Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

"Өлім жолы"

  • © el.kz

    © el.kz

Кез-келген автокөлік жүруге қиналатын әлемдегі ең қауіпті жол - Боливиядағы Юнгас елдімекенінде тіркелген. Жергілікті тұрғындар бұл жерді – «Өлім жолы» деп атап кеткен.


Қорқыныш тудыратын бұл жол - 70 км бойына созылып жатқан Ла-Пас пен Коройко аймағын байланыстырады екен. Қауіпті делінуінің себебі, мұнда жыл сайын орта есеппен 25 көлік аударылып, 100-200 адам қаза табатын көрінеді. Соған қарағанда жол апаты әр екі апта сайын болады. Жолдың өзіндік биіктігі – 3,6 мың метрді құрайды екен. Өте ыңғайсыз және топырақ ылғалдануының себебібен – тайғақ. Таудың баурайында орналасқан аталмыш жолға тек бір ғана көлік сыяды. Сол себепті, екі жақтан келетін автөкөлік жүргізушілеріне біршама қиындық туғызады. Төмен қарай бағыттап келе жатқан жүргізуші мұндай жағдайда жоғары қарай жүріп келе жатқан жүргізушіні ішімен өткізіп, өзі сырт жағымен өтуі міндетті болып саналады. Жергілікті жол ережесінің тәртібі солай. Жолдың көлемі өте тар болғандықтан кейбір жерлерінде жүк көліктері сыймай түзге қарай құлап кететін жағдайлар жиі кездеседі. Апатты оқиғалардың негізгі пайызын дәл осындай үлкен көлемдегі жүк көлік және автобус иелері құрайды.


Өте қауіпті жолдарды былай қойғанда, бұл жердің ауа-райы да тосын сый жасай білетін көрінеді. Апатты жағдайлардың біршама бөлігі осы себептен де орын алып жатады. Температура көрсеткіші әдетте 6 – 11 градусты көрсетеді. Сондықтан жол тайғақ болып келеді. Асфальт көлемі тек бастапқы 20 км ғана төселген. Ал қалған бөлігінде ылғалды топырақ пен тасты жолдар. Көп жағдайларды жол бойын тұман басып, келе жатқан жүргізушілерге қиындық туғызатын жағдайлар да жиі кездеседі. Бұндай кезде аса сақтықпен ақырын ғана жүру қажет.


Өте қорқынышты атауды бұл аумақ 1999 жылы орын алған қайғылы оқиғадан кейін алған. Израильден келген 8 турист мінген жеңіл автөкөлік әлгі тар жолдан өте алмай төменге қарай ауып кеткен. Дегенмен, ең қорқынышты апатты оқиға 1983 жылы 24 шілдеде орын алған. Каоньон жүзден аса жолаушысы бар автобусты жұтып қойған деседі. Бұл жағдай – Болвиядағы ең ірі әрі қайғылы жол апаты ретінде есептеледі.


«Өлім жолы» туристер арасында танымал болғаны соншалық, адамдар адреналинді сезіну үшін қуана-қуана көліктерімен және велосипедтерімен төмен қарай тұсуді жөн санайды екен. Бірақ, өкінішке орай көпшілігінің жеңіл оймен келген жоспарлары қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады. Ал жергілікті тұрғындар Құдайдан дұға етіп күндегі жолымен жол жүре беруді әдетке айналдырыпты.


Десекте, 70 км-ге созылып жатқан осынау қорқынышты жолды да қауіптілігі жағынан ысырып тастай алатын жер бар көрінеді. Ол - Бангладештегі «Өлім жолы». Егер де расында Боливия жолынан асып түсетін жолдың бары дәлелденсе, ондай жерді «жол» деп емес, қысқаша ғана «өлім» деп атау жөн болар.




el.kz 




Көрілген: 1184    Пікірлер: 0

сенбі, 20.10.2018, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 12:04
    Үш жасар көріпкел
    14 Қараша, 11:21
    Есік қаққан елес
    4 Қараша, 21:33
    Елес қыз
    4 Қараша, 19:25
    Өмір деген түс
    20 Қазан, 11:04
    "Өлім жолы"
    21 Қыркүйек, 10:40
    Мәңгілік мендік боласың
    19 Қыркүйек, 11:00
    Қанмен серттесу
    16 Қыркүйек, 11:39
    Балшы
    13 Қыркүйек, 10:19
    Өлген адамның жаны...
    11 Қыркүйек, 11:07
    Шындыққа айналған әзіл
    10 Қыркүйек, 11:09
    Аруақ мекендеген үй
    7 Қыркүйек, 11:06
    Кездесуге келген аруақ
    6 Қыркүйек, 12:20
    Түнде терезе қаққан кім?
    3 Қыркүйек, 12:04
    Жол бойындағы жалғыз үй
    29 Тамыз, 11:09
    Қылтұзақ
    28 Тамыз, 11:12
    Жат құшақ
    22 Тамыз, 11:33
    Сырмақ шерткен сыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30