Өлім аңғары және аңшыны өлімнен құтқарған қасқырлар

Өлім аңғары және аңшыны өлімнен құтқарған қасқырлар

Адам баласы сонау орта ғасырлардан бастап жер жүзін, әлемді, адам болмысын тануға ұмтылып, зерттеп келе жатқанымен, дөңгеленген дүниенің ашылмаған сырлары қаншама?! Мен өзім естіген, оқыған қызықты жайларды жазып отырмын.

Сахалар мекені Якутияның Вилюй өзенінің маңында, «Өлім аңғары» деп аталатын алқапта биіктігі мен диаметрі 9 метр болатын төңкерілген қазанға ұқсас бірнеше үңгір бар екен. Мысқа ұқсас белгісіз металдан жасалған қазанның беткі бөлігі жер бетіне шығып тұр, ал қалған бөлігі жер астында. Бір ғажабы, қысы-жазы үңгірдің түкпірінен ыстық леп есіп, үңгір жып-жылы болып тұрады. Аңға шығып, жолай үңгірге түнеген адамдардың аз күнде шашы түсіп, өздері танымастай болып қартайып, тез арада дүние салатын көрінеді. Үңгірдің бітер жерін көрмек болған адамдар бойлап жүре бергенімен, 1 шақырымнан ары аса алмай, тыныстары тарылып, кейін қайтқан. Әрі ауадағы оттегі мөлшері де азайған. Кей ғалымдардың болжамына қарағанда, үңгірде ғылымға мүлде белгісіз радиация бар. Ол радиация қалай пайда болғаны әлі күнге дейін беймәлім. Биылғы жылдың жазында скафандрмен жарақталған (скафандрсыз түскен әр адам өз өмірін қатерге тігеді) арнайы экспедиция «Өлім аңғарындағы» қазандарды зерттеуге кірісті.

Өз елімізде де аңызға бергісіз әңгімелер мен тылсымға толы жайттар аз емес.

Қарт аңшы қыстыгүні кешкілік қақпан құрып, ертесіне олжасын көруге барса, қақпанға бөлтірік түсіпті. Түнімен қақпаннан босанып шығуға әрекеттеніп, әбден шаршаған аянышты түріне қарап, аңшы бөлтірікті аяп, босатып жібереді.

Қарт бірде тағы да аңға шығады. Қанжығасы майланып, үйіне бет алған сәтте ымырт үйіріліп, кеш те батады. Аяқ астынан үскірік боран соғып, арты дауылға ұласады. Мұндайда кәнігі аңшы астындағы атына сенеді ғой. Кенет астындағы аты әлденеге сүрініп, омақаса құлайды. Маңайда ық болар жер көрінбейді. Тек алыстан қасқырлардың ұлыған дыбысын естиді. «Бәрі бітті, мынадай боранда аман қалу мүмкін емес» деп ойлайды аңшы. Көзін ашса, үйінде жатыр екен. Жұбайынан: «Мен үйге қалай жеттім?» – деп сұрайды. «Сізді үйге екі қасқыр сүйреп әкеліп, есік алдына жеткізді де, өздері кетіп қалды» деп жауап қатады жұбайы. Сөйтсе, екі қасқырдың бірі – аңшы құтқарған бөлтірік екен.

Қасқырлар хақында Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» кітабында Мұхтар Шаханов айтқан мынадай жайт бар: «Бала күнде естіген әңгіме есімнен кетпейді. Бір шопанның қорасының маңына қаншық қасқыр бөлтірік өргізеді. Қой қайырған шопанның бұларға, қасқырдың оған зияны жоқ, бейбіт қатар өмір сүріп жатады. «Бөлтірігін алайық» деп ауыл жігіттері жұлқынғанмен, шопан оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөлтірігін алдырған қасқырдан ашулы аң жоқ, ертең-ақ қойын қырып кетуі мүмкін. Бөлтіріктердің атасы мен енесі де көршісінің отарына өзге тұқымдастарын жақындатпай, сырттай қорғаштап жүреді. Осы кезде мынандай оқиға болады.

Ін аузына шығып, күншуақта ойнайтын бөлтіріктер бір ақ қозыны абайсызда өлтіріп алады. Оны шопан да көреді. Ертеңіне «енді қайтер екен?» деп бақыласа, отарында мойнында жібі бар бөтен бір ақ қозы пайда болыпты.

