархан атаның оқиғасы


<header style="box-sizing: border-box; color: rgb(51, 51, 51); font-family: Roboto, Arial, sans-serif; font-size: 14px; line-height: 20px;">

Түскі асты енді алдымызға ала бергеніміз сол еді, көрші үй жақтан шу шықты.


</header>


 


«Тағы не болып қалды?» деп елеңдесіп қалдық. Өйткені, осыдан бір апта бұрын ғана сол үйде тұратын Айдархан ата қайтыс болған. Жетісін кеше өткізген-ді. Ауланың қақпасы сарт етіп ашылып сол үйдің үлкен қызы жүгіріп кірді.


— «Атам, атам қайтып келді!».


Түрінен көрініп тұр, есі шығып кеткен. Дауысы үрейлі. Дастархан басында отырған бәріміз жапырлап, көрші үйге жүгірдік. Үйдің артындағы қора алдында тұрған арбаның дәртесіне ойланып төмен қарап отырған Айдархан атаны көргенде бәріміздің есіміз шығып кетті.


Жасамысы бар, жасы бар, ешкімнің оған жақындауға дәті шыдамады.


Алыстан анталай қарап тұрмыз. Айдархан атаның үстінде дүниеден өтерде киіп жүрген көнетоздау киім-кешегі . Теріс қарап ойланып отырған ақсақал кенет басын көтеріп, орынан тұрды. Сосын арбаға сүйеулі тұрған ашаны ұстаған күйі, ашық тұрған қораға кіріп кетті. Бұл кезде айналадағы бүкіл көршілер жиналып қалған. Қораға кіруге ешкімнің жүрегі дауаламады.


Жұрт молданы шақыртты. Жиылған жұртқа молда: – «Жарықтық, Айдархан құрбым о дүниеден дұрыс орын таппай жүр-ау. Көз жұмарынан біраз бұрын мына жаман арбаны жөндей алмадым-ау. Балалар малға шөпті дұрыс жинай аларма екен, деп қатты қиналып еді. Бұл арба ежелден келе жатқан серігі ғой, осыны қимай қайтып келіп жұр-ау шамасы. Иншалла, түк емес, бірер рет келер, сосын қояр», – деп басу айтты.





Құран оқылды. Жиылған жұрт бір-бір кесе шай ішіп, тарасқан.


Одан кейін де сол үйдің адамдары «атамызды таңертен арбаның жаныннан, қораның алдынан көрдік», деп біраз уақыт айтып жүрді де кейіннен қойып кетті.


Шамасы, Айдархан ата о дүниеден бұ дүниеге сапарлап келуді тоқтатса керек.


Дегенмен бәріміздің көкейімізде «өлген адам да жарық дүниені қимай келіп-кетіп жүреді екен-ау», деген түсінік қалып қойды.


Сонда бұл не тылсым?


Жомарт Бекмырза






Көрілген: 1742    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.03.2018, 12:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Мамыр, 17:01
    Күн мінажатханасы
    18 Мамыр, 11:16
    Өзге əлем
    9 Мамыр, 22:29
    Қыз рухы
    2 Мамыр, 10:41
    Елес қонақ...
    30 Сәуір, 09:18
    Шайтан шақырыпты
    28 Сәуір, 10:32
    Жын ұрған қыз...
    27 Сәуір, 11:14
    Түнгі оқиға
    26 Сәуір, 11:08
    Саябақтағы елес ару
    25 Сәуір, 10:51
    Мәңгілік өмір
    24 Сәуір, 11:08
    Кесене кезген елес
    23 Сәуір, 14:40
    Қарғыс атқан тағдыр
    20 Сәуір, 11:54
    Киіктің киесі
    9 Сәуір, 12:01
    Қыз рухы
    9 Сәуір, 11:32
    Балшы
    6 Сәуір, 11:39
    Уақыт
    4 Сәуір, 10:54
    От–Ару
    3 Сәуір, 10:54
    Жалғызаяқ жол
    31 Наурыз, 10:51
    Балбал-қаз
    28 Наурыз, 10:56
    Тораңғылы
    13 Наурыз, 11:41
    Алтын ұсынған жын...
    12 Наурыз, 11:42
    Дуалау деген рас екен
    11 Наурыз, 11:02
    Көлдегі елес ару
    7 Наурыз, 11:40
    Жолайрық
    28 Ақпан, 10:10
    Киіктің киесі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31