Қызықты қараңыз, бөлтірігінің қылығына «ұялған» қасқырлар сол түні көрші ауылдың қотанына түсіп, әлгі ақ қозыны ұрлап алып келген екен».

Осы жайларға қарап, қасқырлардың тегін жануар емес екенін пайымдаймыз. Бабаларымыз бекерге «Иеміз де, киеміз де – бөрі» деп кие тұтып, туына бөріні бейнелеп, «Бөрілі менің байрағым» деп ұрандамаса керек. Тіпті, бір ұлттың атауының өзі бөріден шығуы (башқұрт халқы, түрікше «баш» – «бас», «құрт» – «бөрі» деген мағынада) бұл ұғымның қасиет-қадірін биіктетете түседі.

Жоғарыда жазылған жайлар бөрілер туралы теріс пікірді толығымен жоққа шығарады. Барлығы біздің Табиғат-Анаға, оның әрбір құрамдас бөлігі: өсімдігі, жәндігі мен жануарына деген көзқарасымызға байланысты. Табиғатты аялай білсек, ол да адамзат баласына құшағын жаяды.

Алакөл өңірінің Жайпақ ауылында жыланның тілін білген Құрманғали атты ақсақал өмір сүрген. Құрманғали ақсақал жыландарды «кісі» деп атап, олармен тілдесу үшін адам таза жүріп, рухани тұрғыдан адал болу керектігін айтқан. Төменде жыланның тілін білген азаматпен сырлас, жолдас болған облысымыздың құрметті азаматы Әлмен Аханұлының естелігінен үзінді келтіріп отырмын:

«Айт-айт деп қоймадың ғой. Ал тыңда қарағым!» деп Құрекең бетіме тура қарады.

«Бұл өзі маған ертеде қонған қасиет еді. Мен оларды адамдардай құрметтеп, сыйлаймын. Сондықтан да «кісі» деймін. Ол кісілер табиғатынан таза жаратылғандар, өз бетімен бөтен-бөгделерге тиіспейді. Жазықсыз басқаларды жазаламайды. Аузын ашып, алдымен ешкімге жүгірмейді. Біреу тиіссе ғана, онда да әдейілеп, жәбірлесе ғана жазасын береді. Мен саған бір әңгіме айтайын. Таза тыңдап, ұғып ал. Және бұл жайды беталды басқа біреулерге жая көрме. Ол кісілер, олай етсең, маған да, саған да өкпелейді, қарағым!

Соғыстың аз-ақ алдында мына өзіміздің Еспембетке сонау Көкшетаудан бір топ «кісілер» келді. Мен олардың келетінін алдын ала біліп, тосып алдым. Тоқжайлауға құдалық түсуге келе жатқандар болып шықты. Біраз сөйлесіп, «тіл айтыстырған» соң олар жүріп кетті. Қайтарында да жолықтық. Бірақ басшысының қабағы қатулы екен. Жол үстінде кездескен бір атты кісі ат үстінен сойыл көтеріпті. Содан құйрық жағына зақым келген. Сөйтіп, енді бұл жаққа қайта баспайтындай болып, қарайып кетті. Бірақ өзінің өшін алу үшін арнайы бір «кісіге» тапсырып кетіпті. «Адамдар азғын, сөйте тұра, өз істегендерін өздеріне істесең, қарым қайтарсаң, сені залым санайды. Өздерінің жер бетіндегі ең залым мақұлық екенін мойындағылары келмейді» деп қатты ренжіп кетті, қарағым» деп сөзін бір қайырып тоқтады.

Менің туған өлкемнің көркі болып, асқақ шыңдары аспанмен таласып, әсем табиғатымен жан сүйсінткен Жоңғар Алатауының да тылсым сырлары көп, дейді білетіндер. Еспембет сайының етегіндегі қалың орманның ортасында тақырға айналған, топырағы көрінген жұмбақ алаң бар. Бұл алаңның пайда болуын бір кездері, жаугершілік заманында тау етегінде болған шайқаспен, онда көп адамның қаза тауып, жерленбей қалуымен байланыстырады. Уақыт өте жайқалған алқап тақыр алаңға айналған. Алаңға табаны тиген адамдар жұмбақ жағдайда жоғалып кетеді екен. «Бөгде» әлемге, басқа кеңістікке өтеді деген болжамдар бар.

Табиғат әлемі қашан да құпияға толы. Әлі біз білмейтін қаншама сырлар бар десеңші?!

Автор: Айбол Арғынғазынов
alashainasy.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста